Суицид – қиын жағдайдан шығудың жалғыз жолы емес — Төрттаған
Воскресенье, 24 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Суицид – қиын жағдайдан шығудың жалғыз жолы емес

24.04.2024
Қоғам
0

READ ALSO

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

Суицид – қиын жағдайдан шығудың жалғыз жолы емес. Бұрын суицидтік әрекет жасаған, депрессиялық немесе аффективті тұрақсыздығы бар және психикалық патологиялардан зардап шегетін адамдарға ерекше назар аудару керек. Суицидтің алдын алу бойынша халықаралық қауымдастықтың өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап жүргізген зерттеулері көрсеткендей, суицид жасап өлгендердің 50%-ы бұған дейін де өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген екен. Бұл туралы nege.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

Суицидтің негізгі себептерінің қатарында генетикалық бейімділік, отбасындағы өмір сүру деңгейінің төмендігі, жақын туысынан айырылу, отбасылық қарым-қатынастардағы проблемалар, балалық шағында алған психологиялық және физикалық жарақаттар, маскүнемдік пен нашақорлық және т.б. жатады.

Суицидті болжауға бағытталған бірнеше жалпы ұсыныстар бар. Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алудың мақсаты – қауіптілік белгілерін тану, тұлғаны жеке тұлға ретінде қабылдау, қамқорлық қарым-қатынас таныту. Өз-өзіне қол жұмсауды ойлап жүрген адам өзіне назар аударғанды қалайды. Ол өзін өзгелердің айыптамағанын, ішкі ауыртпалығын түсінгенін, ақылын айтып, қолдау көрсеткенін күтеді.

Егер күйзеліске түсу жағдайы анықталса, онда жеке адамның бұрын ұқсас жағдайларды қалай шешкенін білу қажет, өйткені бұл қазіргі мәселені шешуде пайдалы болуы мүмкін. Өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген адамды жалғыз қалдыруға болмайды. Қиындығынан шыққанша немесе кәсіби көмек келгенше жанында қалу керек. Адамның өз-өзіне қол жұмсау қаупі жоғары болса, жеке психотерапия немесе психологиялық кеңес ұсынылады. Оның негізгі нәтижесінде адам өзінің жалғыз емес екенін сезінеді.

Суицидтік ойлардың алдын алу үшін мемлекеттің, қоғамның және әртүрлі сала мамандарының көмегі қажет. Дұрыс ақпарат, психологиялық көмектің болуы, профилактикалық бағдарламаларды жүзеге асыру – мұның бәрі осы проблемамен күрестің ажырамас бөлігі болып табылады. Әр адамға деген ілтипат пен қамқорлық, қолдау мен бағыт-бағдар беру ғана суицидтік тенденцияларды барынша азайтып, әр адамның өмірін сақтап қалады.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің туындау себептері көп қырлы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алдын алу шараларын жүзеге асыру жан-жақты көзқарасты талап етеді

Оқи отырыңызМақалалар

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4
Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі
Қоғам

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

20.08.2025
3
ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР
Қоғам

ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР

20.08.2025
4
ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.