ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 45594 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН — Төрттаған
Воскресенье, 26 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 45594 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

20.11.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 45594 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

Түркістан облысы елімізде бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 14 қараша күні сағат 8:10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облысында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар. 14 қараша күні Түркістан облысында 13 сәби туылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында «Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді» деген болатын. Дәл осы күні жалпы облыста 139 бала дүние есігін ашса, Түркістан қаласында 11 сәби туылған. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты №3 Облыстық перинаталдық орталығына барып, жас босанған аналарды құттықтады.
– Қазақстанда қуанышты жағдай. Себебі Қазақстан Республикасы бойынша адам саны 20 миллионға жетті. Түркістан облысы осы тұрғыда ерекше үлес қосып келеді. Медицинасы дамыған шет мемлекеттерде білімі мен біліктілігін жетілдіріп, тәжирибе жинақтап келген мықты дәрігерлердің арқасында және перзентханада барынша жағдай жасалғандықтан ана мен бала өлімі азайып, өңірде бала туу көрсеткіші жоғары деңгейден көрінуде, – деді Бейсен Дәулетұлы.
Аналар жағдайымен танысқан соң облыс әкімінің орынбасары ақ халатты абзал жандармен кездесті. Еркін форматта сауалдар қойылып, пікір алмасты, сондай-ақ өтініштері пен ұсыныстарын тыңдады.
№3 Облыстық перинаталдық орталығында 2022 жылы жалпы 10488 ана босанған. Үшемдер саны – 3, егіздер – 141-ге жеткен. №3 Облыстық перинаталық орталықта өңірлендіру аймақтары, атап айтқанда, Кентау қаласы, Созақ, Отырар, Сауран ауданынан келіп босанған әйелдер 34,8% құрады. 2023 жылдың 10 айлық есебіне тоқталсақ, 8558 ана босанған. Үшемдер саны – 2, егіздер – 112-ге жеткен. Орталықта Түркістанға жақын маңдағы аудан-қалалардан келіп босанған әйелдер үлесі мол.
Айта кетейік, 1991 жылы Қазақстанда халық саны 16,4 млн болған. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3% өсті. Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны – Түркістан облысының Жетісай ауданында дүниеге келді. 35 жастағы Гүлмира Ізтілеуова Асықата ауруханасында Әлімхан есімді сәбиді дүниеге әкелді. Бұл Шакеновтер отбасындағы төртінші бала. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, құттықтады. Алдағы уақытта да өңір тұрғындарының денсаулығын жақсарту, ана мен баланың жағдайын жасау бағытында жұмыстар қарқынды жүзеге аспақ.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ШЫҒАРАТЫН КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУҒА ИЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 20 МИЛЛИОНЫНШЫ ТҰРҒЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
9
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
364
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.