Ғаламтор кеңістігі шындық рретінде қабылдауға болатын жалған ақпараттарға толды — Төрттаған
Четверг, 15 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ғаламтор кеңістігі шындық рретінде қабылдауға болатын жалған ақпараттарға толды

13.06.2024
Қоғам
0
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ҚОҒАМДЫ АДАСТЫРАДЫ

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Интернет пен заманауи сандық технологиялар ақпаратқа жылдам қол жеткізуге зор мүмкіндік жасады. Әлемнің бір түкпірінде болған жаңалық екінші жерге бірер минуттың ішінде көз ілеспес жылдамдықпен жетіп үлгереді. Мұның пайдалы тұсы көп болғанымен, зияны да жоқ емес. Мәселен, интернет кеңістігі шындық ретінде оңай қабылдауға болатын жалған ақпараттарға толды.

Төтенше жағдайлар кезінде, мейлі ол пандемия, апат немесе әскери қақтығыс болсын, жалған ақпараттың қатар жүретіні мәлім. Мұндай жағдайда жалған ақпараттың өзі негізгі рөлді қолына алып, қоғам арасында дүрбелең туғызуға дайын отырады. Әлеуметтік желілер арқылы тараған жалған ақпарат  бұқаралық ақпарат құралдарын да басып алуға қауқарлы. Кейбір жалған мәліметтердің шындығы ерте ашылып немесе уақыт өте келе өзектілігін жоғалтады. Ал енді кейбірі арада қанша жыл өтсе де жаңа сипатқа ие болып, одан сайын дамып таралуын тоқтатпайды. Тіптен, жаңа мәліметтермен де толығып отырады, бұл туралы nege.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі жазады.

Адамның миы әрқашан ойдан шығарылған болсын, шынайы болсын қауіп-қатерді іздеп тұрады. Адамдар қандай да бір апатқа, алдын ала төніп келе жатқан қауіпке, жұқпалы аурулар мен індеттерге қатысты ақпараттарға жылдам назар аударып, мән-жайын анықтамастан қармаққа ілінеді. Оның арты, әлбетте, дүрбелең тудыратыны анық. Ресми мәлімет шықпастан, жалған ақпаратқа сене кетеді. Сенгенімен қоймай, жақындары үшін уайымдап оны ары қарай тарата түседі.

Мәселен, «Балаларды құтқарыңыз!», «Жануарларды құтқарыңыз» және осыған ұқсас тағы да басқа ақпараттарды алып қарайық. Мұның артында шындық емес, өзгелердің мүддесі үшін жасалған жымысқы әрекет бар екендігі анық байқалады. Десе де, осы жерде адамдардың жанашырлығы мен эмоциясын пайдаланып кету оңай. Осындай жалған мәліметті әлеуметтік желіден көзі шалған оқырманның жанашырлығы оянып, «Репост» түймесін басу арқылы өз парақшасында бөлісе салады немесе түрлі чаттарға сілтемесін жібереді. Сол арқылы ол игі іс жасадым деп ойлауы бек мүмкін. Тіптен, оның ештеңесі деп кетіп жатқан жоқ. Тек өзгелермен бөлісу арқылы жалған ақпараттың жылдам таралуына жол ашып берді. Өйткені оның бөліскенін көрген өзге адамдар да ештеңе аямастан бөлісе жөнеледі. Осылайша, жалған ақпаратты бөлісу тізбектеліп, аудиториясы кеңейе түседі. Сіздің жай ғана шындыққа көз жеткізбей, ақиқатын тексермей жатып таратқан ақпаратыңыздың арқасында мүдделі топтардың жымысқы әрекеті оп-оңай іске аса кетеді. Олардың іздегені де сол емес пе?

Жалпы, кез келген жалған ақпарат адамның эмоциясына бағытталған. Адам эмоциясына күштірек ерік берген сайын, ол ақпаратқа бақылау мен сын аз болады. Көп таралған сайын оның жалған екендігі білінбей де кетеді. Ол манипуляцияның жақсы құралына айналады. Ақпарат арқылы да адамның санасын жаулап алуға болады. Бұл жерде адамдардың сенгіштігі себеп емес, ол сіздің эмоцияңызды басқара алуы себеп.

