ФЕЙК АҚПАРАТТЫҢ ҚАУПІ КӨП — Төрттаған
Воскресенье, 14 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ФЕЙК АҚПАРАТТЫҢ ҚАУПІ КӨП

12.04.2024
Қоғам
0

Әнеу бір жылы Түр­кістан облысының Шорнақ ауылында қақтығыс орын алғаны бәрімізге белгілі. Осы оқиғаға байланысты ішкі істер органдары жанжалдың жайылып кетпеуі үшін жедел түрде әрекет етті.«Бұл Шорнақ ауылы жастарының арасында болған тұрмыстық жанжал. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, салдарынан бір учаскелік инспектор мен үш тұрғын жарақат алды. Оқиға орнына дереу жеткен полиция инспекторы жарақат алғанына қарамастан, заң бұзу­шылықтың жолын кесті. Жедел іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысқан 4 азамат анықталып, ұсталды», – деді сол кездегі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференцияда. «Қазіргі кезде жанжалдың неден шыққаны, барлық мән-жай тексеріліп жатыр. Бұзақылық фактісі бойынша тергеу жұмыс­тары жүргізілуде. Бірақ арандатушылар әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып, жалған ақпараттар таратқан. Полиция қызметкерлері бұл заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Бұл үшін заңға сәйкес қыл­мыс­тық жауапкершілік бар екенін ескертемін», – деді министр.

Полиция мәліметтеріне сәйкес, қақтығысқа қатысушылардың бірінің үйіне шабуыл жасалғаннан кейін белгісіз біреулер келіп, оның және туыстарының үйлеріне тас лақтыра бастаған. Оқиға орнына Кентау қаласының полиция инспекторы бірінші болып келгенімен ол жарақат алып қалады. Әлеуметтік желілерде осы полицейдің беті мен киімі қан болып тұрған видеосы тарап кетті. «Ол жанжалдың тоқ­тауы үшін қажетті шараларды қол­данған. Алған жарақатына және тұрғындардың қарсылығына қара­мастан, полиция қызметкері күш пен атыс қаруын қолданбаған. Дене жарақатын учаскелік инспектормен бірге үш ауыл тұрғыны да алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді», – деп хабарлаған болатын Түркістан облысының полиция департаменті. Полицияның мәлімдеуінше, келесі күні ауылда арандатушылар жиналып, жақын маңдағы ауыл тұрғындарын заңға қайшы әрекеттер жасауға үгіттеген. «Бұл оқиғаны полиция қызметкерлері бірден тоқтатты.

READ ALSO

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу

Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері төрт азаматты анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті. Жанжалдан кейін елдімекеннің кіреберісіне полиция блок-бекеті қойылып, ауылды арнайы жасақ күзеткен. Міне, жалған ақпараттың салдары осындай. «Адам өлімі болған жоқ», деп шүкіршілік етсек те, ауыл жастарының арасына іріткі түсті. Тіпті бұл оқи­ғаны кейбіреулер этносаралық жан­жалға айналдырғысы келіп, желілерде жалған ақпараттар таратып, заңсыз әрекеттерге шақырған үндеулерін жария етті. Бұл заңға түбегейлі қарсы қимыл.

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жалған намыс жақсылыққа апармайды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

12.06.2026
4
Қоғам

Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу

12.06.2026
4
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ЕНПФ об использовании пенсионных накоплений

12.06.2026
4
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

12.06.2026
4
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

«Ұлттық қор — балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады

12.06.2026
4
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

«Нацфонд – детям»: около 58 млн долларов США использовали казахстанцы на жильё и образование

12.06.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.