Қаржы пирамидаларының арбауына түспеңіз! — Төрттаған
Понедельник, 7 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қаржы пирамидаларының арбауына түспеңіз!

06.06.2024
Қоғам
0
Қаржы пирамидаларының арбауына түспеңіз!

Уа­қыт өткен сайын қаржы пи­ра­мидаларының өзі де, схемалары да түр­лене береді. Ең алғашқы қаржы пи­рамидасы 1919 жылы АҚШ-та пайда бол­ды. Содан бері Понцидің жолын қу­ған­дар мыңдаған қаржы пирамида­сын құрған. Ал елімізде ең алғашқы қаржы пи­ра­мидасы 1994 жылы анықталды. Со­дан бері 30 жылға жуық уақыт өтіп, қар­жылық сауаттылық деңгейі өсті де­сек те, әлі күнге дейін табысқа кенеле­тініне сеніп, бар жиған-тергенін қаржы пирамидаларына салатындардың саны азаймай отыр. Негізінен, қазір қаржы пирами­да­сының негізгі 16 схемасы бел­гілі. Дегенмен жаңа заманғы тех­но­ло­гиялардың ықпалымен олардың жұ­мысы да өзгерген. Мәселен, былтыр азаматтарды алаяқ­­тық схемаларға тарта­тын, қаржы пирамидаларының қыз­ме­тін жарнамалайтын 13 мың интернет сіл­­теме мен аккаунт бұғатталыпты. Ес­­те­ріңізде болса, бұған дейін танымал бло­­герлер күдікті деп танылған бірнеше оқи­ға тіркелген еді. Сол істердің біразы әлі жалғасып жатыр. Былтыр пира­ми­даға қатысы бар блогерлер шетелге қа­­шып кеткен жайттар да тіркелді. Одан бөлек, қылмыстық әрекеті сотта дәлелденген қаржы пира­ми­даларына қайта қаражат тарту жағ­дайлары жиілеп кетіпті. Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі LV Force, World Business Con­­sulting, The Finico, Caspian Crocus, B2B Jewelry, «ПК Елімай-2019», «Мебель­ный проект Нур», «Лидер», «Лидер капи­тал-168», «Нарымбетова», Hermes-LTD сияқты қаржы пирами­дала­ры­ның жолы кесілген еді. Дегенмен олар қарапайым мес­сенджерлерден бастап білім беру курстары мен жылжымайтын мү­лік сатып алуға дейін әртүрлі қызмет түр­лерін ұсынып, азаматтардан ақша алу­­дың қылмыстық схемаларын қайта ұйым­дастырған. Оларға сеніп, қайтадан ақ­ша салатын азаматтар саны да аз бол­маған. Оған қоса, қаржы пирамидалары адам жинау кезінде түрлі пси­хо­логиялық, манипуляциялық әдісті қолданады. Ол адам сіздің ең жақын құр­быңыз, досыңыз, сыныптасыңыз, тіп­­ті туысыңыз болуы әбден мүмкін. Ал­данғандардың көбі жақын адамының кеңесін жат көрмегендіктен опық жей­ді. Қысқасы, қаржы пирамидаларын құрушылар азаматтардың қаржылық сауатының ақсаған тұстарын өз мүдде­леріне шебер қолдана біледі. Жәбірленушілердің шағымдарында да адамдардың басым бөлігі алаяқтар біз­­дің қаржылық тұрғыда көп нәрседен ха­­барсыздығымызды пайдаланатынын ай­тады екен. Алданғандар өрескел қа­те­ліктер жіберді, алдын ала оқып, та­ныс­­­пастан құжаттарға қол қояды, мүл­­­де жоқ сандық валютаны элект­рон­ды қызметтер арқылы сатып алды, шет­­елдік компанияларға, күмәнді шот­­тарға ақша аударды. Оңай олжа опа бермейді Жалпы, 2022 жылы қаржы пи­ра­мидаларын ұйымдастыру фак­тісі бойынша 85 қылмыстық іс аяқ­талған. 15 іс бойынша үкім шығарылып, 23 адам сотталыпты. Жәбірленушілерге 8,3 млрд теңгеге залал өтеліпті. Қаржы мониторингі агенттігі де қар­жы пирамидаларымен күресте соң­ғы технологиялар мен әдістерді қол­да­нып отырғанын мәлімдеген. Мәселен, қа­зір жалған шот-фактураларды жазу, бюд­жет қаражатын ұрлау және қаржы пи­рамидалары сияқты қылмыс түрлері жа­санды интеллект элементтерін қол­дану арқылы анықталады екен. Бұл – пирамидалармен құқықтық тұр­ғыдағы күрес және оның қау­қары алаяқтардың жолын алдын ала кесу­ге толық жетпейді. Сондықтан қо­ғам­дық күрестің маңызы зор. Ол үшін әр азамат өзінің қаржылық сауатын жетілдіріп, мәселеге суық ақылмен зер салуы керек. Жалпы, қаржы пирамидалары­ның ең басты және негізгі бел­гісі – көл-көсір пайдаға кенелтуге уә­де беру немесе сендіру. Егер кімде-кім на­рықтағы жағдайға қарағанда оңайы­рақ пайда табудың жолын айтса, оған ер­меген жөн. Екінші белгісі – компания нақты экономикалық немесе инвести­ция­лық тұрғыда жұмыс атқармайды. Яғни, қаржы пирамидалары әдетте тауар өндіру не сату, несие беру, құры­лыс немесе құрылыс компаниялары­ның затын сату арқылы жұмыс істейді. Үшінші белгі – мұндай жобалар­дың материалдық-құқықтық ба­за­сы жоқ, яғни мұндай компаниялар қар­жылық есептілігі жоқ, келісімшарт жа­саспайды, келісімшарт болса да, ұйым­дастырушылардың өз пайдасына жа­салған және еліміздің заңнамасына сәйкес келмейді. Пирамиданың төртінші белгісі – компанияның жан-жақты қыз­меті, ол тұтастай алғанда өздерінің бел­­гілі бір нәрсемен айналыспайтынын жа­сыруға бағытталады. Бесіншісі – әлеуметтік желілердегі, интернеттегі жарнамалар. «Жар­на­ма туралы» заңға сәйкес, БАҚ-та осын­дай жарнамалардың таралуына тыйым салынуына байланысты осы «биз­нестің» барлығы әлеуметтік желі­лер мен мес­сенджерлерде таралып жатыр. Алтыншы және өте маңызды белгі-сі – қаржылық реттеуші лицензиясының болмауы. Егер сыйақы мерзімі мен мөл­шерлемесі көрсетілсе, кез келген са­лым­ды депозит деп тануға болады. Ха­лық­тан қаражат қабылдау үшін Ұлттық банк­тің лицензиясы талап етіледі, ол екін­ші деңгейдегі банктерде бар. «ҚР Екін­ші деңгейдегі банктерінде орна­ластырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» заңға сәйкес, банк­тер ғана салынған қаражаттың қай­тарылуына кепілдік береді.

