ТҮРКІСТАН: ЖҰРТ НАЗАРЫНДАҒЫ ЖӘДІГЕРЛЕР — Төрттаған
Понедельник, 19 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН: ЖҰРТ НАЗАРЫНДАҒЫ ЖӘДІГЕРЛЕР

06.12.2023
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ЖҰРТ НАЗАРЫНДАҒЫ ЖӘДІГЕРЛЕР

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 264 музей бар. Орта Азиядағы ең үлкен музей де Қазақстанда орналасқан. Ол – Арқаның төсінде, Астананың төрінде тұрған Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі. Ғимарат Ресейдің Эрмитажы, француздың Лувры және америкалықтардың «Метрополитені» бастаған әлемнің ірі экспозицияларының ондығына енеді. Аса ірі бірегей музей кешені 74 мың шаршы метр жерді алып жатыр және тоғызыншы қабатқа дейін ауыспалы қабатты болып келетін жеті блоктан тұрады. Жалпы көлемі 14 мың шаршы метрден асатын экспозициялық алаң 18 залды алып жатыр. Олар: Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Алтын залы, Ежелгі және орта ғасыр тарихы залы, Тарих залы, Этнография залы, Қазіргі заманғы өнер залы. Мұнда қазақтың төл тарихы, этнографиясынан бастап, жалпы адамзаттың ежелгі және орта ғасыр тарихын қамтитын түрлі жәдігерлер топтастырылған. Жуырда тағы екі зал – «Қолөнершілер орталығы» мен «Палеонтология» залы ашылды. «Қолөнершілер орталығында» еліміздің заманауи шеберлері жасаған үздік сәндік-қолданбалы өнер туындылары жұртшылық назарына ұсынылды.Ұлы Жібек жолы бойындағы көне шаһарлардың көркем үлгісімен жасалған аталмыш орталық келушілер көзінің жауын алды. Онымен қоса, қолөнер бұйымдарымен жақынырақ танысып, ұнаған туындыларды сатып алуға мүмкіндік алды. Ал «Палеонтология» залында Қазақстан аумағынан табылған тираннозавр, үш саусақты гиппарион жылқысы, үлкен мүйізді бұғы, алып мүйізтұмсық (индрикотерий), мамонт секілді ежелгі тарихқа дейінгі кезең жануарлары мен палеонтологтар мен геологтар тапқан басқа да тіршілік иелерінің қаңқалары жинақталды. Заманауи ақпараттық құралдармен жабдықталған аталмыш орталықты даяр­лау барысында Париждегі Палеонтология музейінің, Лондон қаласындағы Жаратылыстану музейінің, Берлиндегі Жаратылыстану музейі секілді әлемдегі алдыңғы қатарлы музейлердің тәжірибелері пайдаланылды. Сонымен қатар залдың ғылыми тұжырымдамасын дайындауға танымал отандық және шетелдік палеонтолог ғалымдар тартылды.

«Музей – қойма емес, ғылыми-зерттеу орталығы»

Еліміздегі музейлер ішінде жетекші рөл атқаратын Ұлттық музейде білікті, кәсіби мамандар қызмет атқарады. Олардың ішінде танымал тарихшылар мен археологтар, зерттеушілер, этнографтар, қор сақтау, ғылыми саланы дамыту сияқты музей саласының түрлі сала қызметкерлері бар. Солардың бірі музейдің аға ғылыми қызметкері Сырым Хасенов. Ол еңбек жолын Алматы қаласындағы мемлекеттік орталық музейден бастаған. Кейін Тұңғыш Президент музейінде қызмет еткен. Қазір Ұлттық музейде Қазақстан тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері және Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің ғылыми жұмыстар жөніндегі бастықтың орынбасары болып қызмет етеді. «Орталық музей – Қазақстан тарихын­дағы ең көне және ең ірі музейлердің қа­тарында. Музей коллекцияларын құру ту­ралы бастама ХІХ ғасырдың 30-жылдары Орынбор қаласында қолға алынған. Кейін Қызылордаға, одан Алматыдағы Кафедралды соборға көшірілген. 1985 жылы Өзбекәлі Жәнібеков министр, Әбіш Кекілбаев министрдің орынбасары болып тұрған кезде музейдің қазіргі ғимаратын салып, бүкіл жәдігерлерді сонда көшірткен. 2005 жылы мен сол музейге жұмысқа кірдім. Музейді ұстазым, этнограф Нұрсан Әлімбай басқарып отырған еді. Ол кісі – осы орталық музейді ғылыми-зерттеу мекемесіне айналдырған адам. Сосын 2005 – 2014 жылдары әлемдік деңгейдегі үлкен жоба «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» атты бес томдық еңбек жазып шығарды. Адамдар тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарының бәрі университеттер мен институт қабырғаларында, зерттеу орталығында жүргізіледі деп ойлайды. Музей де сондай ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса алады және айналысуы керек», – дейді Сырым Хасенов. Кей адамдар музейді тарихи заттар сақталған қойма ретінде елестетіп жатады. Алайда Сырым Хасенов бұл пікірмен келіспейді. Оның айтуынша, бұл жердегі әр жәдігер – көненің көзі, тарихтың айнасы. «Музейді көп адам тарихи заттар жиналған қойма деп ойлайды. Мен бұл пікірмен келіспеймін. Кейбіреулер тіпті бізден «Сендер музейде қандай жұмыс істейсіңдер? Картиналар мен жәдігерлерді күзетіп отырасыңдар ма?» деп сұрайды. Олай емес. Шынын айтқанда, ғылыми зерттеу жұмыстарының дені осы музейде атқарылады. Мысалы, Эрмитаж, Лувр, Метрополитен музейлері – соның дәлелі. Танымал тарих ғылымдараның докторлары мен ірі тарихшы ғалымдардың дені музейлерде қызмет етеді. Өйткені музей – ғалымдар үшін ірі зерттеу-мәдени орталығы. Сол үшін еліміздегі музейлерде тұрған жәдігерлердің ғылыми каталогын түзіп шығару керек. Олар ғылыми айналымға енетін болса, сол арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстары басталады. Мұндай каталогтар – ғылыми зерттеулерде қолдану үшін таптырмас құндылық», – деді Сырым Хасенов.

