Алаяқтарға алданып қалмаңыздар! — Төрттаған
Вторник, 8 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алаяқтарға алданып қалмаңыздар!

12.06.2024
Жаңалықтар
0
«Дәніккеннен құныққан жаман»

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгін әлеуметтік желінің әмірі жүріп тұрған уақыт. Тіпті желіде қақпақ жоқ десе болады. «Қой дейтін қожа» болмаған соң әркім ойына келгенін жасап жүр. Түрлі айлалы іс-әрекеттер арқылы алаяқтар пайдаға, оңай олжаға кенелуде. Бүгінде сауаттылық туралы жиі айтамыз. Бірі – қаржылық сауаттылық болса, енді бірі – құқықтық сауаттылық. Дәл қазірде мұның екеуі де әрбірімізге қажет. Иә, интернет – шексіз мүмкіндік. Бірақ шексіз еркіндік емес. Осыны естен шығарып алмайық. Абай атамыздың «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» дегеніндей, өзіңнің ақылың мен еңбегіңе ғана сенген жөн болар.
Өткен жылдың желтоқсан айында 28 түркістандық кәсіпкерді қайтарымсыз грант алып беремін деп сан соқтырған 1995 жылы туған Д. есімді азамат ұсталды. Алаяқтың арбауына іліккендердің әрқайсысына 700 мың теңге мен 1,1 млн. теңге көлемінде шығын келген. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, 1990 жылы туған Д. есімді азаматшаның алаяқтық бойынша ісі де сот өндірісіне өткен. Жалпы былтыр Түркістан қалалық полиция басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 250-ге жуық қылмыстық іс тіркелген. Оның 48-і грант алуға жәрдемдесемін деген алаяқтыққа сеніп қалған жәбірленушілерден түскен арыз.
– «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау, тегін кеңес беру, бизнес-жоспарлар әзірлеу мен сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетеді. Ал, қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие құзыретті мекемелер арқылы беріледі. Жуырда алаяқтар Жетісай ауданында бірнеше кәсіпкердің электронды поштасына қайтарымсыз 5 млн. теңге алу мақұлдануына байланысты жеке деректерін жолдауды сұрап хат жолдаған. Бұл істі полиция қадағалауға алады, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова.
Түркістан ҚПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Нұртаза Алтанның айтуынша, соңғы уақытта интернет алаяқтыққа да алданған тұрғындар саны көбейген. Құқық қорғау саласының қызметкерлері мүгедектікке шығаруға, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуына, мемлекеттік грант алуға көмектесемін немесе қандайда бір банк менеджерімін деп қоңырау шалған күдікті азаматтарға сенбеу керегін ескертеді.

Алаяқтар заманауи IT-технологиялар мен психологиялық әдістерді қолдана отырып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Fingramota.kz бұл материалда 2023 жылы ең көп таралған алаяқтық схемалары туралы әңгімелейді.

Ақша жіберуді сұрау

Соңғы алты айда елде фишингтік шабуылдар жиілеп кетті. Алаяқтар WhatsApp мессенджерін пайдаланушының  шотына зиянды сілтеме арқылы қол жеткізеді және пайдаланушының барлық контактілеріне ақша жіберуді өтініп, мысалы, қаржылық жағдайының қиын екенін сылтауратып хабарлама жібереді. Алаяқтар қаражатты, әрине, шоттарға аударуды сұрайды. Сондай-ақ, күмәнді сілтемені алаяқтар конкурсқа немесе дауыс беруге қатысу ретінде жасыра алады.

Емтихан тапсырусыз жүргізуші куәлігіне ие болу

Ағымдағы жылы алаяқтар емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алу туралы ұсыныспен әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландыруларды белсенді түрде орналастыра бастады. Бұл ұсынысқа сенген азаматтар барлық талаптарды бірден орындай бастайды: құжат алу үшін ақшаны және жеке деректерін жіберді. Бірақ ақшаны алғаннан кейін алаяқтар телефондарын өшіреді және әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі хабарламаларға жауап бермейді. Жүргізуші куәлігін емтихан тапсырғаннан кейін ғана алуға болатындығын әрдайым есте ұстаған жөн.

