Манипуляция технологиясы адамдардың санасына әсер ету — Төрттаған
Вторник, 17 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Манипуляция технологиясы адамдардың санасына әсер ету

04.05.2024
Қоғам
0

Насихаттау жұмыстары барысында әлеуметтік-саяси мифтерді халық санасына сіңіру мақсатында манипуляция технологиясы адамдардың санасына әсер етудің нақты әдістері мен тәсілдерінің бай арсеналын пайдалануды меңзейді. Оларға тек фактілерді бұрмалау, лайықсыз ақпаратты бүгіп қалу, өтірік пен жаланы тарату жатқызылмайды, сонымен қатар, електен өткен тәсілдер де бар: жартылай ақиқат – мұнда қауымның сеніміне кіру үшін нақты мәні аз мәселелері шыншыл түрде толыққанды айтылады да негізгі мәселе жөнінде ештеңе айтылмайды немесе болған оқиғаға жалған сипаттама беріледі; айдар тағу – тұлғаға немесе ол ұсынған идеяларға оның беделін түсіріп кемсітетін, қорлайтын немесе келемеждейтін айдар тағу, теңеу жасау.

Саяси манипуляцияның әдіс-тәсілдерінің ішінен келесілерді бөліп қарастыруға болады: «Ұсыну» қағидасы – үміткердің немесе оның сайлауалды тобының танымалдығын арттырып, тиімділігін күшейту үшін оған жақтас белгілі артистердің, ғалымдардың, спортшылар мен өзге де әйгілі адамдардың есімдерін пайдалану; «Ауыстыру» қағидасы – нақты тұлғаның немесе саяси идеяның сапасы мен қадір-қасиетін белгілі адамдардың немесе идея­лардың сапасы мен қадір-қасиетіне ұқсастыру, яғни ассоциация бойынша баға беру; «Қарапайым адам» қағидасы – үгітші немесе ақпарат берушінің мүддесін қарапайым адамдардың, халықтың мұң-зарымен ұштас­тыру; «Карта ауыстыру» қағидасы – бұқараға білдіртпейтін тәсілдерді қолдану арқылы нақты фактілерді ашық түрде бұрмалау; «Тамаша дарынсыздық» қағидасы – баршаға аян, дөрекі, үйреншікті, бірақ қарапайым адам үшін абстрактілі және ол мәні мен мазмұнына мән бермейтін идеяларды («заң мен тәртіп», «адам құқықтары», «адамгершілік, бостандық, әділеттілік» және т.б.) пайдалану; «Ортақ вагон» қағидасы – нақты бір идеяның жалпымен мойындалғандығы және ойға қонымдылығы жайлы ойды туындату арқылы қажетті реакцияның орын алуына жағдай жасау («бәрі солай ойлайды», «бәрі солай істеуде»).

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

Р.Әбсаттаров, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қазіргі манипуляторлар бұқаралық психологияның заңдылықтарын шебер пайдалануда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Саяси манипуляцияның екі басты моделі

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

13.06.2025
3
АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 
Қоғам

АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

12.06.2025
3
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК

11.06.2025
3
Сарыағаш: «Отбасы- қоғамның іргетасы» атты семинар-тренинг өтті
Қоғам

Сарыағаш: «Отбасы- қоғамның іргетасы» атты семинар-тренинг өтті

11.06.2025
3
Түркістан облысында есірткіге қарсы бағытталған кең ауқымды ақпараттық акция өтті
Қоғам

Түркістан облысында есірткіге қарсы бағытталған кең ауқымды ақпараттық акция өтті

11.06.2025
2
“Жастарға арналған қолжетімді баспана” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті
Қоғам

“Жастарға арналған қолжетімді баспана” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті

11.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.