ТҮРКІСТАН: ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ 3 КЛАСТЕРЛІК БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН: ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ 3 КЛАСТЕРЛІК БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

25.11.2023
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ 3 КЛАСТЕРЛІК БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Түркістан өңірінде туризмді 3 бағытта кластерлік дамыту ұсынылды. Біріншісі – Түркістан қаласындағы, Отырар, Сауран және Бәйдібек аудандарында орналасқан тарихи нысандарды қамтитын тарихи-танымдық туризм кластері. Екіншісі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен Түркістан қаласы маңындағы Жетікөлді қамтитын экологиялық белсенді туризм кластері. Үшіншісі – Сарыағаш, Арыс, Манкент курорттық аумақтарын қамтитын емдік туризм кластері. Сонымен қатар, облыс орталығы Түркістан қаласына келушілер ағынын арттыру және туристердің болу ұзықтығын ұлғайту мақсатында қаланың төңірегіндегі 60 шақырым радиуста орналасқан туристік нысандарды дамыту және қала аумағында аталған нысандар бойынша ақпараттар орналастыру керек.

Нысандардың инфрақұрылымын жетілдере отырып, жаңа туристік бағыттар ашу жоспарлануда.Ақмешіт үңгірін туристификациялау да маңызды мәселе. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде үңгір жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда үңгір орналасқан жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтару мәселесі қарастырылуда.

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Әсіресе, туризм кластерінің басым бағыты, көлік инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған. Облыс орталығы – Түркістан қаласы — тарихи туризмнің алтын ұясы. Қалада туристер мен қонақтарға, тұрғындарға қажетті ойын-сауық орталықтары, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық-демалыс нысандары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай салынып, халықтың игілігіне жарауда. Сондықтан Түркістанда толықтай туристерге қызмет көрсете алатын орындар баршылық.

Тарихи туризм ошақтары көп облыстың табиғаты әсем, шежірелі өлкелері де жетерлік. ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, көне Отырар, Сауран қалашықтары, Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесі, Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері мен Ақмешіт үңгірі, Түлкібас ауданының қайталанбас әсем табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық-табиғи паркі көптеген саяхатшыларды тамсандырған мекендер. Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласының тарихи-туристік нысандары да жұртшылыққа мәлім.

Айта кетсек, шаһарда туристерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. 2023 жылдың І-ші тоқсан қорытындысы бойынша қаладағы орналастыру орындарының саны — 57 бірлікті құраған. Ал, демалыс нөмірлерінің саны – 1199 болса, төсек-орын саны – 2557 бірлікке көбейген. Сондай-ақ,  жыл соңына дейін қалада 5 жұлдызды «Medina palace» қонақ үйі мен «Мұз айдыны» спорт кешені қолданысқа беріліп, туристерге арналған демалыс орны арта түспек.

Сонымен қатар, жыл сайын Түркістан облысының сауықтыру шипажайлары мен диспансерлеріне шамамен 50 мыңнан астам турист келеді.  Жалпы алғанда, аймақта демалушыларға диагностикалық медициналық қызметтердің кең спектрін, нәтижелі емделуді және толық тыныштық пен тепе-теңдік жағдайындағы жанға жайлы демалысты ұсынатын 60-тан астам мекеме бар. Олардың көпшілігі Сарыағаш өңірінде, тағы бірнеше шипажай Жетісай, Сайрам аудандарында және Арыс қаласында орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістанды қазақ халқы мен түркітілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм орталығына айналдыру бойынша атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар аз емес. Десек те, тарихи туризм ошақ­тары көп Түркістан облысында табиғаты әсем, шежірелі мекендер де жетерлік. ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, көне Отырар, Сауран қалашықтары, Оты­рар ауданындағы Арыстан баб кесенесі, Бәйдібек ауданындағы Домалақ ана кесенесі мен Ақмешіт үңгірі, Түлкібас ауданының қайталанбас әсем табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сай­рам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Қазығұрт тауы, Ақбура бұ­лағы, Қырық Шілтен жырасы, Машат шат­қалы ел тұрғындарын және шетелдік турис­терді қызықтырып, саяхат жасауларына не­гіз болып жатыр. Әрине, өңірге келу­ші­лер аттың басын әуелі Түркістанға бұрады.

