Түркістан облысы Төлеби ауданы экономикасының негізгі драйвері – туризм саласы жыл өткен сайын дамып келеді.
Қазіргі таңда бұл өңір еліміздегі туризмі мейлінше дамыған аймақтардың біріне айналып отыр. Ауданның туризм саласында бүгінгі таңда 76 нысан жұмыс жасауда. Оның ішінде 1 шаңғы база, 4 емдік сауықтыру орны мен 71 демалыс аймағы жұмыс атқаруда. 2023 жылдың 8 айында 29 174 демалушы келіп, 586 миллион теңгеге қызмет көрсетілді.
Өңірдегі туризмді дамытудағы негізгі жобалардың бірі – Қасқасу ауылының Сарыбұлақ шатқалындағы «Қасқасу» туристік рекреациялық кешені. Бұл нысанның инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысын жүргізуге 1,7 млрд. теңге жұмсау көзделген. Кешен іске қосылған уақытта қоңыр күзден көктемнің ортасына дейін шаңғы тебуге мүмкіндік тумақ. Жазда тау баурайындағы демалыс аймақтары туристерге қызмет көрсетеді. Демек, Қасқасуда жылдың барлық мезгілінде демалуға мүмкіндік ашылады.
Туризм саласына тартылып жатқан инвестициялар көлемі де артып келеді. Мәселен, Қасқасу ауылдық округінде құны 187 млн. теңгені құрайтын «Top resort» демалыс орны ашылды. Тәулігіне 50 адамды қабылдай алатын кешен жоғары сапалы қызметпен ерекшеленеді. Сондай-ақ, қазіргі таңда «Alma-Tau» тау курортында жалпы құны 2 миллиард теңгеге бағаланып отырған қонақ үй және спорт кешені салынуда. Бірінші Мамыр елді мекенінде «Ауыл-Ел бесігі» жобасының аясында спорттық-сауықтыру кешені және футбол алаңшасының құрылысына 608 миллион теңге қарастырылған. Кешен биыл ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар Бірінші Мамыр ауыл округінде орналасқан «Шипабұлақ» демалыс орнын кеңейтуге 100 миллион теңге жұмсалмақ.
Тағы бір айта кететін жоба – Көксәйек ауылдық округінде 3 гектар жерге «Сақ» демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге балық шаруашылығы, тамақтану қызметі және сақ моншасы іске қосылды. 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Балық шаруашылығында 3 көл бар, онда 1000 дана сазан, 1000 дана карп балықтары өсіріліп, жұмыс жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі.
Соңғы кездері туризм саласындағы жаңа бағыт – саумалы сауықтыру орындарының көбейгені байқалып отыр. Шымкент шаһарынан бар-жоғы 30 шақырым жерде орын тепкен еліміздегі ең көрікті өңірлердің бірі әсіресе туристерге емдік сауықтыру қызметін көптеп ұсынуда. Қырық түрлі дертке емі бар, дәмі тіл үйірер Диханкөл қымызын арнайы іздеп келушілер көп. Ауданнан жылына 3 тоннаға дейін қымыз жөнелтіледі. Қазіргі таңда Төлеби өңірінде бірнеше саумалмен емдеу орталығы жұмыс істеп тұр. Ғалымдардың айтуынша, саумалдың құрамындағы С дәруменінің мөлшері сиыр сүтінен 7 есе жоғары. Қазірде Еуропа ғалымдарының өзі саумалды емдік және диеталық өнім ретінде пайдалануға кеңес береді.
Жаңадан ашылған сауықтыру орындарының бірі – “Дихан Тау” саумалы сауықтыру орталығының жобалық құны 57 миллион теңгені құрады. Кешен бір мезгілде 25 отбасын қабылдай алады. Сондай-ақ, Қоғалы ауылдық округіндегі құны 50 миллион теңгені құрайтын 23 төсек-орынды саумалмен емдеу орталығы 2021 жылдың шілде айында ашылып, бүгінде халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Жалпы алғанда туризм саласына жыл соңына дейін 3,7 миллиард теңге инвестиция тартылмақ. Алдағы жылдарда Төлеби ауданындағы туристік сала үлкен қарқынмен дамуы тиіс. Осында келетін туристердің санын алдағы 5 жыл көлемінде 36700 адамнан 80500-ге жеткізу көзделген. Ол үшін жаңа туристік бағыттар әзірленіп, тиісті инфрақұрылымды дамыту қолға алынатын болады. Тауға баратын жолдарды абаттандыру, туристік бағыттар бойында қымыз өндіру нүктелерін көбейту секілді шаралар атқарылмақ.
