ТЕКТІЛІКТІҢ ТУЫН БЕРІК ҰСТАҒАН ТҰЛҒА — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТЕКТІЛІКТІҢ ТУЫН БЕРІК ҰСТАҒАН ТҰЛҒА

27.11.2023
Қоғам
0
ТЕКТІЛІКТІҢ ТУЫН БЕРІК ҰСТАҒАН ТҰЛҒА

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Алты Алаштың мақтанышы, есімі елімізге кеңінен танымал тұлға, әңгіме жазудың хас шебері, қазақ әдебиетінің шоқ жұлдызы Бейімбет Майлиннің ізін жалғастырушы, Түлкібас ауданының төл перзенті Мархабат Байғұт ағамыздың шығармашылығын насихаттауға арналған « Мархабат оқулары» бүгінде аудан көлемінде орналасқан білім ошақтарында өз жалғасын табуда. Сондай тартымды әдеби іс-шара өткен аптада Мархабат ағамыздың өзі түлеп ұшып шыққан Абай атындағы мектеп-лицейде жалғасын тапты. Аталмыш білім ордасының мәжіліс залында өткен бұл іс-шараға мектеп ұжымынан бөлек «Мархабат-Мирас» қорының төрағасы, Түркістан облысының Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз, жазушы-журналист Мархабат Байғұттың сыныптасы Қалаубек Анашев қатысып отырды.
«Мархабат оқулары» мектеп көркемөнерпаздарының орындауындағы «Үркер» күйімен ашылды. «Тектіліктің туын биік ұстаған тұлға» атауымен ашылған әдеби іс-шарада «Мархабат-Мирас» қорының төрағасы Сәтбай Қасымбек, қаламгердің сыныптасы Қалаубек Анашев Мархабат ағаның жарқын бейнесін сағынышпен еске алып, жазушының шығармашылығына жан-жақты тоқталып өтті. Олар өз сөздеріне сөз зергерінің шеберлігін арқау етіп, оқушыларды жерлес жазушының кітаптарын жаппай оқуға шақырды. Ал, өз кезегінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнарай Сатымбекованың ұйымдастыруымен мектеп оқушылары М.Байғұттың әңгімелері аясында сахналық көріністер қойып, жазушы жақсы көретін «Ақтолғай» әнін нәшініне келтіре орындады. «Киік оты» шығармасынан монолог оқыды.
Бір сөзбен айтқанда, жазушы-журналист Мархабат Байғұттың шығармашылығы насихаттауға арналған «Мархабат оқулары» тартымды әрі қызықты өтіп, оған қатысқан қонақтар мен оқушыларға үлкен ой салды. Жазушының өнегелі өміріне, шығармашылығына деген қызығушылықтарын оятқаны анық. «Мархабат оқуларын» мектеп директоры Нұрғали Сағындықов қорытып, осы кездесуді өткізуге ат салысқан ұстаздар мен оқушыларға және алтын уақыттарын бөліп арнайы келген қонақтарға өзі басқарып отырған ұжымы атынан ризашылығын білдірді.
О.КӨМЕКОВ.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ, ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНҒАН ЖИЫН ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҮЛЕГІ, ТЕҢІЗДЕЙ ТЕРЕҢ -МАРХАБАТ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.