Алаяқтардан барынша сақ болу маңызды — Төрттаған
Четверг, 14 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтардан барынша сақ болу маңызды

03.06.2024
Қоғам
0
Қаржы пирамидаларының қысқаша тарихы 

Қаржы пирамидасының нақты бизнес-жобадан түбегейлі айырмашылығы-табыс көзі. Егер табыс төлемдерінің сомасы осы бизнес қамтамасыз ететін қосылған құн мөлшерінен тұрақты түрде асып кетсе, онда жоба пирамида болып табылады деп сенімді түрде айтуға болады.

Қазақстан Республикасының ҚК-де қаржы пирамидасын немесе оның құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру және басқару үшін жауапкершілік осы Кодекстің 217-бабына бекітілген, онда мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды барынша жазалау көзделеді.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Көптеген адамдар қаржылық пирамидаға ақша салған адам пара беру және алу сияқты ұқсастықты салыстыра отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың серіктесі болады деп ойлайды. Өз қаражатыңызды Қаржы пирамидасына сала отырып, Сізге, керісінше, заңсыз әрекеттерден залал келтіріледі және құқық қорғау органына біздің облыс аумағындағы пирамиданың қызметі туралы хабарлаған жағдайда, сіздің айғақтарыңыз қылмыстық қудалау органына қылмысты тергеуге және ашуға көмектесе алады.

Әлеуметтік желіде бейтаныс адамдар, кейде таныс-туыстарымыздан алданып, ақшасынан айырылып қалғаны туралы жиі еститін болдық. Қаржы алаяқтары бұрын да бар болатын. Алайда соңғы 3 жылда жиіледі. Әрі көпшілігі онлайн және телефонның көмегімен арқылы жасалады. Қазақстанда қаржы алаяқтары қоңырау шалып, үрейін ұшырмаған адам қалмаған сияқты. Статистика өсіп барады. Бұл туралы 7kun.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

Бейресми деректерге сүйенсек,  алаяқтардың көпшілігі шетелдіктер. Оның ішінде Ресей мен украиналықтар көп дейді, мамандар. Бұл елдерде алаяқтар тіпті арнайы компаниялар құрып тастаған. Ол жерде деректерді іздеумен айналысатын кәсіби IT маманы, арнайы Call-орталықтар жұмыс істейтін көрінеді. Оларға ІТ сауаты төмен, жеке деректері интернет бетінде ашық-шашық тарап жататын посткеңестік елдердің азаматтары туралы деректерді тауып, оларды алдап түсіру қиын емес. Олардың көпшілігі телефон арқылы алдау мен интернет сайттар арқылы тонауға машықтанған. Көпшілігі қазақша білмейтіні, «тэнге» деген сияқты славян ұлттарына тән акцентпен бұрмалап сөйлейтіні соның айғағы. Алайда қаржы алақтарының қатрында отандастарымыз да бар. Мәселен жақында полиция Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында алаяқтық әрекет жасаумен айналысқан, 8 адамдық қылмыстық топты қолға түсірді. Олардан 17 ұялы телефон, бөгде адамдарға тіркелген 15 абоненттік нөмір, 60 адамның аты-жөні мен, ИИН нөмірі мен алаяқтық әрекеттен түскен табыстары  тіркелген қойындәптер табылған. Мұндай оқиғаларды қазір күнде естуге болады. Өкінішке қарай мұндай қылмыстардың ашылуы ұзақ, кеткен қаражаттың қайтуы қиын. Сондықтан, адамдарға қаржылық, ақпараттық сауатты арттырып, алаяқтардан барынша сақ болу маңызды.

Нені білу керек?