Адамдар кейбір ақпараттың шындыққа жанаспайтынын түсінсе де, оны таратуға тырысады. Біздің миымыз солай жұмыс істеуге үйренген.

Жалған ақпарат әлемде болып жатқан дүрбелең кезінде жақсы жұмыс істей бастайды. Оның нақты дәлелі ретінде алысқа барудың немесе тарихтың сан мың жылдаған беттерін ақтарудың қажеті жоқ. Бірер жыл бұрын ғана болған коронавирус пандемиясын алып қарайық. Халық интернетте «коронавирустан қалай қорғануға болады» деген ақпартты жаппай іздеп кетті. Осы ретте оның сан мыңдаған өтірігі мен шыны аралас мәліметтері табылып жатты. Оны да әркім өз пайдасы үшін жазып, шындығын тексерместен қолдан-қолға таратып жатты. Әртүрлі дәрілерге жарнама жасалды. Халық «таңғажайып дәріні» іздеуге кірісті. Ал вакцина шыққан кезде, оның зияны туралы да түрлі алып-қашпа ақпарат желдей есіп, тарала бастады. Ресми ақпараттан басқа әркім өз ойын тықпалауға тырысты. Сол тұста тараған жалған ақпаратта есеп болған жоқ.

Интернетте тараған неше түрлі халық еміне сенген адамдар ауруханаға кеш барып, ауруларын асқындырып алып жетты. Олардың кейбірі кеш барса да емделіп шықты, бірақ қайтыс болғандар да жетерлік. Тіпті, бірқатар адам індеттің бар екенін мүлдем жоққа шығарды.

Пандемияның басталуымен адамдардың арасында жаңа аурудан қорқуын пайдаланатын көптеген қылмыстық схемалар пайда болды. Кейбіреулер вакцинация туралы медициналық анықтамаларды, рұқсаттамаларды, QR кодтарын сатса, басқалары жаппай жалған сайттарды жасай бастады.

Әзіл ретінде тараған жалған ақпарат авторлар үшін зиянсыз болып көрінсе де, олардың көпшілігі өте ауыр және қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Ал әдейі ұйыдастырылған зиянды ақпараттар туралы бұл жерде не айта аламыз?

Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен бәсекелестік бар екені даусыз. Оны жеңу үшін көрермендердің назарын аудару керек. Мұны істеу үшін үнемі жаңа және сенсациялық еш жерде жарияланбаған ақпаратты іздеуге тура келеді. Бірақ мойындау керек, жаға ұстатарлық, аудиторияның назарын аудартатын жаңалық күнде бола бермейді. Сондықтан, оларды ойлап табуға тура келуі мүмкін. Бұл кезде журналистің қиялы рөл ойнайтын жағдайлар да кездесіп жатады.

Журналистер де адам. Кейде бір қате немесе тыныс белгісінің болмауы бүкіл мақаланың немесе жаңалықтардың мағынасын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Көбінесе сандардан қателесу жағдайы болуы мүмкін. Мысалы, журналист асығыс 2000 емес, 20000 деп жазады. Мұның барлығы ертең жалған ақпараттың таралуына себепші болады.

Кез келген жаңалықты жеткізу оңай іс емес екендігі анық. Бүгін шындық болуы мүмкін нәрсе ертең өтірік ретінде қабылдануы мүмкін. Мысалы, мыңдаған жылдар бойы жерді пілдер, киттер және үлкен тасбақалар тіреп тұрды деп есептеп келген. Ол кезде бұл факт болды, шындық ретінде қабылданды. Ал мұның өтірік екенін бүгінде мектеп оқушысы да жақсы біледі.

Адамның қажеттілігін, қорқынышын пайдаланып жалған ақпаратпен ақша жасайтын мүдделі топтар бар. Интернет пайдаланушыларының жалғанға тез сенгіштігінен тұтас медиа бизнес құруға болатын жағдай жасалып жатыр. Мұның барлығы жақсы емес. Десе де, ақша немесе билік үшін жұмыс істейтін мүдделі топтардың әрекетін тоқтату мүмкін болмай отыр.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Танымал қаржы пирамидалары

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Букллинг — суицидтік мінез-құлықтың дамуына алып келеді

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
9
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
427

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
210
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
152

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.