ТІГІН ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЕҢСЕСІН ТІКТЕГЕН — Төрттаған
Воскресенье, 1 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТІГІН ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЕҢСЕСІН ТІКТЕГЕН

14.01.2024
Қоғам
0
ТІГІН ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЕҢСЕСІН ТІКТЕГЕН

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Байқасаңыздар, кәсіпкерлерді қолдап, шағын және орта бизнесті дамытқалы бері қолынан іс келетін біраз жандар қозғалып, әрекеттене бастады. Бұл өте қуантарлық жәйт, қазіргі нарықтық заман талабы да солай болып тұр. Яғни, «қолың қимылдаса, аузың қимылдайды». Қолға алған қайсыбір әрекетте болмасын шыдамдылық, талапшылдық пен жауапкершілік қажет. Осынау қасиеттерді жанына серік етіп, тәуекелге қадам басқан ержүрек қыз-келіншектер арамызда баршылық.

Осы ретте Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылында тұратын Саракүл Төлепбергенова апайымыздың бастаған ісі көпке үлгі. Саракүл апай «АсылНұрҒұлан» тігін шеберханасын ашып, құрақ көрпелер, махаббат көрпелері, матрастар, бесік жабдықтары сияқты түрлі қазақы нақыштағы ұлттық жабдықтарды тігіп, өндірістің осы түрінің еңсесінің тіктей бастауына үлес қосуда.

«2023 жылдың шілде айында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша құжат тапсырып, 2 млн 700 мың теңгеге қол жеткіздік. Ол қаржыға 8 тігін машинасын, 1 оберлок, 3 үтік алдық. Бұл істе маған қолғабыс етіп отырған келінім Ақбота. Үйден екі бөлмелі цех ашып, кәсібімізді бастап отырған жайымыз бар. Алдағы уақытта цехті үлкейтуді армандаймыз. Қолымыздан шыққан дүние халыққа ұнап жатыр», – дейді тігін цехін ашқан ісмер апа.

Мұнан алдын әкімдіктің қолдауымен ауылдық мәдениет үйінің бір бөлмесін алып, тапсырыстарын табысты орындап жүрген апасы мен келіні үй алдындағы цехқа ауысады. Цехта 5 маман жұмыс жасайды. Барлығы да он саусағынан бал тамған ауылдың келіншектері. Үлкен көрпе мен көрпешелерді тігу мен қабу сияқты жұмыстарда бірінің ойын бірі қолдап, жаңа идеяларын ортаға салып, әдемі бұйымдар шығарып отырған аяулы жандар. Енесінің ісін құптап, кәсібінің ары қарай гүлденуіне атсалысып жүрген келіні Ақбота Сақтағанова да осы саланы жетік меңгерген маман. Ол сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, кәсіпке қатысты құжаттарды реттеп, шаруаны тап-тұйнақтай тындырып отырған ауыл-аймақтың бетке тұтар келіні.

– Шеберлер негізгі дүниені белгілі бір жоспармен, арнайы үлгіге сүйене отырып тігеді. Дегенмен, тапсырыс берушілер арасында өз қалағанын білдіріп жататындар да аз емес. Немерелерім де құрақтың қиындыларын қиюға, кестелеуге көмектесіп тұрады. Отбасымызбен жабылып кетіп жасайтын кездер болады. Құрақ құрап, көрпе қабу оңай шаруа емес. Маталарды таңдап, түстерін үйлестіру қажет. Осының бәрін тұтынушының көңілінен шығатындай, көзге жарқ етіп көрінетіндей болу үшін жан-тәнімізбен беріліп еңбек етіп келеміз. Бүгінге дейін ауылдық мәдениет үйінің бір бөлмесінде ақы төлемей жұмыс істеп келдік. Мұның өзі үлкен көмек болды бізге. Жағдайымызды түсінген әкімшілік қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Қарап отырғандарыңыздай, мемлекеттік жоба аясында ақша алып, шаруамызды бір ізге салып, түрлі жоспар құрып отырмыз. Тапсырысты молынан орындау үшін отыратын орнымыздың да кең болуы тиіс.

Шүкір дейік, тапсырыстар көпшіліктің көңілінен шығып, өнімдеріміз Шымкент, Алматы, Астана, Тараз, Атырау, Бурный қалаларына, сонымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Бішкек елдеріне жіберілді. Алдағы уақытта қыз жасауынан бөлек, балалар киімдерін де тігіп шығарсақ деген ойымыз бар. Біздің өнімдер нарыққа сай бағамен ұсынылады. Махаббат көрпелері 25 мыңнан, жамылға көрпелер 8 мыңнан, матрастар көлеміне қарай 7,5-8 мыңнан, құрақ көрпелер 18-22 мыңнан сатылымға шығады. Жабдықтар күңгірт велюр, сатин, королевский велюр сынды материалдардан тігіледі. Осындай жұмысымыздың ілгерілеуіне, орнымыздың кеңеюіне ықпал еткен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасындағы білікті мамандарға алғысымыз шексіз»,- дейді ізгі қуанышын білдірген кәсіпкер апа Саракүл Төлепбергенова.

Міне, ешкімге алақан жаймай, қаражат жоқ, қымбатшылық қысты демей, өз әрекетінен берекет тауып отырған түлкібастық отбасыға қалай сүйсінбейсің?! Мемлекет көрсетіп келе жатқан қолдаулардың, қаржылай көмектің арқа­сын­да тек соңғы бір жылдың ішінде өнім көлемін әжептәуір өсіруге қол жеткізіп, өз ортасына сыйлы болып отырған берекелі шаңыраққа мол жетістік, толағай табыс тілейміз.

Н.ИМАНҚҰЛОВА.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылы атқарған жұмыстары

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚТАР МҰҚТАЖ ОТБАСЫНА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
10
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
159
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.