Ақиқатқа қарама-қарсы ұғым — Төрттаған
Среда, 27 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ақиқатқа қарама-қарсы ұғым

17.04.2024
Қоғам
0

Жалған, жалғандық – белгілі бір іс-әрекет немесе құбылыс мәнінің шындықтан алшақтатып, бұрмаланған көрінісі, ақиқатқа қарама-қарсы ұғым. Бір кісінің істемеген нәрсесін істеді деп айту Алланың алдында үлкен күнә саналады. Ислам шариғатында мұндай әрекетке тыйым салынып, үкімін харам деп бекіткен.

Мұса пайғамбардың мысалы

READ ALSO

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

Әсіресе ар-намысын кірлету мақсатында мұсылман әйелге жала жабу – өте ауыр күнә. Жала жабудың жаман әрекет болғаны соншалық, адамдар арасына жайылса, ақиқатын айтып жеткізу, ақтау өте қиынға соғады. Әсіресе арлы, намысты кісілер жайында айтылған жалған сөздер оңайлықпен түзелмейді. Сол үшін шариғатта жала жабуға, адамның ар-намысына тиісуге қатаң түрде тыйым салынған.

Құранда бұл жайында: «Тағы да біреу бір қателік немесе күнә істесе, оны ақ (пәк) біреуге жапса, расында ол жала жауып, ашық күнә жүктеген болады», («Ниса» сүресі, 112-аят), «Расында абыройлы мүмін, ақниет әйелдерге жала жапқандар, осы дүние мен ақыретте карғалады. Әрі олар үшін ірі азап бар» («Нұр» сүресі, 23-аят).

Адам әрдайым Жаратушының бұйрығына бағынып жүрсе, ешкімге жала жаппаса, Алла Тағала мұндай құлын жала бәлесіне ұшыратпайды. Бұған Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбардың өмірінен мысал келтірсек болады.

Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар Алланың сүйікті құлы әрі елшісі, Оның әмірін орындайтын пендесі болатын. Ол ешкімді ғайбаттамайтын, біреуге жала жаппайтын үлгі тұтар тұлға болды. Алайда оны көре алмайтын дұшпандары болды. кездеседі. Қарун есімді яхуди кісі Мұсаны (оған Алланың сәлемі болсын) көпшілік алдында әшкерелеп, жала жабу үшін бір әйелге ақша беріп, жалдайды. Қарун әлгі әйелге Исрайл ұлдары жиналған жиында: «Мұса мені зорлады», – деп айт   деп көндіреді. Адам ақша үшін не істемейді?! Әйел Исрайл ұлдары жиналған жиынға уәде бойынша барып, Мұсаны масқара етпек болады. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) бұл кезде Алладан келген жаңа үкімдерді қауымына жеткізіп отырған болатын. Пайғамбар зина жасаған адамның ауыр жазаға тартылатынын айтып жатқанда Қарун: «Әй, Мұса! Егер сен зина жасасаң, саған да жаза қолданамыз ба?» – деп әдейі Мұса: «Иә» деп жауап бергенде, әлгі әйелді шақыртады. Сонда әйел көпшіліктің алдына шығып: «Мұса мені зорламады.Маған Қарун ақша беріп, «Мұса мені зорлады» деп айт деді. Бірақ мен олай айта алмаймын», – деп сөзін бітіріп сыртқа шығып кетеді. «Біреуге ор қазба өзің түсесің» демекші, Мұсаны әшкерелемек болған Қарун жұрт алдында өзі масқара болады. Қарун қатты ашуланып, дереу сыртқа шығып әлгі әйелге: «Сен неге менің айтқанымды істемедің?» – деп айқай салады. Сол кездегі әйел: «Мен жұрт алдына шыққанда тіліме еге бола алмадым. Тілім өзінен-өзі сөйлеп кетті», – деген екен. Өйткені Алла сүйікті пендесін елге масқара етпейді. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар ешкімді жамандамайтын, өсек айтпайтын, жала жаппайтын еді. Сондықтан Алла Тағала оған өзгелердің жала жабуын қаламады.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Әрбір адам әлеуметтік желіде жариялаған жазбасына мұқият болу қажет

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаладан сақтану жолдары

Оқи отырыңызМақалалар

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4
Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі
Қоғам

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

20.08.2025
3
ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР
Қоғам

ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР

20.08.2025
4
ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.