ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ — Төрттаған
Суббота, 17 января, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

08.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

READ ALSO

ЕНПФ представляет результаты социологического исследования, проведенного в 2025 году

Новые возможности управления пенсионными активами: инвестиции, ориентированные на результат

Мемлекеттік қызметшілер күнделікті жұмыс барысында көптеген мәселемен бетпе-бет келеді. Тұрғындардың өтінішін орындау, заң аясында шешім қабылдауда Қазақстан Республикасы әкімшілік рәсімдік — процестік кодексіне қатысты нормаларды терең білу маңызды. Іс жүргізу барысындағы осы кодекске қатысты білімді тереңдету мақсатында Түркістан облысы әкімі аппаратында семинар өтті. Семинарды облыс әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Әділ Бектұрғанов жүргізіп отырды.
Семинарда Түркістан облыстық сотының судьясы Аида Байтурова мемлекеттік іс-қағаздарды жүргізу, аталған кодекске қатысты сұрақтар бойынша мәлімет берді. Сонымен бірге Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Бауыржан Тәңірбердиев те мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап берді.
Мәжілісте сот әкімшілігінің ақпаратын қарау нәтижелері бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға мемлекеттік басқарудағы заңдылықты және азаматтарды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, қолданыстағы Қазақстан Республикасы әкімшілік рәсімдік — процестік кодексін қолдану тәжірибесі сөз болды.
Жиынның күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» баяндама жасалды. Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін атқарушы Нұрдос Құлмаханов кодекстегі өзгерістер мен негізгі шарттарға тоқталды.
Мемлекеттік қызметшілерден қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау; Мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру; Заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау; Азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау талап етіледі.
Мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берiлмейдi.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯЛАРЫНА ЭНДОВАСКУЛЯРЛЫҚ СТЕНТТЕУ ОТАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ТҰРҒЫНДАР БІР ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ЕНПФ представляет результаты социологического исследования, проведенного в 2025 году

16.01.2026
4
Жаңалықтар

Новые возможности управления пенсионными активами: инвестиции, ориентированные на результат

16.01.2026
4
Жаңалықтар

ЕНПФ информирует о выборе УИП критериев формирования инвестиционных портфелей

16.01.2026
4
Жаңалықтар

«Нацфонд – детям»: итоги использования средств совершеннолетними казахстанцами на 1 января 2026 года

16.01.2026
9
Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кәмелетке толған қазақстандықтардың қаражатты пайдалану қорытындылары

16.01.2026
9
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены от ИПН

16.01.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
235
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
194
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
191

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.