Айта кетейік, Төлеби ауданында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10,4 мыңға жетіп былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Аудан таулы аймақ болғандықтан туризм саласын экономиканың негізгі драйверіне айналдыруымыз қажет. Ауданда демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны 140 бірлікке жетіп отыр. 2022 жылдың 8 айында 21256 демалушыларға қызмет көрсетіліп 460 млн теңгенің қызметін көрсетіп облыс көлемінде 2 орында. (2022 жыл 8 ай 19 174 демалушы). Ауданда туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында жыл басынан құны 3.6 млрд теңгеге 7 туристік нысандар ашылды. Атап айтсақ:
– Қасқасу ауыл округінде «Кіші Европа» демалыс аймағы, құны 200 млн. теңге, 8 жұмыспен қамтылды;
– Ақмешіт шатқалында К. Ысқақовтың демалыс аймағы, құны 352 млн. теңге, 10 жұмыспен қамтылды;
– «ALMA-TAU» демалыс орнындағы спорттық сауықтыру кешенінде қонақ үй мен спорт кешені құрылысы ашылды. Құны 2 млрд 539 млн. теңге, 30 жұмыспен қамтылды;
– Нысанбек елді мекенінің жоғарғы жағында жеке кәсіпкер Г.Файзиеваның демалыс аймағы ашылды, құны 240 млн. теңге, 8 адам жұмыспен қамтылды;
– Алатау ауыл округінде жеке кәсіпкер Х.Назарованың демалыс аймағы іске қосылды, құны 90 млн. теңге, 6 адам жұмыспен қамтылды;
– Қоғалы ауылдық округінде құны 50 млн. теңгеге саумалымен емдеу орталығы іске қосылып, тәулігіне 20 адам ем алуда. 6 адам жұмыспен қамтылды;
– Зертас ауылдық округінде құны 130 млн. теңге болатын саумалымен емдеу орталығы іске қосылып. 10 адам жұмыспен қамтылды. Одан өзге жыл аяғына дейін Қасқасу ауыл округінде жеке кәсіпкер М.Күмісовтың құны 150 млн. теңге болатын демалыс аймағын ашу жоспарлануда. Аталған салаға көптеп инвестиция тарту үшін және дамыту мақсатында Біркөлік, Ақмешіт, Қасқасу елді мекендеріндегі туристік рекраециялық аймақтардың бас жоспарына егжей-тегжей жоспары әзірленуде. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін осы салаға құны 4,5 млрд теңге болатын 10 жобаны (демалыс аймақтары, қонақ үй мен спорт комплекс, оңалту-сауықтыру орталығы) іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде келуші туристер санын 55 мың адамға жеткізу жоспарлануда.(2022 жылы 41488 демалушы).
Бүгінгі күннің басты міндеті – жаңа кәсіпорындарды ашып, жаңа жұмыс орындарын құру, ауданға инвестициялар тарту. Бұл бағытта Ленгір қаласында «KAZPLAST» компаниясы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын жаңа тігін цехының құрылысын бастады.Келесі жылы кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда. Жоба қуаттылығы – жылына 90 мың қысқы арнайы жұмыс киімдерін тігу. Нәтижесінде 150 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Төлеби ауданында тұрғындардың 76 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Осы тұрғындарымызды қолдау үшін биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін жабдықтау, тұрғындардың өз кәсібін жаңғырту, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Ауданда бағдарлама аясында Киелітас, Көксәйек ауылдық округтерінің азаматтарына несие беру жоспарланған болатын. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының сұранысы бойынша, Бірінші Мамыр және Қаратөбе ауылдық округтерінің азаматтары да аталған бағдарламаға енгізіліп отыр. Бүгінгі күнге ауданға жоспарланған 1,3 млрд теңгенің, 1,1 млрд теңгесіне құжаттары тапсырылып оның 479 млн. теңгесіне 83 азаматтың жобалары қаржыландырылды.