  1. ҚР Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, банктер, қаржы сарапшылары, ІІМ ресми ресурстарын, әлеуметтік желідегі парақшаларындағы ақпараттарды мұқият оқып жүріңіз. Қазір алаяқтар қаржы ұйымдарының сайттарының баламасын жасап, жеке деректерді ұрлайды. Сондықтан ең алдымен сайттардың, әлеуметтік желідегі парақшалардың түпнұсқа екендігіне көз жеткізіп алыңыз. Алаяқтар әдетте ресми сайттың атауына шетелдік com, org, ресми атауға бір әріп қосылған домендік атауларды пайдаланады. Әлеуметтік желіде қаржы ұйымдарының көпшілігінде ресми көк белгі бар. Соған назар аударыңыз және міндетті түрде Call-орталықтарына хабарласып, ресми аккаунт екеніне көз жеткізіңіз. Қазір ҚР Ұлттық банк бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, банктердің барлығы қаржылық сауаттылыққа мән береді. Осы бағыттағы ақпараттарды жиі таратады. Мысалы: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz жобасында күн сайын алақятардан қалай қорғануға болады, қаржылық сауатты қалай арттыру керектігі туралы тамаша мәліметтер жарияланады. Міндетті түрде оқыңыз.
  2. Сайттарда, әлеуметтік желіде немесе почтаңызға келген жеңіл, жылдам табыс табуға шақырған сілтемелерге өтпеңіз. Жеке деректеріңізді мессенджер арқылы жібермеңіз.
  3. Жеке шотыңыздың, картаңыздағы деректерді, түрлі төлем түбіртектерін, ұялы телефоныңызға келген смс-кодтарды ешкімге бермеңіз.
  4. Қосымшаларды App store, Play market -тен ғана жүктеп алуға тырысыңыз. Алайда алаяқтар кейде бұларды да пайдалануы мүмкін. Жақында ІІМ TeamViewer, AnyDesk бағдарламаларын орнатуды сұраса, бас тартыңыз деген хабарлама таратты. Бұл арқылы алаяқтар сіздің телефон, компьютьеріңізді қашықтықтан басқарып, қаражатыңызды жымқыруы мүмкін. Киберқылмыскерге сіздің телефоныңыздағы барлық деректерді көшіріп алу үшін санаулы секундтар жеткілікті.
  5. Банктерден, полициядан, прокуратурадан, салық органдарынан үрейлі дауыспен қоңырау шалып, қылмыстық іс қозғалғаны туралы айтып бастап, артынан жеке деректеріңізді сұрай бастаса сенбеңіз, телефонды тастап, нөмірді блоктау жүйкеңізді де, ақшаңызды да сақтайды. Соңғы кезде алаяқтар мұны жиі қолданып жүр.  Банкке де, құқық қорғау органдарына да жеке деректеріңізді телефон арқылы мақұлдау керек емес.
  6. Түрлі хабарландыру сайттарында зат сататын болсаңыз, алдын-ала төлем жіберемін дегендерге сенбеңіз. Жақында Сәуле Е.есімді алматылық Olx арқылы ноутбугын сатпақшы болған. Басқа қаладан сатып алушы хабарласып, курьер жіберетінін, төлемді Қазпошта арқылы жасайтынын айтып, сілтеме жіберген. Сілтеме бойынша барлық деректерді толтырғаннан кейін, сайт картаның өтпейтінін айтып, басқасын енгізуді сұрайды. Сонымен бірге оның телефонына ақша алынғаны туралы хабарлама келе бастайды. «Бәрі шынайы сияқты. Адам да нағыз сатып алушы, сілтеме де. Соңында өзім төлем жасап, CVC кодты енгізген болып шықтым. Менен бар болғаны 6900 теңге алып үлгерді», дейді Сәуле. Мұндай жағдай өте жиі кездеседі. Сондықтан абай болыңыз.
  7. Былтыр алаяқтар банк менеджері болып қоңырау шалатын. Биыл азайған сияқты. Алайда, әлі де кездеседі. Есте сақтаңыз! Банк қызметкерлері сіздің жеке деректеріңізді сұрап, ешқашан қоңырау шалмайды. Барлық мәлімет олардың базасында тұр. Қосымша сұраудың керегі не? Алаяқтар әдетте қоңырау шалған соң, сіздің атыңызға ниесе рәсімделе жаздағанын, сондықтан, кейбір деректерді жаңарты керегін айтып, смс-пен келген кодты айтуды сұрайды. Алайда сіз банктік қосымшаңыздағы құпиясөзді ұмытып қалғанда не істейсіз? Әрине, қосымшадағы құпиясөзді ұмыттым дегенді басасыз. Банк сізге смс код жібереді. Сол арқылы құпиясөзді қалпына келтіріп, қосымшаға кіре аласыз. Алаяқ бар болғаны осы тәсілді пайдаланып тұр. Яғни, сіздің нөміріңізді енгізіп, құпиясөзді ұмыттым дейді және сізге қоңырау шалып, өзіңізден смспен келген кодты сұрап алады. Ал банк сізге әрқашан смспен келмеген кодты ешкміге бермеңіз деп ескертеді.
  8. Жылдам берілетін, пайызы аз, құжатсыз берілетін несиелерге сенбеңіз. Сіз кректі ақпаратты жіберген соң, алаяқтар жалған кредиттерді рәсімдейді, онлайн немесе мобильдік банкингтегі жеке кабинетіңізді бұзып кіреді. Нәтижесінде өзіңіз көрмеген несие пайда болуы мүмкін.
  9. Балаларыңызға қаржы алаяқтары туралы айтып, ескертіңіз. Қазір 3 жастан бастап, 18 жасқа дейінгі баланың бәрінде телефон бар. Соңғы деректер бойынша 13-15 жас аралығындағы балалар көбінесе қаржы алаяқтарының құрбаны болады екен. Оларға шетелде мұрагерсіз қалған байлардың ақшасы туралы аңыздар мен қатты қиындыққа тап болған ақшалай адамдарға көмектесу, табыс әкелетін қосымшаларды орнату туралы ұсыныстар жиі жасалады. Және көпшілігі оңай алданады екен. Күмәнді сілтемелерге өтпеуін, достарынан келіп түскен ақпаратты жай ғана оларға қоңырау соғу арқылы қайта тексеруді, бейтаныс, лицензиясы жоқ қосымшаларды орнатпауды ескеретіңіз.
  10. Оңай табыс жоқ. Бәрі еңбекпен келеді. Жоғары табысқа кепілдік беретін «бірегей», «аса тиімді», «жоғары табысты бизнес», инновациялық жобаларға елікпеңіз. Бұлардың көпшілігі қаржы пирамидалары. Әдетте жарнамалары жер жарады. Тіпті танымал әншілер, блогерлер жарнамалап жүреді. Аз ақша салсаңыз, ай сайын сол көлемдегі ақшаны алып отыратыныңызды, тағы бір адам әкелсеңіз, табысыңыз еселенетінін, кірісі депозиттен көп екенін көрсетіп, бірақ арнайы лицензиясы, құжаттарын көрсетпеуге тырысса, ақшаны қолма-қол алса, бірден басыңызды ала қашыңыз.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қаржы пирамидасының арбауына түспес үшін қаржылық сауаттылықты арттыру маңызды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мәжілісте Түркістан қаласының абаттандыру жұмыстары қаралды

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.