ТҮРКІСТАНДА «ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МАЙДАН» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА «ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МАЙДАН» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

06.12.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАНДА «ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МАЙДАН» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістандағы облыстық «Фараб» ғылым әмбебап кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-өнертанушы, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібекұлы жайында сыр шертілетін «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының таныстырылымы өтті. Тұсаукесер рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, кітап авторлары – Санжар Керімбай мен Айбек Нәбиге алғысын білдірді. Тағылымды іс-шара барысында Түркістан облысының ардагерлері Жарылқасын Әзіретбергенов, Жарқынбек Құлбайымбетов және Рахым Тәңірбергенов, сондай-ақ Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев ізгі лебізін білдіріп, құрмет көрсетті.
– Түркістанда әдеби, мәдени, рухани кештер өз жалғасын тауып келе жатыр. Бүгінгі кештің жөні бөлек. Себебі ұлт руханиятына қызмет жасаған қайраткерлердің бірі де бірегейі, өзіміздің жерлесіміз, осы Түркістанның қасиетті топырағынан жаралған тұлға – Өзбекәлі Жәнібековтың кітабының тұсаукесерінде бас қосып отырмыз. Кеңестік дәуірде мемлекеттік қызметте жүрген кез келген азаматқа ұлттық ұстаныммен қызмет ету қиын болғанын білесіздер. Сол кезеңдерде Өзбекәлі ағамыз қай салада, қай ортада қызмет етсе де ең бірінші ұлттық ұстанымынан айнымағанын білеміз. Әсіресе, этнография, салт-дәстүр саласында, бала тәрбиесінде ағамыздың жасаған еңбектері орасан. Соның ішінде Әз-Наурыздың және Тайқазанның қазақ еліне қайта оралуында өзіндік еңбегі бар. Осы кітапты арнайы дайындап, ішіне небір мәнді, мазмұнды сәттерді енгізе отырып шығарған, еңбектенген азаматтарға түркістандықтардың атынан, облыс әкімдігінің атынан шынайы алғысымызды айтамыз, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Кітап авторы Санжар Керімбай кездесуде кітаптың қалай жазылғанын, іздену барысында тап болған қызықты жағдайлар мен анықталған тың деректерге тоқталды. Іс-шара барысында Өзбекәлі Жәнібековтің сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың әні «Арқалықтың ақ таңы» және басқа да әндерінен попурри, сонымен қатар патриоттық әндер орындалды.
«Отбасы хрестоматиясы» қорынан жарық көрген бұл кітаптың алғашқы тұсаукесері 25 қараша күні Алматы қаласында өткен болатын. Енді түркістандық оқырмандарға да жол тартып отыр.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.