Төлеби ауданында экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайтыны белгілі. Биылғы жылы Төлеби диқандары (үй іргелік жерді қоса есептегенде) 65,6 мың гектар жерге егістік ексе, оның 22,1 мың гектары астық, 100 гектары ноқат, 5 гектары дәндік жүгері, 10,8 мың гектары майлы дақылдар, 29,3 мың гектары жоңышқа, 1,2 мың гектарына картоп және 1,8 мың гектарына көкөніс егілді. Бұл салада негізгі жүзеге асатын ірі жобаларға тоқталсам. Көксәйек ауылдық округінде «ADS AGRO» компаниясы 600 млн. теңге несие алып, жылқы басын 1 800-ге жетікізіп, бордақылауда. Ет өнімін вакуммен орау және мал етінің сүйегінен ұнтақ шығару қондырғыларын орнатты. Бүгінде ауданда ағын су тапшылығы күн санап артуда, осы мәлелені шешу мақсатында Кемеқалған ауылдық округінде 13 гектар жерге сыйымдылығы 1 мың текше метрді құрайтын «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы басталды (200 млн. теңге бөлінді, жалпы құны – 1 123 млн. теңге). Тоған іске қосылғанда суармалы жер көлемі 350 гектарға ұлғайып, Абай елді мекенінің жерлерін ағын сумен қамтиды.
Төлеби ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі былтыр 8 айда 27,6 млрд. теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш 31,2 млрд. теңгеден асты (2023 жыл жоспар 46 млрд теңге). Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі былтыр 8 айда 25,6 млрд. теңгені құраса, ағымдағы жылы 11,7 пайызға артып 28,6 млрд. теңгеге жеткен (2023 жыл жоспар 42 млрд теңге). Аудан, қалалардың кесіндісінде Төлеби ауданы өнеркәсіп саласы бойынша 3 орынға жетіп отыр.
Төлеби ауданында шағын және орта кәсіпкерлік нысандары ашылып, кәсіпорындардың өнім көлемдері артып, туристік нысандардың саны өсуінен ауданның өзіндік кірістері де артуда. Нәтижесінде, өзіндік кірістер 8 айында 2 млрд. 146 млн. теңгені құрап 18,2 пайызға немесе 392 млн. теңгеге артты. Ал жыл соңына дейін 3 млрд. 673 млн. теңгеге жетеді. Бұл түсімдер ауданның әрі қарай дамуына өз септігін тигізетін болады.Төлеби ауданына ағымдағы жылдың 8 айында негізгі капиталға 20 млрд. теңге инвестиция тартылды (2022 жыл 8 ай 10,8 млрд теңге), (жыл соңына дейін 28,6 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған). Сонымен бірге, бұл мәселені өзектендіру мақсатында, алдағы 3 жылда 27 млрд. теңгеге 26 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланды. (құс өсіру, құрама жем өндіру цехы, жеңіл өнеркәсіп (арнайы киім тігу), демалыс және т.б. сауда орындары ашылу жоспарланған. 346 жаңа жұмыс орны). Төлеби ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі 2023 жылдың 8 айында 7,1 пайызға өсіп, 3,3 млрд. теңгеге жетті (2022 ж.8 ай – 3,1 млрд. теңге).
Аудан тұрғындарына мәдени және ойын-сауық қызметін көрсету мақсатында 15 мәдени нысан, 31 кітапхана жұмыс жасайды. Бірде-бір мәдениет нысандары жоқ Аққұм, Киелітас ауылдық округтерінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында тиісті қаржылар қарастырылып, мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде (Аққұм биыл аяқталады, Киелітас өтпелі).
Ауданымызда спорт саласын дамыту мәселесі ерекше назарда. Тұрғындардың спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 400 спорттық нысан жұмыс жасайды. Соңғы жылдары аудан аумағында мемлекет есебінен 6 кіші футбол алаңшасы және демеушілер тарапынан күрес түрлерінен 1 спорт кешені және 7 футбол манежі салынды. Сондай-ақ, бюджет есебінен Бірінші Мамыр және Көксәйек елді мекендерінде замануи үлгідегі спорт кешендері салынуда. Бірінші Мамыр елді мекеніндегі спорт кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны биыл 8 айда 50 мың адамды құрап, аудан халқының 41%-на жетті. Ауданда жұмыспен қамту шаралары кенінен жүзеге асырылуда. «Еңбек» бағыты бойынша 3.8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды (2181 тұрақты, 1648 уақытша). Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сай 983 жұмыс орны ашылды. Аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсету бойынша биыл 1 023 отбасыға (5 535 адам) 531 млн. теңге қаралып, 580 отбасыға (3 201 адам) 203,5 млн. теңгеге көмек көрсетілді. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.