Қаржы пирамидасы ел арасында жылдам танымал болуда — Төрттаған
Среда, 4 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қаржы пирамидасы ел арасында жылдам танымал болуда

21.06.2024
Қоғам
0
Қаржы пирамидасының шығу тарихын білесіз бе?

Пирамида әлеуметтік желілерге көшті
Қаржылық пирамидалардың жұмысын жандандыратын орта – инфантилді, өзгенің ықпалына тез бейімделетін топтағы адамдар.
– Олар қарны тоқ қоғамда жұмыстарын жүргізе алмайтындарын жақсы біледі. Соңғы кездері аудиториясын «сұрыптап» алу үшін әлеуметтік желілердің көмегіне жүгіне бастады. Бұл үшін оларға өз атауымен тіркелудің қажеті де жоқ. Жазылушылары көп блогергерге тиын-тебен беріп қойса жеткілікті. Әлеуметтік желінің табиғаты қаржы пирамидалары, желілік маркетингке жақын. Бұл оның қазіргі жұмыс істеу форматының ерекшелігі, – дейді Алексей Андреев.
Олармен соттасып қаржыңды қайтара алмайсың. Бұл туралы informburo.kz— порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі жазады.
Сән әлемінің магнаты Карла Шапиро «Mэdoff Investment» қорына 500 млн АҚШ долларын салып, дауласып, соттасып жүріп оның 70 пайызын қайтарып алған. Біздікілер жайлы мәліметті Ұлттық Банктің де, Бас Прокуратураның сайтынан таппадық. Сотқа жүгінгендері тек ұйымды жаптырып тастайды. Болғаны – сол!
– Олармен соттасу барысы 5 жылдан 8 жылға дейін жүреді. Сол аралықта қаржың инфляцияға ұшырап, құнын жоғалтады. Сол себепті қаржы пирамидаларынан аулақ жүру керек, – дейді қазақстандық қаржыгер Ілияс Исаев.
Ол қаржылық пира­ми­даға бас тігушілер ертеңгі кү­ніне се­німмен қарай алмайтын үл­кен әлеуметтік топты қамти­тынын айтады. Ақшасын банк депозитіне салып кө­бей­тейін десе, ондағы сыйақы мөлшер­ле­месі жылдық инфляция көрсеткішін де жаппайды.

– Кез келген қаржылық пирами­да 5-6 жылдан артық жұмыс істемейді. Бұрынғы құрбандары 1,5-2 миллион адам болса, қазіргілері 30-40 мың адаммен шектеледі. Аз мерзімнің ішінде салымшыларының 10 пайызын да бонуспен қамтамасыз етіп үлгірмейді. Қосымша табысы жоқтығын, олардың бонусты жаңадан келіп жатқан адамдардан жинақталған ақшасы есебінен беру арқылы түзетінін ашық түсіндіру керек. Ал заңға норма енгізетін болсақ, онда басы ашылмаған тұстар көп, – дейді Ілияс Исаев.

