Жалған ақпарат беру, тарату және пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады — Төрттаған
Воскресенье, 2 августа, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған ақпарат беру, тарату және пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады

26.04.2024
Қоғам
0

READ ALSO

БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады  

ЕНПФ представляет отчет об инвестировании пенсионных накоплений  на 1 июня 2026 года

Жалған ақпараттың тез таралып, талқыға кең көлемде түсуі қоғамдағы резонансқа, соңғы шыққан жаңалыққа тікелей байланысты. Егер ақпарат мазмұны үндеу, үгіттеу, сақтық, агрессиялық сипатта болса, адам миы оны қабылдауға, шын санауға дайын тұрады. Жалған ақпараттан әсер алған қолданушы оны тарата отырып, өзінің іс-әрекетінің қаншалықты маңызды екенін көбіне дұрыс бағамдай бермейді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес, жалған ақпарат беру, тарату және пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Сондықтан, ақпараттық жүйедегі әр іс-әрекет асқан жауапкершілікті талап етеді. Қырық рет қайталанған өтірік шындық ретінде қабылданатыны рас. Ал, өтіріктің, жалған ақпараттың әлеуметтік ілгерілеуге ықпалы өте кереғар. Қоғамдық сананың дамуына зияны орасан. Яғни, мұндай ақпарат түрлері адамдардың санасын улайды һәм адастырады. Жалпы, кез келген жаңалық ой аясында пікірталасқа түсіп, тақырыпты, мәселені әбден зерттеп, талқылап барып, бір тоқтамға келген жөн. Ал, жан-жақты зерделемей, жалған ақпаратқа иланған кезде адамның ақыл- ойы оңай басқарылатын болып қалады. Критикалық ойлау, медиа-сауат секілді түсініктерді ысырып қойып, шындыққа жанаспайтын, жоқ нәрсенің шырмауында кетеді. Бұл материалдық, моральдық шығынға ғана емес, рухани соқырлыққа да алып баруы ғажап емес.
Сонымен қатар, өзіңізге тікелей қатысы бар ақпараттарды белгілі бір адамдармен бөлісуіңіз де еріксіз түрде жаңалыққа айналады. Ал, белгілі бір мәселеге қатысты айтылған пікірлерге дәлел немесе сол туралы бұрын айтылған сөздер болмаса, көпшілік үшін бұл сенімді ақпарат бола алмайды. Сізден дәлел талап етіледі. Тіпті, егер ақпарат дұрыс болмаса да, ол туралы көп айтылып, көп жазылып жүрсе, халық оны ақиқат ретінде қабылдайды. Бұл көпшіліктің ойын адастыратын мәселе. Ғ.Маралтайқызы
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жалған ақпарат – жасырын қауіп

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Интернеттегі қудалау туралы не білгіңіз келеді?

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады  

17.07.2026
12
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ЕНПФ представляет отчет об инвестировании пенсионных накоплений  на 1 июня 2026 года

17.07.2026
6
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

17.07.2026
11
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев превысил 2,8 трлн тенге

17.07.2026
6
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға  24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті     

17.07.2026
6
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Более 24,5 миллионов услуг оказал ЕНПФ вкладчикам с начала года  

17.07.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.