Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының қаржыландыруымен аудандық емханаға қарасты Шорнақ бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы флюрографиялық аппаратпен толықты. «Mindray» компаниясымен келісім-шарт негізінде аудандық емхананың зертхана бөлімі жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, Шорнақ бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығына гематологиялық, клиникалық химиялық, коагулологиялық, серологиялық, иммундық ферметтік талдау әдісімен зерттеулер жүргізіледі. Ескі Иқан бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығына, Оранғай, Қарашық, Шаға, А.Үсенов дәрігерлік амбулаторияларында гематологиялық және клиникалық химиялық зерттеулер жұмыс жасайды.
Емханаға қарасты Шорнақ бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығына «Canon Aplio a550» (модель CUS-AA550) жаңа эксперттік ультрадыбыстық зерттеу аппараты орнатылды. Бұдан бөлек, Шорнақ және Ескі Иқан бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығына балаларда есту қабылдай алатын дыбыстардың шегін анықтау мақсатында адиограмма медициналық құрылғысы халыққа қызмет жасайтын болады.
Бүгінде ұлттық құндылығымыз — баға жетпес адам өмірін сақтауда, сондай-ақ әрбір жанның қоғамның белсенді мүшесі болып табыла білуінде медицина қызметкерлерінің атқаратын істерінің маңызы зор. Еліміздің медицина саласын өркениетке бастап, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуді мақсат еткен ақ желеңді абзал жандардың бұл бағытта бағындырар биіктері алда деп білеміз.