Жыл басынан бері 3000-ға жуық сайтқа тыйым салынды — Төрттаған
Среда, 27 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жыл басынан бері 3000-ға жуық сайтқа тыйым салынды

16.04.2024
Қоғам
0

Былтыр 6500 сайт бұғатталса, биыл жыл басынан бері 3000-ға жуық сайтқа тыйым салынды. Бұл жүйе автоматтандырылған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі ресми өкілі Ә.Әбділовпен қазіргі жасалып жатқан жұмыстың жай-күйі туралы жүргізілген сұхбатына nege.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

Және ол Қазақстан Республикасының Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі кибербақылау жүйесіне бұғаттау үшін жіберіледі.

READ ALSO

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

–Сонда күмәнді, күдікті тауарлар мен қызметтерді жарнамалайтын сайттарды тек қана Ақпарат министрлігі бұғаттап отыра ма?

–Біз де бұғаттаймыз. Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері «Байқа, пирамида!» деп аталатын телеграмм-месседжеріндегі ботты жасап шығарды. Қазіргі уақытта кез келген азамат әлеуметтік желінің немесе сайттың күмәнді бір сілтемесін байқаса, оны әлгі ботқа жібере алады. Оны жіберудің алдында басқа да бір азаматтардан нақты осы компанияға қатысты сұраныстар келіп түскен болса немесе сол компанияға қатысты іс жүргізіліп, сот үкімі шыққан болса автоматты түрде бірнеше секундтың ішінде жауап келеді. Ал егер бұл қосымша зерттеуді, тексеруді қажет етсе, яғни бірнеше сағаттан кейін белгіленген компания сілтемесінің қаржылық пирамида белгілері бар ма, жоқ па немесе аталған қаржылық нарығын реттеу және дамыту регистрінде тіркелген бе сол анықталады.

–Демек, ол бот тек сілтемелер бойынша ғана анықтайды ғой алаяқ сайттарды?

–Жоқ, ол жерде тек жеке тұлғалар мен сайттар емес, БИН арқылы компанияларды да тексеруге болады. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан жұмыс осындай. Ал егер жарнамалауға келетін болсақ, былтыр Қылмыстық кодекстің 217-бабына «Қаржылық пирамиданы жарнамалау бойынша» деген қосымша тармақ енгізілген еді. Сондықтан да заң жүзінде оның барлығы белгіленіп, жұмыс жасалып жатыр. Бәрін агенттік пен құзырлы органдар бақылап отыр.

–Қаржы пирамидаларын жарнамалау бойынша Қылмыстық кодекстің 1 тармағы бойынша 6 миллион теңгеден астам айыппұл салу немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту көзделген. Бұл қандай категория үшін қолданылатын жауапкершілік? Ал мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылатын қылмыстық жаза кімдерге қолданылады?

– Қылмыстық кодексте екі тармақ қана бар. Оның кез келген тармағында мүлкі тәркілену деген жаза бар. Ал 217-баптың бірінші тармағына келетін болсақ, егерде қаржылық пирамиданы жарнамалау айтарлықтай залал келтіре отырып, ақпараттық жария түрінде немесе бұқаралық ақпарат құралдары мен электронды ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып адамдарды оған тартуға алып келген болатын болса, оның жауапкершілігі бөлек. Ал егер алдын ала келісу, яғни сөз байласу арқылы жасақталған адамдардың ішінде бір немесе бірнеше рет немесе өзінің қызметтік бабын асыра пайдалану арқылы жасалынған қылмыс болса, бұл 217-баптың екінші тармағында көрсетілген қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сондықтан да ел тұрғындары, әсіресе блогер немесе танымал адамдар қандай да бір желілік немесе қаржылық пирамиданы жарнамалар алдында жақсылап ойланып алғаны дұрыс.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қаржы пирамидасын анықтаудың бірнеше жолы бар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4
Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі
Қоғам

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

20.08.2025
3
ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР
Қоғам

ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР

20.08.2025
4
ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.