ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ТІЛ БАЙҚАУЫ ӨТТІ — Төрттаған
Воскресенье, 7 декабря, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ТІЛ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.11.2023
Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ТІЛ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

READ ALSO

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ТИІМДІ МҮМКІНДІК

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бойынша жаңа цифрлық бақылау жүйелері енгізілуде

Бүгін Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Қанекей, тілім, сөйлеші!» атты аудандық байқау өтті. Аталмыш шараға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға 16-29 жас аралығындағы арнаулы орта оқу орындары мен мектептерден 11 үміткер қатысып, үш кезең бойынша сынға түсті. Бірінші кезеңде қатысушылар өзін таныстырып сәлемдессе, екінші кезеңде жұмбақтап айтылған шешендік сөздердің, мақал-мәтелдердің астарын ашып, мән мағынасын түсіндіріп берді. Ақтық кезеңде ақын-жазушылардың шығармаларынан мәнерлеп жатқа оқу, күй, терме, дәстүрлі ән орындау сынды ұлттық өнер түрінен сайысқа түсті.
Қазылар алқасының шешімімен Ю.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Еркеназ Өмірзақ жеңімпаз атанды. Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы білім беретін мектептен Аружан Семен II орынды, Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің қатысушысы Ілияс Манарбекұлы III орынды иеленді. Сонымен қатар «Үздік өнер көрсетуші» номинациясымен Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы білім беретін мектептің қатысушысы Лағыл Намаз, арнайы жүлде «Үздік киім үлгісі» номинациясымен №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының қатысушы үміткері Айсұлу Ізтілеу марапатталды. Сондай-ақ барлық қатысушыға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, байқау мақсаты – Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Жетісай ауданында жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді насихаттауды жандандыру, аудан жастарын сөз өнеріне жақын, тілге шешен, ділмар етіп тәрбиелеу.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БАЛАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

САУРАНДЫҚТАР «АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІН ТОЛАЙЫМ ТАБЫСТАРМЕН ӨТКІЗДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ТИІМДІ МҮМКІНДІК

03.12.2025
4
Жаңалықтар

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бойынша жаңа цифрлық бақылау жүйелері енгізілуде

27.11.2025
5
Жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласындағы жаңғырту тұрғындарға қолжетімді медициналық көмекті күшейтті

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламалары ауыл жастарының өз ісін бастауына жол ашты

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету өңір фермерлерінің ішкі нарықты тұрақтандыруға үлес қосуда

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Цифрлық сервистер халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырды

27.11.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
444

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
233
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
184
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
182

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.