ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ДРАМА ТЕАТРЫ ТҮРКИЯ АСТАНАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ — Төрттаған
Воскресенье, 5 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ДРАМА ТЕАТРЫ ТҮРКИЯ АСТАНАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

22.11.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ДРАМА ТЕАТРЫ ТҮРКИЯ АСТАНАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫНЫҢ ҚҰРАҚШЫ АНАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕКОРД ОРНАТУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының шығармашылық ұжымы Түркия астанасы Анкарада көрерменнің көңілінен шықты. Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойы және ТҮРКСОЙ ұйымының да 30 жылдығы, Жетісай драма театрының 55 жылдығы, Түркістан облысының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған шара аясында Кескіндеме және мүсін мұражайы ғимаратында тарихи «Түрік ошағы» залында қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясын сахналады.
Көкту қазақ мәдениеті қоғамының ұйымдастыруымен өткен қойылымды тамашауға ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысының орынбасары Саид Юсуф, Кечиөрен муниципалитетінің басшысы Тургут Алтынок, Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қызметкерлері, қазақ мәдениетін жанына жақын сезінетін түрік ағайындар, қазақстандық студенттер мен қандастар келді.
Жетісай театрының әртістері қазақтың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезов жазған осы пьесадағы қазақ халқының бай дәстүр-салтын, өнерін, әзіл-қалжыңын, мінезін барынша мол бояуымен беріп, түркиялық театр сүйер қауымға жеткізе білді. Әсіресе қазақ театр ұжымының сахна беземесі, актерлердің костюмдері, сахнаны қолдану ерекшеліктері тәнті қылды.
Сахнада Жарас рөлін Қазыбек Әуелбек сомдады. Айман мен Шолпанды ойнаған Балжан Тағандұрды мен Райхан Әжібек сынды қос сұлудың ақылын да, ажарын да, орынды әзілін де, әнін де жеткізуге тырысты. Сонымен қатар Маман байды Болат Баймағанбетов, Көтібар образын Бақытжан Қаппаров, Теңгені Бақтыгүл Қалдарбекова, Әлібек пен Арыстан образдарын да Абылайхан Қыдыралиев пен Өмірзақ Айдаров сомдады.
Айта кетейік, іссапар аясында ТҮРКСОЙ ұйымы Бас хатшысының орынбасары Саид Юсуфпен кездесті. Театр әртістері ұйым атынан арнайы алғыс хат табыстады. Шығармашылық топ Анкара сапары шеңберінде Түркияның бас қаласының тарихи және мәдени орындарын аралады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА СТУДЕНТТЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 4000-ҒА ЖУЫҚ ШӘКІРТ ХИМИЯДАН ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНҒАН

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫНЫҢ ҚҰРАҚШЫ АНАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕКОРД ОРНАТУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫНЫҢ ҚҰРАҚШЫ АНАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕКОРД ОРНАТУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

11.06.2026
4
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
11
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
7
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
4
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.