АУЫЛ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ – АМАНАТ — Төрттаған
Среда, 10 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АУЫЛ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ – АМАНАТ

21.01.2024
Жаңалықтар
0
АУЫЛ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ – АМАНАТ

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау арқылы ауыл тұрмысын түзеу – «AMANAT» партиясы бастамашыл болған бірегей жоба – «Ауыл аманатының» басты міндеті. Түркістан облысы еліміз бойынша халық саны ең көп өңірлердің бірі және облыс халқының басым бөлігін ауыл тұрғындары санатына жататын әлеуметтік топ құрайды.
Сегіз жүзден астам елді мекендері бар Түркістан облысы ауылдар саны жөнінен республикада көш бастап тұр. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру – өңіріміз үшін ең әуелгі басымдық болып белгіленген. Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр ғана іске қосылған «Ауыл аманаты» жобасымен 2029 жылға дейінгі кезеңде республика бойынша 1 миллионнан астам ауыл тұрғындарына қолдау көрсету межеленген. Жобаны іске асыруға 1 трлн. теңге бағытталып, ауыл-аймақтарда 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру көзделген.
Тәуекел – тау жығар дейтін ұстаным өз ісін дөңгелетіп, кәсіп бастаймын деген адамның ең басты сенімі әрі тірегі. Мақтаралдық тұрғын Көбжан Торбиев жеке ісін бастауға бел буып, нарықтағы сұранысты асықпай зерделеді. Қолдан келер икемін дұрыс қолданудың жолдарын іздей бастады. Бойында ептілігі бар шеберлік өнерін кәдеге жаратудың түрлі қисынын қарастырып, екінің бірі атқара бермейтін жалқы кәсіпке бет бұруға ұйғарды.
Ауылдан шыққан алғыр азамат тамам қазақ үшін қасиетті қарашаңырақ – киіз үйді жаңғырту ісін қолға алуға бел буады. Түп тамырымыз – көшпенділер мәдениетінің жарқын мұрасы боп қалған киіз үйдің әрбір элементі қазақ халқының рухымен ұштасып жатқанын тереңінен ұғынды. Киіз үйдің керегесі еліміздің кеңдігін білдіретінін, шаңырақ – күн астындағы ашық аспанымыздың нышаны екенін, ал кереге мен шаңырақты тұтастырып тұрған уықтар – еліміздің әрбір азаматының мемлекеттің тірегі болуға талпынысын бедерлейтінін жан-тәнімен сезінді.
«Ауыл аманатының» шапағатымен Бескетік ауылында ашылған киіз үй шеберханасының жұмысы қазір қызу қайнаған. Тапсырыс бергендердің сенім үдесінен шығуда мұнда шеңберден шаңырақ жасап, тор көзді кереге, әшекейлі есік, ою-өрнекті жабынды киіздер дайындалуда. Киіз үйдегі сәндік құралдардың қатарында туырлық және жапқылар, өрнекті баулар, ақ және ала басқұрлар, жел бау, бас бау, уық бау сынды көнеден келе жатқан сәндік элементтер қолданылуда.
Ерекше сипаты бар, халық сұранысына ие мұндай кәсіптерді жаңғыртуда «Ауыл аманаты» жобасының тиімділігі зор деп білеміз. Ауыл тұрғындарын ауылдағы алуан түрлі тіршілік тынысын табыс табуға бағдарлап, мемлекет беріп отырған бірегей мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЫЛЫМ СҰРАНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІ БОЙЫНША 190 ПӘТЕР КІЛТІ ТАПСЫРЫЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
6
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
170
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.