Қайырымдылықты желеу ете отырып жасалатын алаяқтық

Соңғы уақытта қайырымдылық қызметі өте өзекті болды, өйткені атақты адамдар мен блогерлер қайырымдылықпен айналыса бастады. Олар ақша жинау науқандарын ашады, түрлі акцияларға қатысады, қажетті ақшаны жинау үшін тікелей эфирге шығады. Атақты адамдардың бастамалары да алаяқтардың назарынан тыс қалған жоқ. Олар балалардың интернеттен алынған фотосуреттерін пайдаланады, оларға жалған өмірбаяндар жасайды, қолданыстағы барларымен араласып кетпеу үшін жаңадан қор құрады. Кейбіреулері тіпті салмақты көріну үшін, қорықпастан жұмыс істеп жатқан қорларды көрсетіп қояды. Сондай-ақ, алаяқтар қордан баланың суреті мен тарихын көшіре алады, бірақ астына өз деректемелерін қояды. Егер адамдар алдымен оның тарихымен танысып, тексеріп алған күннің өзінде, оның деректемелерін назардан тыс қалдыруы мүмкін, нәтижесінде ақша алаяқтарға кетеді.

Алаяқтарға қарсы іс-қимыл бойынша практикалық кеңестер:

Әдетте қарапайым болып көрінетін және ең маңызды бірінші қағида – қандай уәде берсе де, жеке деректеріңіз бен ақшаңызды бөгде адамдарға бермеңіз.
Алаяқтық туралы жаңалықтар топтамасына салғырт қарамаңыз: неғұрлым көп нәрсе білсеңіз, алаяқтардың қармағына түсу тәуекелі соншалықты төмен болады.
Әдетте балаларға дауыс беру, ұтыстар ойнату, викториналар және т.с.с. атын жамылатын күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз. Ол жерге ешқашан жеке деректеріңізді енгізбеңіз.
Өзіңіздің WhatsApp-аккаунтыңызға байланыстырылған құрылғыны тексеруді әдетке айналдырыңыз. Егер таныс емес құрылғыны көрсеңіз оны бірден ажыратыңыз. Бұл үшін мына алгоритмді орындау қажет: WhatsApp-та жоғарғы оң бұрыштағы үш нүктені басыңыз және «Байланыстырылған құрылғыларды» басыңыз. Сізге тиесілі емес байланыстырылған құрылғыны көрісімен «Шығуды» басып, одан шығып кетіңіз.
Заңды айналып өтіп, бірдеңе жасап береміз деген уәделерге сенбеңіз. Мысалы, жүргізуші куәлігін мамандандырылған ХҚКО-да ғана және емтихандардан сәтті өткеннен кейін ғана  алуға болады.  Оларды жеке тұлғалар немесе компаниялар емес, уәкілетті орган ғана береді.
Қандай да бір құжатты ресімдеуді шеше отырып, оларды мемлекеттік органдардың ресми аккаунттарынан алу тетігін мұқият зерделеңіз – сол кезде алаяқтар сізді алдай алмайды.
Әлеуметтік желілерде баланы емдеуге ақша жинау туралы хабарламаны көрсеңіз, ілеспе құжаттарын мұқият зерделеңіз. Егер нақты қор көрсетілсе, оның сайтына кіріп, бала олардың базасында расымен де бар-жоғын тексеріңіз. Сондай-ақ балалардың суреттерін браузерлер арқылы тексеріңіз, алаяқтар суретті жай ғана ұрлап саулары да ықтимал.
Қайырымдылыққа жеке нөмір бойынша ақша аудармауға тырысыңыз – деректемелерін сұрап, оларды тексеріңіз. Балалардың ата-анасы немесе жануарларға арналған панажай иелері ақшаны неғұрлым жылдам жинау  үшін расымен өз нөмірлерін қоса берулері ықтимал, алайда мұндай жағдайда ақпаратты мұқият тексеріңіз.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Әлемді алаңдатып отырған суицид мәселесі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жеңіл байлық туралы жалған жарнамаларға сенбеңіз

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.