ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ — Төрттаған
Воскресенье, 7 декабря, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

22.11.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

READ ALSO

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ТИІМДІ МҮМКІНДІК

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бойынша жаңа цифрлық бақылау жүйелері енгізілуде

Мемлекет басшысы өз Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялаудың ұзақ мерзімді жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. Кәсіпкерлерге жерді жедел әрі ашық бөлудің тиімді әдістерін тұжырымдау жөнінде Үкімет алдына міндеттер қойған еді.

Президент тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында Төлеби ауданында жылдағы дәстүр бойынша «Алтын күз» мерекесі аталып өтті. Мерекеге орай Ленгір қаласының орталық алаңында өткен жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері жеңілдетілген бағамен саудаланып, ауылшаруашылық саласының өнімдері мен өзге жетістіктері көрмеге қойылды.

Аудандық Мәдениет үйінің алыңында салтанатты жиын өтіп, аудан әкімі Төлеген Телғараев еңбегімен дараланған азаматты Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттап, бұл салада жетістікке жеткен ауылдық округ әкімдіктерін жеңістерімен құттықтады.
Ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде даму көрсеткіштерін орындауда алғашқы үштікке енген ауылдық округ әкімдері марапатталды. Ауыл шаруашылығы саласында үздік атанған Бірінші Мамыр ауылдық округі – бірінші орынды иеленсе, Киелітас ауылдық округі – екінші орыннан, ал Көксәйек ауылдық округі үшінші орыннан көрінді.
Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы бойынша өндірілген өнім көлемі 10 айдың көрсеткіші бойынша 58,9 млрд. теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,6 млрд теңгеге артты.
Биылғы жылы 65636 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, астықтан – 44652 тонна, майлы дақылдан – 12 991 тонна, картоптан – 23293 тонна, көкөністен – 31610 тонна, мал азықтық дақылдардан – 90950 тонна өнім жиналды.
Салтанатты шарада аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев ауылшаруашылық саласының дамуына белсенді үлес қосып келе жатқан озат агроқұрылым басшылары мен өкілдеріне Алғыс хат табыс етті.
Айта кетейік, облыстық «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері» күніне арналған «ALTYN KUZ – 2023» салтанатты іс-шарасында Төлеби ауданы мақсары өндіруден озат аудан, «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асырудан озат аудан номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар облыстық озат жылқы шаруашылығын дамытушы номинациясымен «Бекшеге» шаруа қожалығы марапатталған болатын.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: QR-КОД АРҚЫЛЫ ВЕТЕРИНАР ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУҒА БОЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МЫРЗАШӨЛ ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2023» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ТИІМДІ МҮМКІНДІК

03.12.2025
4
Жаңалықтар

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бойынша жаңа цифрлық бақылау жүйелері енгізілуде

27.11.2025
5
Жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласындағы жаңғырту тұрғындарға қолжетімді медициналық көмекті күшейтті

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламалары ауыл жастарының өз ісін бастауына жол ашты

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету өңір фермерлерінің ішкі нарықты тұрақтандыруға үлес қосуда

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Цифрлық сервистер халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырды

27.11.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
445

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
233
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
184
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
182

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.