Жалған ақпараттың түрлері — Төрттаған
Суббота, 1 августа, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған ақпараттың түрлері

11.05.2024
Қоғам
0
Әрбір адам әлеуметтік желіде жариялаған жазбасына мұқият болу қажет

Әсілінде жалған ақпараттың үш түрі болады. Оның алғашқысы – Алла Тағала жайлы жалған ақпарат тарату. Бұл – жаланың ең жаманы әрі ең ауыр түрі. Ғалымдар бұған бұған Құранда айтылмаған сөзді «Алла Тағала айтты» деу, Құранды әдейі бұрмалап тәпсірлеу, бір іске қатысты білімсіз түрде «адал не арам» деп үкім айту секілді істерді жатқызған. Құранда бұл жайында: «Аллаға жала жапқаннан немесе шындыққа қарсы болғаннан артық залым бар ма? Кәпірлердің орны тозақ емес пе? («Ғанкабут» сүресі, 68-аят), «Қарамайсыңдар ма! Алланың сендерге берген несібесінен арам, адал жасадыңдар» де. «Сендерге Алла рұқсат берді ме? Немесе Аллаға жала жауып жүрсіңдер ме?» – де. Сондай Аллаға өтірік жала жапқандардың, Қиямет күні жайлы ойы қандай? Расында Алла – адамдар үшін кеңшілік иесі. Бірақ олардың көбі шүкірлік қылмайды («Жүніс» сүресі, 59-60 аяттар).

Жалған ақпараттың екінші түрі – Алла елшісі жайлы жалған сөйлеу. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тірі күнінде мүшріктер оған ақын, бақсы, сиқыршы деген секілді түрлі жала жапқанын тарихтан жақсы білеміз. Құранда ол жайында: «Ол – бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер. Сондай-ақ ол – бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер. Ол – әлемдердің Раббысынан түсірілген («Хаққа» сүресі, 41-43 аяттар) делінген. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтпаған сөзді оның хадисі деу немесе хадистің мағынасын әдейі бұрмалау да жалаға жатады. Бұл жайында Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім менің атымнан жалған сөйлесе, өзіне тозақтан орын дайындай берсін!» – деген (Бұхари 3461, Ахмад 2/159).

READ ALSO

БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады  

ЕНПФ представляет отчет об инвестировании пенсионных накоплений  на 1 июня 2026 года

Үшінші түрі – адамдарға жала жабу. Бұған өзге адамның айтпағанын айтты деу, істемеген ісін істеді деп жалған айту жатады. Мүмін адам өзге біреуді дәлелсіз жамандаудан, кемшілігін іздеуден барынша сақ болу қажет. Өйткені өзгенің кемшілігін айтқан адамға сауап жоқ. Керісінше жалақор адамның ауыр күнәға бататыны сөзсіз. Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жеті күйзелтушіден сақтаныңдар. Олар – Аллаға серік қосу, сиқыр, біреуді бекер өлтіру, өсім жеу, жетімнің малын жеу, қан майданда кері қашу, бейкүнә мүмін әйелге жала жабу», – деген. (Бұхари, Мүслим риуаят еткен).

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АБАЙ АУДАНЫ: АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР ТӨСБЕЛГІЛЕРМЕН МАРАТТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ақпараттық кеңістікте зиянды ақпараттың көп болуы

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады  

17.07.2026
12
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ЕНПФ представляет отчет об инвестировании пенсионных накоплений  на 1 июня 2026 года

17.07.2026
6
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

17.07.2026
11
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев превысил 2,8 трлн тенге

17.07.2026
6
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға  24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті     

17.07.2026
5
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Более 24,5 миллионов услуг оказал ЕНПФ вкладчикам с начала года  

17.07.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.