SMS-алаяқтық жөнінде ақпарат — Төрттаған
Вторник, 8 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

SMS-алаяқтық жөнінде ақпарат

15.06.2024
Қоғам
0
Алаяқтықтың ең көп таралған түрлері

SMS-алаяқтық жөнінде ақпарат. Бұл да соңғы уақытта көп болып жүрген алаяқтық қылмысқа жатады. Мәселен, сізге телефон немесе теледидар секілді бағалы заттар сататын белгілі компаниялардың немесе туристік фирмалардың атынан хабарлама келеді не телефон шалады да: «Сіз бағалы сыйлық ұттыңыз», «Шетелге жолдамаға ілігейін деп тұрсыз» деп қызықтырады. Жуырда болған бір оқиғаны айта кетейін. Бір азаматқа тұрмыстық техника сататын белгілі дүкеннің атынан «Құттықтаймыз! Сіз жүлделі болдыңыз! Толық ақпарат алу үшін мына нөмірге хабарласыңыз» деген SMS-хабарлама келеді. Қазекең мұндай батпан құйрықты құр жіберсін бе, ол не жүлде болды екен деп звондаса: «Сіз біздің тауарларымызды алған тұрақты клиентіміз болып келесіз. Біріншіден, сізге сол үшін алғыс айтамыз. Екіншіден, біз өз клиенттеріміз арасында жүлде ойнаттық. Соның ішінен сіз ұтып тұрсыз. Сізге плазмалық теледидар сыйламақшымыз. Енді оны сізге жеткізу үшін 5 мың теңге жол шығынын төлеу қажет», дейді. Ол QIWI-әмиянмен ақшаны аударып жібереді. Сәлден кейін тағы қоңырау шалып: «Кешіріңіз, біз қателесіппіз, 5 мың теңге тек рәсімдеу үшін ғана екен. Ал, жол шығыны – 10 мың теңге», дейді. Бұл болса: «Жарайды», деп оны да аударады. Сосын бұдан мекенжайын сұрап, 4-қабатта тұратынын білгенде: «Кешіріңіз, 4-қабатқа шығару үшін жұмыскерлерге әр қабатына мың теңгеден 4 мың теңге төленуі тиіс», дейді. Әлгі кісі: «Мен өзім-ақ барып алып кететін едім ғой», десе, «Жоқ, біз өзіміз апарып береміз», деп тағы 4 мың теңгені аудартып алыпты. Онымен тоқтамай тағы бір-екі мәрте хабарласып, ақша төлеудің жолдарын айта бастайды. Содан соң, күмәнданған әлгі кісі ашуланып оларға ұрса бастағаны сол екен, телефон тетігін дереу қойып, сол күйі ол нөмір сөндірулі болады. Міне, бір қарағанда қарапайым болса да, осындай алаяқтықтарға бүгінде елімізде көп адам алданып қалып жатыр. Негізі өмірде болып жатқан интернет-алаяқтық жағдайлары біздің статистикада тіркелген көрсеткіштен әлдеқайда көп. Бірақ, адамдар оған мән бере бермейді. Мәселен, сіздің компьютеріңізге немесе смартфоныңызға вирус кіреді де, браузеріңізді бұғаттап тастап, ол жерге өзінің браузерін жүктеп қояды. Сіз оған кіргенде бағдарламалардың бәрі толықтай істен шығады да, экранға: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі хабарлайды. Сіз осындай заңсыз сайтқа кіргеніңізге байланысты компьютеріңіз бұғатталды. Сол үшін айыппұл төлейсіз (10-15 мың теңге), сонда сізді бұғаттаудан шығарамыз», деп жазылады. Осыған көп адамдар, әсіресе, интернеттегі әр сайтқа қызығып кіре беретін жасөспірімдер тап болып қалады да, үйіндегілерге айтпау үшін көрсетілген шотқа ақша төлеп жатады. Естеріңізде болсын, мемлекеттік органдар компьютерді не смартфонды бұғаттамайды. Ішкі істер министрлігінің бұндай хабарламаларға қатысы жоқ. Оқырмандар хабардар болып жүруі үшін мына маңызды жағдайды да айта кетсем артық болмас. Жақында бір қыз әлеуметтік желіде бір жігітпен танысып, сөйлесіп отырып: «Менің «iPhone»-ымды бүгін әкем жұмысқа алып кетіпті. Ішінде жеке суреттерім бар еді, көріп қоятын болды, енді не істесем екен?» дейді жігітке. «Егер сізде де «iPhone» болса, менің «iCloud»-ма кіріп, суреттерімді өшіріп тастаңызшы», деп өтінеді. Өздеріңіз білесіздер, «iPhone», айпадтарда «iCloud» деген бағдарлама бар. Әр тұтынушының өзінің жеке логині мен паролі болады. Егер басқа телефоннан сол логин-парольмен кірсе, оның суреттерін, мәліметтерін көре алады. Жігіт келісіп, қыз жолдаған логин мен пароль арқылы «iCloud»-қа кіреді. Қыз «суреттерімді көрдің бе, ішінен «интимдік суреттерді» өшірші» дейді, жігіт «интимдік суреттерді» таба алмағанын айтады. Сонда қыз ол суреттерді көру үшін «iPhone»-ды табу» бағдарламасына қосылу қажет дейді. «Интимдік фотосуреттерімді» деген соң жігіттің қызығушылығы оянып, аталған жүйесіне қосылады. Сол кезде қыздың «iCloud»-на қосылған телефондар тізімі шығады да, қыз өзіне қосылып жатқан жігіттің «iPhone»-ын бірден бұғаттап тастайды. Сол сәтте жігіттің телефоны қайта жүктеуге кетіп қалады да, қайта қосылмайды. Сөйтіп, алаяқ қыз оған: «Мен сені құттықтаймын. Сенің «iPhone»-ың қазір бұғатталды. Оны мен ғана іске қоса аламын. Сізге жаңа парольді беру үшін шотыма ақша саласыз», дейді. Егер қыздан парольді алмаса, жігіттің телефоны мүлдем қосылмайды деген сөз. Сондықтан, әлеуметтік желілерде таныс емес адамдармен араласуда аса сақ болған жөн. Қазір әдемі қыздар мен жігіттердің суреттері қойылған фэйктік парақшалар өте көп. Ол жерде аяқтан шалатын алаяқтықтардың да сан түрі пайда болуда. Бұл бізден бөгде біреулермен сөйлесуде сауысқандай сақ болуды талап етеді.

 

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Интернет-алаяқтықтың түрлері күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ғаламтор беттерінде фейк ақпараттың таралуы толастар емес

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.