Ел қарқынды дамысын десек… — Төрттаған
Суббота, 14 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ел қарқынды дамысын десек…

25.11.2023
Қоғам
0
Ел қарқынды дамысын десек…

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасы үшін маңызды салалардың бірі. Ауыл-аймақтарда мал мен егін шаруашылықтарын дамыту қазіргі таңда қарқынды қолға алынып отыр. Осы орайда ауылдағы қарапайым еңбек адамдары қандай құрметке болса да лайық.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіби маманның қадірін білу керектігін,  еңбекқор адам мемлекетті дамытатынын баса айтты. Президент ойын «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс.  Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады» деп тұжырымдаған болатын.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ «ҮЗДІК МЕХАНИЗАТОР – 2025» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Президентімізді ұлықтау салтанатында «…Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ.  Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын. Осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған  барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз» деген болатын.

Өздеріңізге белгілі, «Ауыл» партиясы биылғы сайлауда мүмкіндіктерін көрсете отырып, өздерінің іргелі саяси күш екендігін дәлелдеп шықты. «Ауыл» партиясы халықтың сеніміне кірген биліктегі екінші партия десек, артық айтпаған болар едік.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл» партиясына үлкен сенім артып отыр. «Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет. Бұл жұмысқа Мәжілістен орын алған «Ауыл» партиясы өз үлесін қосады деп сенемін» деген еді Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде.

Жауапкершілік жүгін жақсы түсінетін «Ауыл» партиясы ауыл шаруашылығы саласының дамуына қарқынды үлес қосып, еңбек адамдарының мәртебесін көтеру жолында түрлі ізденістерге баруда.

«Ауыл» партиясының потенциалы жеткілікті, мүмкіндігі де мол. Партия тек ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағыты бойынша ғана жұмыс істейді деген жаңсақ пікір қалыптаспауы керек. Қоғамда кенже қалып келе жатқан, көп жағдайда құқықтары ескеріле бермейтін түрлі әлеуметтік топтарға байланысты екі комиссия жұмыс істейді.

Біріншісі – көп балалы аналарға әлеуметтік көмек көрсету, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, ауылдық жердегі іскер әйелдерді демеу мақсатында құрылған «Мейірім құшағы» комиссиясы.

Екіншісі – мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия.

Партия назарындағы тағы бір мәселе – жайылым жерлердің тапшылығы. Бұл – еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі. Жайылымның жоқтығы мал басының көбеймеуіне, шаруалардың шығынға ұшырауына әкеліп соғады.

«Ауыл» партиясының Парламент Мәжілісіндегі депутаттары елдегі агроөнеркәсіп саласын дамытудың бірнеше тиімді тәсілдерін ұсынды.

Партияның тағы бір ауқымды жобасы – «Суармалы жер – ауыл табысының негізі». Суармалы жерде егін шаруашылығы мен мал шаруашылығынан бірнеше есе көп өнім алуға болатыны баршамызға белгілі. Сол себептен де еліміздегі ағын су мәселесін қолға алу керек. Ол үшін ең алдымен ескірген су каналдарын жөндеп, суды үнемді пайдаланып, әбден тозығы жеткен дренаж жүйелерін қалпына келтіру қажет. Осы мәселелердің бәрін көтеріп, сараптау мақсатында 2023 жылдың 21 қыркүйегінде «Ауыл» ХДПП-ның бастамасымен «Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету – ауыл тұрғындарының табысын арттыру негізі» атты республикалық кеңес өткізілді. Кеңес нәтижесінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға нақты ұсыныстар жолданды. «Ауыл» партиясы көтеріп отырған су мәселесі оң шешілетін болса, еліміздің көптеген өңірлерінде шаруашылық қарқынды дамып, ауыл тұрғындарының табысы артары сөзсіз.

Ауылдың экономикасы көтеріліп, тұрмысы жақсарса, елдің дамуы да қарқынды болады. Ауыл проблемасын шешу үшін тек шаруашылық бағытқа ғана емес, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, білім сапасын көтеру, медицина саласын дамытумен де айналысу қажет. Сонда ауыл әлеуеті дамып, тұрғындардың да саны артады.

Парламент қабырғасындағы әріптестерімізбен тығыз байланыстамыз. Өз атымнан білім саласына қатысты бірнеше ұсыныс бердім. Міндетті медициналық сақтандыру мәселесі өңірлік филиалдың саяси кеңесінде талқыланып, бірнеше ұсыныс айтылып, оны да әріптестерімізге жібердік. Егер ұсынысымыз қабылданып жатса, сақтандыру аясындағы кейбір мәселелер оңтайлы шешілген болар еді.

Ендеше, ел әлеуетін көтергіміз келсе, алдымен назарды ауылға аударғанымыз жөн. Біз ауылдың болашағы зор деп білеміз.

Қ.ДОСАЛИЕВ,

«Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша

филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты.

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САПАЛЫ ТҰҚЫМ — ЖОҒАРЫ ӨНІМДІЛІКТІҢ КЕПІЛІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Cаналы ұрпақ – кемел болашағымыз

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

09.06.2025
3
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ «ҮЗДІК МЕХАНИЗАТОР – 2025» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.06.2025
3
Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.