ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДӘРІГЕРЛЕРГЕ 75 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІ ТАПСЫРЫЛДЫ — Төрттаған
Суббота, 7 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДӘРІГЕРЛЕРГЕ 75 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІ ТАПСЫРЫЛДЫ

04.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДӘРІГЕРЛЕРГЕ 75 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІ ТАПСЫРЫЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарына 75 дана жедел жәрдем санитарлық автокөлік тапсырылды. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, дәрігерлерді, облыс тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтады.
– Алдымен баршаңызды  Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Қасиетті Түркістан төрінде қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Еліміздің басты байлығы – адам және оның денсаулығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласына ерекше тоқталып, медициналық нысанарды арнайы техникамен қамтуды тапсырған болатын. Осы бағытта Түркістан облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту үшін 24 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 2023 жылы 18 нысан ел игілігне берілетін болады. Басым бөлігі тапсырылып үлгерді. Бұдан бөлек, 2024 жылға «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында облысымызда 49 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланды. Халық денсаулығы үшін, оның ішінде бірінші кезекте ана мен бала, жансақтау, ота жасау қызметтерін күшейту мақсатында облысымыздағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы соңғы заманауи медициналық техникалармен жабдықталуда. Облыс аумағын толық жедел жәрдем қызметімен қамтамасыз ету мақсатында тағы 75 көлікті сіздерге табыстағалы тұрмыз. Пайдалануға беріліп отырған санитарлық автокөліктер ел игілігіне қызмет етіп, аудан-қала тұрғындарына сапалы медициналық қызметтер көрсете берсін. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, істеріңізге табыс тілеймін! – деді Дархан Сатыбалды.
Жаңадан тапсырылған «Hyundai i30» маркалы 75 санитарлық автокөліктері заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Оған 1,3 млрд. теңге бөлінген. Автокөліктер 17 аудан, қаладағы медициналық ұйымдар мен Облыстық жедел жәрдем станциясына және облыстық ауруханаларға берілді. Өңірде медицина саласын дамыту жұмыстары жалғасады.
Айта кетейік, жедел медициналық жәрдем станциясы диспетчері қабылдаған шақыртулар 4 (төрт) жеделділік санатына бөлінеді. Атап айтсақ, өміріне тікелей қауіп төндіретін, жедел медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттің жай-күйінде бірінші, өміріне медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйінде екінші, денсаулығына медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйінде үшінші, сондай-ақ жіті ауруынан немесе созылмалы ауруының асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларынсыз пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай-күйінде төртінші жеделділік санатында шақырылады.
1, 2, 3-жеделділік санаттарының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМЖС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды ЖМЖС фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді. 4-жеделділік санатының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМКС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшесінің фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді. Шақыртуды қабылдаған сәттен бастап, пациенттің тұрған жеріне дейін жету 1-жеделділік санаты он минутқа дейінгі, 2-жеделділік санаты он бес минутқа дейінгі, 3-жеделділік санаты отыз минутқа дейінгі, 4-жеделділік санаты алпыс минутқа дейінгі уақытты құрайды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«Қытайда үйренемін десеңіз, тәжірибе көп»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАСАЛҒАН ІС-ШАРА ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.