ФЕЙКТІ ҚАЛАЙ АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ?
Бұл үшін ең әуелі өзіңіздің сыни ойлау қабілетіңізді іске қосыңыз. Оқыған дүниеңізге әртүрлі аспектіден назар аударып көріңіз. Фейкті ажырату қиын болмайды, тек ол үшін барынша сақтық танытып, төменде біз айтқан кеңестерге құлақ асыңыз.
Деректі тексеріңіз: Сіздің оқып отырған жаңалығыңыз ақпараттар сайтынан алынды ма? Фейк ақпараттар сізді заңды ақпарат құралы ретінде алдағысы келеді. Аздап тексерсеңіз ақпаратты алып отырған сайтыңызды жалған әлде беделді екендігі айқын болады. Cайттың қаншалықты сенімді екенін тексеру үшін сайтыңыздың атын жазып «reliable» деген сөзді енгізіңіз.
Бұл туралы басқалар не дейтінін тексеріңіз. Егер барлық сілтеме бір ғана дереккөзге сілтесе, сіз бұл ақпаратқа сенбеуіңіз керек.
Мақаланың тақырыбына назар аударыңыз. Кейде тақырыпты айғайлатып қойғанымен, мақалада ұстап алатын ештеңе болмауы мүмкін.
Авторы туралы дерек жинаңыз. Оның әлеуметтік желілеріне кіріп, қаншалықты біржақты ақпарат тарататынын біліңіз.
Ақпаратта пайдаланылған дереккөздер мен мәліметтерді тексеріңіз. Мақала сізге бірнеше дереккөзді ұсынуы тиіс. Ешқандай цитата қолданбаған материал тек пікір немесе коммент болуы мүмкін. Егер мақалада цитата болса, олар қайдан алынды, соған мән беріңіз. Бәлкім олар сенімсіз ақпарат көзінің өкілі болуы мүмкін.
Ақпараттың жазылған уақытына қараңыз. Көп уақыт бұрын жарияланған ақпарат талқыланып жатуы мүмкін. Ескі жаңалықтар бүгінгі күннің мәселесіне куәлік ете алмайды.
Сатиралық ақпараттар шынайы ақпараттар емес. Ақпаратты таратып отырған ресурстың қандай мақсатта құрылғанына назар аударыңыз.
Өз инстинктіңізді тыңдаңыз. Егер сізге күдікті болып көрінсе, онда оның бір проблемасы бар деген сөз. Онлайн медиаға аса күдікпен қараңыз. Егер тақырыбы айғайлап тұрса, демек бірдеңесі дұрыс емес деген сөз.