Жалған ақпаратты тоқтатудың шешімі бар ма? — Төрттаған
Среда, 27 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған ақпаратты тоқтатудың шешімі бар ма?

16.04.2024
Қоғам
0

Жалған ақпаратты ноқталаудың бір шешімі мамандардың білікті­лігін арттырып, деректерді тексеруге үйрету болса, екіншісі тұ­ты­нушының өзіне келіп тіреледі. Қазіргідей ақпарат теңізінде өмір сүріп жатқан адамға сыни тұрғыда ойлап, өз талғамын қалыптастыру өте маңызды болмақ. Қазір қайда барсаң да, кіммен сөйлессең де, теле­фоныңды қолға алсаң да, жаңа нәрсе көресің не естисің. Осыған орай соңғы кезде бұқаралық ақ­парат құралдары өз аудиториясын «тәрбиелеуге», оларға қамқорлық танытуға тырысуы керек деген тү­сінік қалыптасып келеді.

Жалпы, дү­ние жүзінде медиа сауаттылық мәселесінің өзектілігі жылдан-жыл­ға артуда. Әсіресе бұл жас ұр­пақ үшін өте маңызды, себебі технологияның дамыған дәуірінде дүниеге келген балалар жастайы­нан сол қазанда қайнап өсетіні белгілі. Калифорния-Сан Диего университетінде жүргізілген зерттеуге сүйенсек, адам күніне 34 гигабайтқа тең ақпарат өңдейтін көрінеді. Бұл ең мықты деген ком­пью­тердің өзін бір аптада істен шығаруы мүмкін.

READ ALSO

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

Ғалымдар, сон­­дай-ақ адам күніне 105 мың сөз қабылдайтынын айтады, бұл деге­німіз секундына 23 сөз. Осы­лайша жалған ақпаратпен кү­ресте тиімді шешімдердің бірі – аудиторияға ақпаратты сұрыптауды үйретуге келіп саяды. Сондықтан да көп­теген елдер медиа сауаттылық са­бағын мектеп бағдарламасына енгізе бас­тады. Одан бөлек қосым­ша курстар мен семинарлар жиі өтк­ізіледі.

Ақпараттың адам санасына­ әсерін талдаған зерттеушілер қа­зір­гі таңда тұрғындардың бар­лық мәліметті сол күйінде қабыл­даудың орнына, өзіне керегін алып, керек емесін ысырып қоюы­ның маңыздылығын алға тартады. Бұл ретте қоғам, БАҚ пен үкі­меттің бірлесе жұмыс істеуі ше­шуші рөл ойнамақ.

Жоғарыдағы мә­селелер ғаламдық БАҚ үшін ғана емес, еліміздің ақпарат саласы үшін де өзекті мәселе екені сөзсіз. Жалған ақпарат таратқандар бір күндік назарға іліккенімен, ұзақ уақыт жинаған беделінен сол мезетте айырылуы мүмкін екенін ескергені жөн болар. Қазіргі ең басты «әлеуметтік капитал» сенім болған тұста объективті ақпараттың бәсі әрдайым биік болары хақ.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жаһанды жалған ақпарат кезіп жүр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сұранысты сапалы контент көбейтеді

Оқи отырыңызМақалалар

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4
Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі
Қоғам

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

20.08.2025
3
ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР
Қоғам

ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР

20.08.2025
4
ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.