ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ АТАНДЫ — Төрттаған
Четверг, 31 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ АТАНДЫ

05.01.2024
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ АТАНДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Түркі мемлекеттері ұйымының туризм саласы бойынша отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атағын беру туралы бастама қолдау тапқан еді. Жиында Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды тарихтан келешекке бағыт алған түркі халықтарының мәдени және рухани мекенінің жылдан жылға түрленіп жатқанын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді тапсырғанын атап өтіп, кеңестің VIII бейресми саммитінде Түркістанды түркі әлемінің рухани астанасы деп атау туралы тараптар қол қойған декларацияның маңызы жоғары екенін жеткізген болатын.  Әзербайжан Республикасында «Шамахи – Түркі әлемінің туризм астанасы 2023» іс-шарасының жабылу рәсімі өтті. Түркі Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) тарапынан берілетін ресми мәртебені алу салтанатына өңірден арнайы делегация қатысты.
– Қазан айында Түркістанда өткен Түркі Мемлекеттері ұйымы елдеріндегі туризм мәселелеріне жауапты министрлердің VIII отырысында Түркістан – Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы атанды. Салтанатты жиынға осы мәртебені Шамахидан Түркістанға қабылдап алуға келіп отырмыз. Біз үшін тарихи әрі қуанышты сәт. Бұл шешім – түркітілдес елдердің туризм бағытындағы қарым-қатынасын нығайтуға айрықша серпін береді. Түркістан облысында тарихи-танымдық туризмінен бөлек, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм бағытымен сіздерді танысуға шақырамыз. Тарихтан келешекке бағыт алған Түркістанда, яғни Атажұртта асыға күтеміз! – деген облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев түркі халықтарының мәдени және рухани мекені, Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан жұртшылығының сәлемін жеткізді.
1500 жылдан астам тарихы бар Түркістан қаласы ілім мен ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің, Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда-саттықтың нағыз орталығы болған. Түркістанның жаңа келбеті осы әлеуетін қайта жаңғыртуда. Ал Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – көркем сәулет үлгісімен күллі адамзаттың рухани мұрасына айналған жәдігер. Киелі шаһар бүгінде ежелгі қалпын сақтай отыра, заман талабына көркейіп келеді.
Айта кетейік, Әзербайжанның Шамахи қаласы Түркі Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) тарапынан 2023 жылы түркі әлемінің туризм астанасы болып, көптеген игі бастамаларды жүзеге асырды. 2024 жыл бұл мәртебенің Түркістан қаласына берілуі түркі жұртының тұтастығын дамытуға зор қадам болмақ. Сондай-ақ келесі жылы жергілікті түрлі іс-шаралардан бөлек, халықаралық деңгейді қамтитын жобаларды ұйымдастыру қолға алынған.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 160 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛҒАН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА ДЕПУТАТТАРДЫҢ I ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.