Байқа, пирамида!

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Одан бөлек, қазір компанияның қаржы пирамидасына жата­ты­нын не жатпайтынын қолыңыздағы смартфонның көмегімен бір-ақ сәтте анықтай аласыз. Қаржы мониторингі агенттігі әзір­леген Telegram мессенджеріндегі бот аза­маттарды қаржы пирамидаларына тар­татын алаяқтардан қорғануға кө­мек­теседі. Бот «Байқа, пирамида!» деп ата­лады. (боттың сілтемесі: t.me/BAIQApiramidaBOT). Одан бөлек, шағым да қалдыруға болады. 2022 жылдың қоры­тын­­дысы бойынша Telegram-ботқа аза­­­­маттардан 1 мыңнан астам өтінім түскен екен, олардың 900-ден астамы қа­ралған. Сонымен қатар бұл оларды ер­те анықтауға сеп болады. Пайдаланушыға компанияның немесе ұйымның сайтына, Instagram парақшасына, Vkontakte тобына не­месе Telegram арнасына сілтеме ен­гізу жеткілікті. Сонымен қатар сізге табыс ұсы­натын компанияны БСН арқылы тексеруге болады. Қаржы мониторингі агенттігінің ресми сайтынан да анықталған қаржы пирамидаларының тізімін таба аласыз. Telegram-дағы @fkazanswerbot бо­тын да айтып өту керек. Кү­мән­ді компанияның атауын, мекен- жайын, қаржылық, инвестициялық не­месе ақша табуды, қор нарығында ақ­ша табуды үйрету жолдарын немесе сан­сыз тауларға бірден кепілдік беретін кез келген компанияның сипаттамасын жі­бере аласыз. Канал авторлары ком­панияны тексеріп, кейінірек нәтижесін жариялайды. Ал белгілі бір компанияға шағым­дану үшін Қаржы мониторингі агент­тігімен байланысу керек.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жалған ақпараттар тарату тоқтар емес

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Алаяқтықтың алдын-алу шаралары»

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.