Жалған ақпаратқа жол жабық — Төрттаған
Суббота, 31 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған ақпаратқа жол жабық

15.04.2024
Қоғам
0

Премьер-Министрдің орынбасарының айтуынша, заңға қайшы контенттің таралуына жол бермеу мақсатында уәкілетті органдар ВКонтакте, Одноклассники, Mail.ru, Livejournal, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің әкімшілігімен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Әлемнің барлық елдері тыйым салынған материалдарды таратумен белсенді күресіп, бұғаттап жатыр. Бірақ бір уақытта барлық контентті толықтай бұғаттап, өші­ріп тастау мүмкін емес. Себебі ра­ди­калдардың өзі оларды күн сайын желіге жүктеп отырады. Сарапшы Серікбол Биляловтың айтуынша, мемлекеттік ұйым тарапынан радикалды контенттерді анықтап, бұғаттауға кемі 2 тәулік уақыт қажет. Процесс оны анық­тау­дан басталып, сараптама жүргізу, бұғаттау үшін қадағалау органдарының тексерісіне бағыттау­мен жалғасады. Аталған процедура барлық елдің бақылау органдарында жүзеге асырылады. Контенттің өсуі радикалды ағымдардың өз идеологияларының көбеюіне мүдделі болуында жатыр, бүгін бір контентті өшірсең, сол күні басқа бір платформада екінші бір контент жүктеледі.

– Қазір барлық заманауи террористік ұйымдардың өздерінің медиа орталықтары, электронды басылымдары бар, олар бюрократиялық кідірістерсіз, өте жоғары кәсіби деңгейде аудио, видео, ақпараттық материалдар әзірлеп, таратады. Әлеуметтік медиа платформаларда жаңа арналар мен аккаунттар құратын радикалдар да, олардың ақпараттық жақтау­шылары мен «жанашырлары» да жинақталған радикалды мазмұнды контент таратушылар, – дейді Серікбол Билялов.

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Ал дінтанушы Наурыз Ғайнижамал БАҚ өкілдерін террористер туралы материал жазғанда абай болуға шақырады. Оның айтуынша, халықты таңғалдыру – ақпаратты адамның есінде қалатындай етіп жеткізудің бір тәсілі. Көп жағдайда бұқаралық ақпарат құ­рал­дары терроризм проблемасын айтамыз деп отырып, керісінше, террористік ұйымдар мен олардың көшбасшыларына деген қызығушылықты арттырады. БАҚ қыз­меткерлері сенсация іздеп, оқыр­мандарды қызықтыра отырып, лаңкестік әрекеттерді ұйымдастырушылар мен оның қанды орындаушыларының «батырлығын» көпке көрсетіп, террорис­тер өміріне қызығушылықты арттырады.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Біршама тойтарыс беруге болады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жалған ақпарат жарға жығары анық

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
10
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
159
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.