Түркістан музыкалық драма театры Сарыағаш ауданында «Беу, қыздар-ай» музыкалық комедиясы сахналады. Әзілі мен әні жарасқан махаббат тақырыбындағы қойылым арқылы театр ұжымы жетісайлық көрерменнің сүйіспеншілігіне ие болды.
Түркістан облысының бес жылдығына орай, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өңірдегі танымал өнер ұжымдарын шалғай аудан, қалаларға гастрольдік сапармен жіберу туралы тапсырмасы аясында бұған дейін Сайрам ауданында театр ұжымы Қанабек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаевтың аталған қойылымын көпшілік назарына ұсынған болатын.
Айта кетейік, дәл осы «Аруы әсем ауданға» гастрольдік сапары 11 желтоқсанда Ордабасы ауданындағы мәдениет үйінде ақысыз негізде жалғасады.