Бүгін Түркістанда таеквондодан халықаралық дода басталды. Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған жарысқа 300-ден аса спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде Өзбекстан мен Қырғызстан және Алматы, Шымкент, Атырау, Қызылорда, Байқоңыр қалалары, Түркістан облысының аудандарынан келген спортшылар бар.
Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы өңірдегі спорт саласының жетістіктеріне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Айта кетейік, Балуан Шолақ спорт кешенінде өтіп жатқан жарыс 7-желтоқсанға дейін жалғасады.