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Қаржы пирамидаларының жұмысын Заңсыз тоқтату мүмкін емес
Ілияс Исаев бізбен әңгімесінде осылай дейді.
– Дұрысы, барлық қаржылық ұйымдар да, қаржы пирамидалары көзбояушылыққа жол бермес үшін өзіне қатысты барлық тәуекелдерді, жасырын пайыздарды ашып, «сыйақы мөлшерлемесінің таза көлемін нақты көрсетуі керек» деген бапты қосу керек. Өзбекстан, Ресей осындай баптарды заңдастырған. Бұл қадамға біз де баруымыз керек. Мұндай жағдайда қаржы пирамидалары заңды тіркелген елдерге сұрау салып, өтемақы талап етуге, қазақстандықтардың мүддесін халықаралық деңгейде қорғауға мүмкіндік туады, – дейді ол.
Ілияс Исаевтың айтуынша, 2015 жылы Қазақстанның Ұлттық банк пен Ресейдің Орталық банк қаржы пирамидаларына қарсы бірігіп күресу жайлы мәмілеге келген. Бұл шешімнен біздің елдің ұтары көп.
– Шетелдік қаржы пирамидалары бізге Ресей арқылы келеді. Күресті жүйелі жүргізсе, бір нәтиже болады. Ол үшін заңға енгізілген өзгерістерді Ресей заңымен үйлестіру керек, – дейді қаржыгер.
Бізде маркетинг желілері заңмен қорғал­ған
Бұл жөнінде ел Үкіметінің 2005 жылы «Желілік маркетинг, қоғамдық таратушылар, пошта арқылы және басқа да тәсілдермен сату жолымен сауда орындарынан тыс бөлшек сау­да ережесін бекіту туралы» Қаулысы шыққан. Онда «Таратушылардың кірісі дербес сатудан және олар желіге тартқан басқа агенттердің сатуынан түскен комиссиялық кірістен тұрады» делінген.
Психолог Мәдина Қадышева бізге қазір қаржы пирамидалары мен желілік маркетингтердің айырмашылығы қалмай бара жатқанын сөз етті. Олардың қатарында «Орифлейм», «Фаберлик», «Эмвей» секілді косметикадан бастап, тұрмыстық химияға дейінгі түрлі өнімдерді ұсынатын компаниялар тұр. «МЛМ» (Multіlevel marketіng – көпдеңгейлі маркетинг) деп аталатын бұл жүйеде тез баюдың жолын сізге сызып тұрып көрсете алады. Кей елдерде «МЛМ» компаниялардың қызметіне заңмен шектеу қойса, енді бірінде мүлде тыйым салынған.
Олар қалай алдайды?
Мәдина Қадышева әуелгі әрекет желілік маркетингке таныстарын шақырумен басталатынын айтты. Одан кейін басқа кісі келіп жоспар сызып толығырақ түсіндіреді. Ол түсіндірушілерді өз орталарында «follower» деп атайды.
– «Follow» артынан қалмай қадағалау деген мағынаны білдіреді. Ертесіне қармағына ілінген адамды интернеттен заттарды көрсетемін деп кездесуге шақырады. Сол кезде үшінші адам келіп, әңгіменің бағытын маркетингке бұрады. Фоллоу (follow) бір адамға жоқ дегенде 4 рет әртүрлі жетекшілермен өтірік кездейсоқ кездестіру арқылы қойылады. Осы фоллоуерлардың алдында адам өзіне керексіз қымбат затқа қалай тапсырыс беріп, компанияға қалай тіркеліп кеткенін білмей қалады. Бұл ұйымдардың да бас штабтары – шетелде. Негізінен студенттерді немесе жұмыссыз жүрген жастарды тартады. Желілік маркетингтерге алданғандарды жазалайтын немесе өтемақы өтетіп беретін заң жоқ. Ресей, Қытай олардың жұмысын реттеп отыруды заңдастырды. Қазір қаржы пирамидаларының тең жартысы желілік маркетинге көшті. Қазір оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес, – дейді Мәдина Қадышева.
Желілік жүйені жақтаушылар легінде көптеген бизнес-тренинг жобаларының авторы Роберт Кийосаки, әлемдегі ең ірі инвестор Уоррен Баффет, АҚШ Президенті Дональд Трамп та бар. 2018 жылы «Бәрін басынан бастау керек болса, мен желілік маркетингтен бастар едім», – деген АҚШ президентін қоғамы «қаржы пирамидасына» қолдау білдірді» деп айып тақты.
– Желілік маркетингтің айырмашылығы – тірі тауармен жұмыс істейді. Клиенттерді тартып, компания ере­жесіне сай жұмыс істесеңіз, ай сайын жалақы алуға мүмкіндік бар. Бірақ біздің тұрғындардың төлем қабілеті мен қаржылық сауаттылығы екінің бірінің миллионер болуына және басшыларының сол жағдайды қалыптастыруына мүмкіндік бермейді. Біздегі жүйе «бөліп ал да билей бер» деген қағидаға ұқсайды, – дейді Мәдина Қадышева.

Біздің елде алаяқтық жолмен жұмыс істеу де, табыс табу да жеңіл
Мысалы, Ресейде қаржы пирамидаларының тізімі бақылауда. Олар туралы мәліметті үкіметтің сайтынан табуға болады. Ақпарат жиі жаңартылып тұрады.

Бізде олар жайлы мәліметтер тым жұтаң. Құқық қорғау орындары қаржы пирамидалары басшылары мен ұйымдастырушыларын халықты сазға отырғызып, тайып тұрғанда ғана іздейді.

– Өйткені алданғандар соңына дейін «қолымызға бірдеңе тиер» деген үмітпен жүреді. Көңіліне күдік кірген салымшы уақытты созбай, бірден құқық қорғау ұйымдарына хабарласса, жағдай ушығып кетпес еді. Бізге адамдардың әлеуметтің қаржылық сауатын ғана емес, заңсыздыққа төзе алмау деген қасиетін қалыптастыру керек. Сонда сырттан келген топтар төбемізде ойнақтамайды, – дейді Ілияс Исаев.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қаржы пирамидаларды қалай анықтауға болады?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНБА

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
10
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
156

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.