Жалған ақпаратпен көпшілікті манипуляциялау, қорқыту, негізсіз болжамдар айту, тиісті мекемелерді дәлелсіз қаралау, жалған ақпараттарды таратудың соңы ойын-сауық, бос күлкі емес. Көпшілікті дүрліктіру шын мәнінде қылмыс екенін білген дұрыс.
Кейбір жобалар, мәселен, Demagog.kz белгілі бір жерде жасалған барлық мәлімдемені тексереді, басқа ұйымдар болса, тек мәлімдемелердегі жалған деректі және өзекті мәселелерді тексереді. Екі амалдың да жақсы және жаман жағы бар. Бірінші жағдайда көптеген мәлімдемені тексеру керек, бұл бағалау түрін және дәлелдемені анықтайды. Нәтижесінде қысқа әрі кешенді сараптама болып шығады. Бір жағынан мұндай амал оқырманға қарастырып жатқан дискуссия немесе сұхбаттың кешенді суретін көруге мүмкіндік береді, себебі саясаткердің айтқан мәлімдемесін ғана көрсетіп қоймай, оның санын да көрсетіп отырады. Оқырман мәлімдеме барысында келтірілген дерек қаншалықты шындыққа жанасатынын бағалай алады. Екінші жағдайда, іріктеуді және бір тексеру аясында тексерілуі тиіс мәлімдеме санының аздығын ескере отырып, басқа да мәлімдемелерді сараптама және контекст жағынан терең тексеруге болады.
YouTube бейнелері, мобильді қосымшалар, мақалалар, суреттер мен фотосуреттер — бұл заң қорғайтын авторлық құқық объектілері. Оларды тек автордың келісімімен пайдалануға болады. Желі барлық мазмұнмен толтырылған: фотосуреттер, мәтіндер, өлеңдер, комикстер, музыка және т.б қызықты ақпараттармен. Ол қолжетімді болғандықтан, оны өз қалауыңыз бойынша қабылдауға және пайдалануға болады. Мысалы, ұнаған суретіңізді желіден жүктей аласыз. Алайда, кез келген фотосуретте автор бар, ол сот арқылы авторлықты дәлелдей алады және кәсіпкерден жүздеген мың өтемақы талап етеді.
Естеріңізде болса, WhatsApp мессенджерінде «балаларға мектеп, дүкен, көшелерде белгісіз біреулер есірткі қосылған конфет таратып жатыр, соның әсерінен балалар уланып, ауруханаға түсіп, қайтыс болып жатыр» деген аудиохабарлама тараған.