Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар қандай жазаға тартылады — Төрттаған
Суббота, 7 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар қандай жазаға тартылады

12.04.2024
Қоғам
0
Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар қандай жазаға тартылады
Интернет және онлайн платформалар арқылы жалған ақпарат немесе жарнама таратқандар 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 10 тәулікке қамауға алынады. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Мәжіліс отырысы барысында Jibek Joly телеарнасының мобильді студиясында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған oninfo.kz.

Аталған норма Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген.

«Әкімшілік кодексте жаңа бап енгізілді. Ол онлайн-платформалар құралдары арқылы жалған ақпараттарды тарату бойынша жауапкершілікті көздейді. Бүгінгі таңда өте көп жалған ақпараттар таралып жатқанын білеміз», — деді Игорь Лепеха эфир кезінде.

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Сондай-ақ министрдің орынбасары WhatsApp желісі де онлайн-платформаға жататынын айтты.

«Қазір ол үшін жауапкершілік жоқ. Айталық, пандемия кезінде азаматтар көптеген жалған ақпарат таратты. Олардың ешқайсысы жауапкершілікке тартылған жоқ. Сонымен қатар қазір кибербуллингке қатысты көптеген ақпарат бар. Кибербуллингке қатысты желіде тарап жатқан видеолар өте көп, кейбірінде балаларды әлдебір іске қатысты дәлелсіз айыптап жатады. Кейін ол желіге кеңінен таралады, бұл ауыр зардапқа әкеп соғуы ықтимал. Ойланбай жасалған іс-әрекеттердің залал әкелетінін түсінеміз. Бұған дейін заңнан тыс қалып келді», — дейді вице-министр.

Оның айтуынша, енді жалған ақпарат таратқаны үшін 20 АЕК-ке дейін (шамамен 73 мың) айыппұл қарастырылады. Егер бір жыл ішінде азамат жалған ақпарат тарату фактісіне қайта жол берсе, онда ол 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы немесе 40 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Материалдарды ішкі істер органдары орындайды, бірақ шешімді сот шығарады.

«Бұл жерде әңгіме алдымен блогерлер мен заңды тұлғалар туралы болып отыр. Барлығын жаппай жауапкершілікке тарту болмайды», — деді И.Лепеха.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қазақстан Президенті: Жерге қатысты жалған ақпарат таратуды доғару керек

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстандықтар Facebook желісінде жалған ақпаратты жиі таратады

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.