Бүгін Түркістан қаласында жасөспірімдер арасында үлкен теннистен республикалық жарыс басталды. Бәсекеде Шымкент, Астана қалалары мен Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарынан жиналған 70-ке жуық спортшы қатысып жатыр.
Республикалық доданың ашылуына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы мен қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысып, облыс орталығындағы спорт саласындағы оң өзгерістерге тоқталды.
— Спорт — ең алдымен мінез қалыптастырады. Тәуелсіз мемлекетіміздің рухты жастарын тәрбиелеу — біздің басты міндеттеріміздің бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында қаламызда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Спорттық алаңшалар мен нысандар қатары артты. Түркістан өңірінде бұқаралық спорт қарқынды дамып жатыр. Бүгінгі жарыста елдің намысын әлемдік додаларда қорғайтын мақтаныштарымыз шығатынына сенімдімін, — деді Мекенхан Қозыханұлы өз сөзінде.
Айта кетсек, жасөспірімдер арасындағы республикалық жарыс 26-қарашаға дейін жалғасады.