«Жұрт назарындағы жәдігерлер»

Сырым Хасенов ел музейлерінде тұрған әр жәдігер – ұлт тарихынан хабар беретін, ұлттың шығу тегі мен соқтықпалы-соқпалы даму жолын көрсететін бірегей ақпарат екенін айтты. Сол себепті музей сөресінен орын тепкен әр заттың құны мен орны ерекше. Десе де, ол Ұлттық музейдегі құнды әрі бірегей жәдігер ретінде Абылай ханның шапанын, Абылай сұлтанның мөрін, Қазыбек бидің шапанын, кіреуке сауытты, түрлі хандар ұстаған тулардың басын, Абай Құнанбайұлының құтысын атап өтті. «Абылай ханның шапанын 2007 жылы Байдалы бидің ұрпағы Хамза Сәтжанов Президенттік Мәдениет орталығына өткізген. Шапан дегенде, шапанның кішкентай жұрнағы деген дұрыс шығар. Кейін шапанды шебер Тұрсынкүл Жайлаубаева қайта жаңғыртудан өткізді. Қазақтың ауыз әдебиетінде Абылай ханның шапаны мұра болып Уәли ханға ауысқаны, Уәли хан қайтыс болғаннан соң, бәйбішесі Айғанымның шапанды Байдалы биге тарту еткені туралы дерек айтылады. Байдалы би Абылай ханның ең беделді бас биі, ал ХІХ ғасырдың басында Уәли ханның кеңесшісі болған. Дегенмен шетел тәжірибесінде осындай мұраларды музейге қойғанда «болуы мүмкін» деген тіркесті қолданады. Мысалы, Иван Грозныйдың бас киімін музейге қойса, «Иван Грозныйдың бас киімі (болуы мүмкін)» деп жазып қояды. Себебі осындай тарихи жәдігер табылса, сол салаға қатысты мамандарды шақырып, үлкен жиын өткізеді. Сол жерде ғалымдар бір ауыздан жәдігерді шынымен де тарихи тұлғаның тұтынған заты деп таныса, түпкілікті жазылады. Ал ғалымдардың жартысы қолдамаса, «болуы мүмкін» деп жазып қояды. Бізге де осы тәжірибені қолдану керек. Бізде бұл мәселе көп жағдайда қазақшылыққа салынып кетеді», – деді музей қызметкері. Қазыбек бидің шапанынан да тек үлкен жұрнағы қалған екен. Кезінде бидің туыстары оның шетін тәбәрік ретінде қиып-қиып алып кеткен. Тұрсынкүл Жайлаубаева бидің шапанын да сол жұрнағы арқылы жаңғыртқан.

«Тұлғалар тұтынған заттың киесі бар»

Киелі адамдардың киесі тұтынған затында да қалатыны рас-ау. Себебі дәл осы Қаз дауысты Қазыбек бидің шапанын қалпына келтіру кезінде түрлі тылсым оқиғалар болған екен. Шебер Тұрсынкүл Жайлаубаева шапанды алып, қалпына келтіру жұмыстарын бастаймын деген күні көрші кабинеттің жылу беретін батареясы жарылған. Үйіне апарғанда сол үйдің жертөлесінің жылу беретін батарея­сы жарылып, ыстық су терезеден сыртқа атқылаған. Екі жылдан астам уақыт бойы шапанды жасаймын деп жүріп апамыз биден қалған жәдігердің киесі мықты екеніне көз жеткізіпті. Сырым Хасенов мұндай тылсым жағдайдың өз басынан да өткенін айтты. «2014 жылы Ұлттық музейдегі Қазақ­стан тарихы залын жасақтаған кезде жәдігерлерді қоятын сөренің әйнектері қайта-қайта шытынап кете берді. Неге бұлай болды? Өйткені бұл жерде Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, әл-Фараби тұтынған заттар, хандар киген бексауыт­тар тұр. Сосын «Тарих тұғырындағы тұлғалар» экспозициясындағы Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының заттары тұрған сөре де сынып кетті. Сол кезде «Неге музейдің басшылары қан шығарып, құран оқытпайды екен» деп ойладым. Кейін 2020 жылы залды қайта жөндеуден өткізер кезде әріптесім екеуміз құран бағыштап, бата оқыдық. Содан кейін жұмысымыз бір айдың ішінде еш қиындықсыз, жылдам аяқталды. Әлі күнге дейін бірде-бір сөре сынған жоқ. Мен орталық музейде қызмет етіп жүрген кезде де сол жерді күзететін полиция қызметкері түнде Алтын адам тұрған жерде атты адам ары-бері шауып жүретінін айтқан еді. Музей – киелі орын. Бұл жерге таза келіп, таза жүру керек, жұмысты таза істеу керек», – дейді кейіпкеріміз.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ МЕКЕНІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: МЕЗЕТТЕР МЕН МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ҚОЙНАУЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
10
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
350
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
154

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.