Бізді түбегейлі реформалар күтіп тұр — Төрттаған
Пятница, 16 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Бізді түбегейлі реформалар күтіп тұр

22.11.2023
Қоғам
0
Бізді түбегейлі реформалар күтіп тұр

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ең алдымен бұған дейін халыққа берген уәделерінің орындалғаны туралы баяндады. Атап айтқанда, мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысының еліміздегі орташа жалақыдан асып түсуі, зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану арқылы азаматтарымыздың баспаналы болуы, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400 мектеп және 300-ден астам денсаулық сақтау нысандарының салынып жатқанын жеткізді. Ең бастысы, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынып, жаңа жылдан бастап балаларымыздың есепшотына қаржы түсе бастайтынын зор қуанышпен хабарлады.
Мұнан соң Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру үшін бірнеше бастама көтерді. Оның ішінде еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру, туристік әлеуетті дұрыс пайдалану, мемлекеттік сатып алу үдерісін оңтайландыру, отандық өнім өндірушілерді қолдау, геологиялық барлау ісіне айрықша назар аудару, тау-кен саласын басқару жүйесін жаңарту, қорғаныс саласын жоғары технологиялы қару-жарақпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамыту арқылы Еуразияда аграрлық орталыққа айналу, энергетикалық қауіпсіздік, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, ағын суды үнемдеу, көлік-логистика саласын дамыту, елімізді IT мемлекетке айналдыру мәселелері төңірегінде Үкіметке нақты міндеттер жүктеді.
Мақтаарал ауданы аграрлы аудан болғандықтан, оның ішінде суармалы егіншілікпен айналысқаннан кейін жыл сайын шаруаларымыз ағын су тапшылығы проблемасын көтереді. Биыл да бұл проблема алдымыздан шықты.  Президент өз Жолдауында ағын су тапшылығының алдын алу бойынша ұсыныстарын айтты. Президенттің айтуынша, суды барынша үнемдеуіміз қажет, ал, оны нормативтен артық жұмсағандар ақысын жоғары тарифпен төлеуі тиіс.
Жолдау барысында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылып, Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтіні де белгілі болған еді. Сондай-ақ Президент Қазақстанның су шаруашылығын басқару жүйесіне түбегейлі реформа жасалатынын қоса айтты. Мұнан бөлек, Президентіміз агро-өнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау үшін қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану керектігін еске салды. Расында, еліміздің ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Сол себепті де Президент осы салаға ерекше назар аударды.
Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы нағыз елге қажет бағдарлама болып шықты. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.
Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы бүгінде күрделі проблемаға айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникаларының 80 пайызы тозған. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал.
Президент айтқандай, қазіргі таңда жаһандық бәсеке күшейіп тұр, тауар нарығында өзгеріс бар. Мұндай жағдайда өнім өткізу саясатына ерекше мән берген жөн. «Жылдар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орнымызды сақтап қалу айрықша маңызды. Үкіметтің алдында сыртқа шығарылатын өнім нарығының ауқымын жоспарлы түрде кеңейту міндеті тұр. Қазақстанның тауарларын шетелге таныту және шығару үшін тиісті шаралар қабылдаған жөн» деді Мемлекет басшысы.
Бүгінде шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы саласы жай тоқырауға емес, мүлде құрдымға кетеді.
Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін түрлі шаралар қабылдау қажеттігін Президент қадап айтты. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керектігі де заман талабы.
«Сондай-ақ шетелдің танымал агроғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз.
Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн» деп атап өтті өз сөзінде Мемлекет басшысы.
Ел Президентінің Жолдауындағы мені тағы бір ең қуантқан мәселе – «Достық – Мойынты», «Бақты – Аякөз», «Дарбаза – Мақтаарал» бағытындағы ірі теміржол жобаларын сапалы жүзеге асыру қажеттігі айтылды. Автожолдан басқа логистикасы жоқ Мақтаарал ауданының тұрғындары үшін бұл үлкен қуаныш. Құрылыс материалдары болсын, басқа материалдар болсын, жүк көліктерімен жеткізу қымбатқа түсіп, халықтың қалтасына ауыр тиетін еді. Ендігі жерде тасымалдау бағасы теміржол арқылы арзанға түседі.
Жолдауда Президент 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды. Жалпы елімізде орташа жалақының мөлшері бойынша облысымыз ең төменгі орында келеді. Бізде  жұмысшылардың айлық жалақысы өте төмен. Президент тапсырмасы «Еңбек» бағдарламасы бойынша уақытша жұмыс істейтіндерге де тиімді болатыны сөзсіз. Әрі бұл біздің өңірімізде халықтың әл-ауқатын көтеруге септігін тигізеді.
М.ӘЖІҚАБЫЛОВ,
Мақтаарал аудандық «Мансаптық орталығы» КММ-нің директоры.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАРҒА ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТҚА СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫН БЕРУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА СӘНІ МЕН СӘУЛЕТІ ЖАРАСҚАН ЗӘУЛІМ МЕШІТ АШЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
9
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
427

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
211
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
152

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.