Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар… — Төрттаған
Вторник, 16 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар…

05.12.2023
Қоғам
0
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар…

READ ALSO

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

Көршім Мақсат Қоғалыға қайын жұртына қыдырып барып, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы шынайы көрсетілген сүндет тойға куә болыпты. Алайда сол ауылда бір ыңғайсыз жағдай да орын алыпты. 
– Мен барардан бір апта бұрын қайнымның көршісіне Тараздан Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтында бірге оқыған досы келіпті, – деп бастады әңгімесін Мақсат аға. – Кездеспегендеріне 30 жылдай болған екі дос бір-бірімен сағына қауышып, көпке дейін мауықтарын баса алмайды. Содан қой сойып, ағайын-туыстарын шақырып, үй иесі үлкен отырыс жасайды. Сөздеріне қарағанда, Тараздан келген қонақтың тұрмысқа шықпаған жоғары білімді қызы бар болып шығады. Ал, үй иесінің 25 жасар бойдақ баласы бар екен. Сонымен ішкілік ішкен жерде не болмайды дейсіз? Дастарқан басында екі дос бір-біріне құда болайық деп уағдаласады. Осылай гу-гу болып отырған кезде тамақ келіп, үй иесі болашақ құдасының алдына қойдың басын тартады. Үйме-үйме табақтан етті армансыз жеген олар ішкілікті де жетімсіретпей дембіл-дембіл алып отырады.
Тамақ әбден желініп бітті-ау деген кезде үй иесі қазақы дәстүрмен тараздық досына асатпақ жасамақшы болады. Ол алақанына ет аралас қойдың майын нығыздай салып қонағының қарсылығына қарамай аузына күштеп сала бастайды. «Ойбай, құдеке, қажеті жоқ» деп жалынғанына қарамай қолындағы ет пен құйрықты өңешіне қарай итере береді. Сол арада болашақ құдасының көздері аларып, бірден демі жетпей тұншыға бастайды. Бір кезде қақалып-шашалған қонақ жүрегін ұстаған күйде құлап түседі. Екі қолын ербеңдетіп, демі жетпегендей сұлқ түскен досының әлем-тапырақ жүзінен шошынған үй иесі оның апандай аузын көріп шошып кетеді.
Сол кезде барып қызды-қыздымен ет асатқан кезде қонағының аузындағы жасанды тісті итеріп, өңешіне тоғытып жібергенін бір-ақ біледі. Сонымен, жүрегі ұшып кеткен үй иесі «Жедел жәрдем» шақырады. Бірақ, ырғалып-жырғалып «Жедел жәрдем» келгенше аузын арандай ашқан қонағы протез тісі өңешіне қадалып қалғандықтан дем ала алмай тұншығып қайтыс болып кетеді…. Дәрігерлер ешқандай да көмек көрсете алмайды…
Міне, қазақтың ежелгі салтын жасаймын деген үй иесінің әрекеті осылайша қайғылы жағдайға ұласады. Содан курстасына деген сезімі алып-ұшып келген тараздық қонақтың тағдыры осылайша қайғылы аяқталғанын есітіп, көңілім қатты жабырқап кетті. Меніңше, дәстүрдің озығы бар, тозығы бар дегендей, ондай салтты қою керек қой. Бүгінде адамдар арасында бұрынғыдай емес, экология салдарынан туындап отырған түрлі аурулар көбейіп кетті. Әлгі қайтыс болған кісі де жасанды тіспен жүргені анық. Досының шын ниетпен жасаған әрекетіне қарсы тұра алмай о дүниелік болып кетті… Бұған не дейсің? – деп көршім әңгімесін көңілсіз аяқтады.
Иә, «Жазым болса – быламыққа да тіс сынады» демекші, мезгілсіз келген ажалға дауа бар ма?
О.ӨКСІКБАЙҰЛЫ.
Түлкібас ауданы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛДАРЫ ГАЗБЕН, АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛЫП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ORDABASY: ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАУ МІНДЕТТЕЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
10
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

10.09.2025
3
ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

10.09.2025
2
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»
Қоғам

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»

10.09.2025
2
Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
435

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
359
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
221
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
170
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.