Жалған ақпаратты шектеудің астарында не бар? — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған ақпаратты шектеудің астарында не бар?

16.04.2024
Қоғам
0
Жалған ақпаратты шектеудің астарында не бар?

Соңғы уақытта YouTube-тың коронавирус, вакцина туралы шындыққа негізделмеген контентті жарияламай, бұғаттап отыратынын көріп жүр­міз. Бұл, әрине, құптарлық. Алайда бұл мә­селені басқа қырынан қарап көрейік. «Жал­ған ақпарат» деген желеу­мен жа­салған бұл әрекеттер сөз бостан­дығы мен еркіндігін шектеу болмай ма?

Жақында осындай дауға қал­ған Ресейдің екі немістілді арнасы бұғатталды.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Ресейдің RT мемлекеттік медиакомпаниясы басқаратын арналар қалпына келтірілмесе, Ресей тарабы елде YouTube платформасының жұмысын шектейтінін айтып, талап қойған. Бұл Ресейдің жалған ақпаратқа қатысты алғашқы айыпталуы емес. Осыған дейін Facebook вакцинаға қатысты жалған мәлімет таратқан көптеген ресейлік парақшаларды жойғаны белгілі.

Әлбетте, жалған ақпаратпен күре­су қарқынды жүріп жатқаны қуан­тады. Алайда осыған дейін саяси ойын­дардың қақ ортасында жүрген, онсыз да сенімнен айырылған Facebook-тің кез келген әрекетін сұраққа алу заңды болар. Бұл қадамның да көпшілік білмейтін саяси астары бар ма деген күмән сейілмей тұр. Мәселе жалған ақ­­паратқа жол беруде емес, оның жал­ған екенін анықтайтын тараптың се­нім­нен шығып қалғанында болып тұр.

Ресейден бөлек, Аустралияның Sky News Australia YouTube арнасы да індеттің барына күмән келтіремін деп жеті күнге жазаланған. Google да климаттың өзгеруіне қатысты ғылыми дәлелденбеген, оны жоққа шығаратын контент жарық көрмейтінін хабарлады. Мұның барлығы қоғамда фейк, яғни жалған ақпараттың таралуын азайтуға тиіс.

Дегенмен, қабылданған бұл шешімдер қаншалықты тиімді, әділ? Бәлкім, қандай ақпараттың шығу-шықпауын анықтауды бизнес иесіне емес, сырттан құрылған, еш тараптың мүддесін қорғамайтын, тәуелсіз ұйымға тапсыру керек болар. Біздіңше, ең дұрысы сол. Бірақ әлемдегі барлық дерекке иелік етіп отырған Facebook, Google cекілді алып компаниялар өзгелерді өз жұмысына араластырсын ба? Осыған дейін біз туралы барлық ақпаратты біледі деп қорыққан желілер енді біздің не көріп, не оқитынымызға дейін таңдай алады.

Бұл алпауыт технологиялар біртіндеп бір мемлекеттің деңгейінде идеология жүргізіп, ықпал ете алатындай күшке ие болмасына еш кепіл жоқ. Сол себепті оқырманға ақпарат тұтынуда бір ғана дереккөздің, желінің жаңалығымен шектелмей, жан-жақты зерттеп, оқып барып, сараптай алатындай деңгейге жетуді, жаңа медианы дұрыс тұтыну дағдыларын барынша үйрету маңызды.

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Оқырманға сапалы контент ұсы­нуды маңызы жоғары

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазір әлеуметтік желінің саны көп

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.