Киелі шаһар өңірлік және халық­аралық деңгейде туризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие. Осы орайда қа­лада турис­тік инфрақұрылымды жақсартуға, соның ішінде қонақүйлер мен туристік кешендер салуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эконо­микалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитінде Қазақстан туристік саланың үлесін 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 8 пайызына дейін жеткізуді көздеп отырғанын атап өтті. «Біз Орталық Азия елдері мен күллі түркі әлемі үшін қасиетті сана­латын Түркістан қаласын белсенді дамытып жатырмыз. Тек 2020 жылдың өзін­де қаланың инфрақұрылымына, Түркістанның туризмі мен логистикасына құйылған ішкі инвестиция шамамен 1 млрд долларды құрады. Түркістан Қазақстанның ТОП-10 турис­тік бағытына кірді. Бұл сіздердің елдеріңіздің инвес­торлары мен турис­тері үшін тартымды өңір болмақ», деді Президент.

Түркістан қаласында туризмді да­мытудың 2023-2027 жылдарға арналған қалалық мақсатты бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленген. Осы жылдары туризм саласына тартылатын жеке инвестициялар көлемі 20700,0 млн теңге болып, бірқатар жобаны жү­зе­ге асыру көзделген. Мысалы, 2023 жылы құны 4000,0 млн теңге болатын 2 ны­сан салынбақ.

Қалаға келушілер саны да арта тү­суде. Кейінгі 3 жылда туристер саны 25%-ға артқан. Былтыр 1 күндік келуші және туристер саны 1451,5 мың адам болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,4%-ға артты. Ішкі турис­тердің саны 43,3%-ға, орналастыру орындары 31,1%-ға, нөмірлер саны 42,8%-ға, төсек-орын саны 34,1%-ға ұлғай­ды. Сондай-ақ өт­кен жылдың ІІІ тоқсаны бойынша орна­ластыру орындарынан көрсетілген қыз­мет көлемі 2,134 млрд теңге болып, өсім 145,6%-ды құрап отыр. Облыс орталығы бол­ғалы қалада мәдени-рухани, рекреа­циялық орталықтар, парктер салынып жатыр. Тарихи ескерткіштердің қай­та қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен тұрақты түрде жүр­гізілуде. Мысалы, 2021-2022 жылдары Қ.А.Ясауи кесенесінің күмбезі, «Сұл­тан Бегім» кесенесінің сыртқы және ішкі бөліктері, «Жұма» мешіті туристік нысандарына реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Биыл жоспар бойынша ортағасырлық «Жеті ата» көшесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Туристердің келуіне септігін тигізіп жатқан Түркістан қаласының әуежайы халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланған. Қазіргі таңда еліміздің 13 қаласынан бөлек Ыстанбұл бағытында тұрақты рейс­тер қойылған. Оның ішінде 11 қалаға субсидияланған рейстер ашылған. Қала тұрғындары мен қонақтарына 5 автовокзал қызмет көрсетеді. Туристік орын­дарға апаратын барлық автомо­биль жолдары күрделі жөндеуден өт­кі­зіліп, арнайы автотұрақтармен қам­тамасыз етілген. Темір жол көлігін дамыту мақсатында 2024-2026 жылдарға Ташкент – Шым­кент – Түркістан бағытында жоғары жыл­дамдықты теміржол жобасын іс­ке асыру жоспарлануда. Қалада ем­дік, оқиғалы туризмді дамыту үшін бірқатар шара ұйымдастырылмақ. Түр­кістан қаласының Шәуілдір тасжо­лы­ның бойында минералды су көзі ор­на­ласқан. Мамандардың айтуынша, 1 300 метр тереңдіктегі судың қасиеттері «Ессентуки», «Трускавец», «Вытаутас» санаторийлерінің және Удмуртиядағы НовоИжевск минералды бұлақтарының суларымен бірдей. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, қалаға күніне 10 мыңға тарта адам келіп-кетеді екен.

Айта кетейік, Түркістан облысында жыл соңына дейін 16 жоба және 20 оқиғалық туристік іс-шара өткізу жоспарлануда. Әуе рейстерінің аясын кеңейту қолға алынды. Өзбекстан Республикасымен туризмді дамыту келіссөздері жүргізілуде. Қазақстанның өзге де аймақтарымен ынтымақтастық орнатылады.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Мақсат — білімді, зияткер ұрпақты тәрбиелеу

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ІШКІ ТУРИЗМДЕ ІЛКІМДІ ІСТЕР ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.