ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ШЫҒАРАТЫН КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУҒА ИЕ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ШЫҒАРАТЫН КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУҒА ИЕ

20.11.2023
Жаңалықтар
0
ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ШЫҒАРАТЫН КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУҒА ИЕ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Кәсіпкерліктің қарқынды дамуы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына сеп болып отыр. Жаңа жұмыс орындары, ішкі нарықты қамтамасыз ету кәсіпкерлікті қолдау айрықша маңызға ие. Осы тұрғыда ауданда БАҚ өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік нысандарға баспасөз-туры өтті.
Тілшілер алдымен Манкент ауылдық округіндегі жаңадан ашылған «Өзге» спорт кешенінің жұмысымен танысты. Аталған нысанның құны 770,0 млн.теңгені құрайды. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мемлекеттен 170,0 млн.тнг көлемінде қолдау көрсетілген. Спорт кешені бүгінде 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде.
Жалпы Сайрам – шағын және орта кәсіпкерлігі дамыған аудан. Кәсіпкерліктің басым бөлігі ауыл шаруашылығы бағытында болса, одан бөлек сауда және қызмет көрсету салаларын қамтиды. Бүгінде жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 25,4%-ға артып, 21 701 бірлікті құрады. Оның 53%-ы жеке кәсіпкерлер. Олар аудан экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.
Мұнан соң журналистер аудан орталығы Ақсукент ауылдық округінің жетекші кәсіпорындарын аралады. Солардың бірі газоблокпен бетон бұйымдарының барлық түрін өндіретін «ECO-BUILDING GROUP» ЖШС. Бұл мекеме жылына 150 мың текше метр өнім өндіреді. Жобаның жалпы құны — 1 026,3 млн.теңгені құрап, 62 адам жұмыс істеуде. Кәсіпкерлік нысан – Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарына өнімдерін өткізуде.
БАҚ өкілдері барған Ақсукент елді мекеніндегі екінші нысан — «TURKISTAN май» сауда белгісімен күнбағыс майын өндіретін кәсіпорын. Аталған кәсіпорын жылына 1200 тонна май өндіреді. Бүгінде 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның құны: 435,0 млн.теңгені құрайды. Өткізу нарығы 70% Қазақстан, 30% Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдеріне экспортталады. Сонымен қатар, тілшілер аудандағы ірі көлемде 60 мың тонна құрама жем өндіруге қауқарлы зауыттың жұмысымен танысты. «ЖК Абдукадиров» тұрақты 20 адамды жұмыспен қамтып отыр.Жобаның құны: 600,0 млн тнг. Бүгінде 30% Өзбекстанға экспортталады екен.
Өздеріңізге белгілі, Президентіміз ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Биыл «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылып, жобаның мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Сайрам ауданынан бұл жобаға 4 ауылдық округтері еніп отыр Ақбұлақ, Жібек жолы, Қайнарбұлақ, Көлкент ауылдық округтері.
Аталған төрт ауылдық округі бойынша жоба аясында жалпы 266 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 1,2 млрд.теңгені құрайтын 234 азаматтың жобасы дайындалып, «Ырыс» МҚҰ-на ұсынылған. Соның 189 жобасы (1,1 млрд. теңге) мақұлданып, оның 132 жобасы (757,6 млн. теңге) нақты қаржыландырылды.
Осыған орай, журналистер «Ауыл аманаты» жобасы аясында бизнес ашқан фермермен кездесті. Көлкент ауылының кәсіпкері Темірхан Сәрсенов ұлттық жоба аясында 5 млн. 600 мың теңге көлемінде 2.5% несие алған. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкер 80 бас ірі қара мал сатып алып, қой санын көбейтуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, журналистер тіс емханасына бас сұқты. Көлкенттік тіс дәрігері Маружон Имамов кәсіпкерлік бағытта 7 100 000 теңге көлемінде ұлттық жобая аясында несие рәсімдеген. Кәсіпкер қаржыға стоматология жабдықтарын қосымша кеңейту мақсатында алып отыр.
Шара аясында БАҚ өкілдеріне Қарабұлақ ауылдық округіндегі бұзылған «қызыл сызықтағы» нысандар көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, аудан әкімі Арман Сәбитовтың тапсырмасы бойынша Қарабұлақ ауылдық округінде заңсыз салынған 17 нысан анықталды. Бүгін олардың 3-і сүрілді, ал қалған 14 нысан иелеріне 20 қазанға дейін бұзуға уақыт берілген болатын. Егер кәсіпкерлер «қызыл сызықта» орналасқан ғимараттарды өз еркімен бұзбаған жағдайда, іс сотқа өтеді және кәсіпкер 1.5 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Баспасөз-турының соңында журналистер Қасымбек Датқа ауылындағы «Қайып ата» ЖШС барды. Бұл ет өнімдерін өңдейтін цех 2016 жылы іске қосылған. Жылына 6000 тонн ет өнімдерін өндіреді. Қазір мұнда 45 адам жұмыспен қамтылған. Өнімдер Ресей және Өзбекістан елдеріне экспортталады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САЙРАМ АУДАНЫНДА «TURKISTAN» БРЕНДІМЕН КҮНБАҒЫС МАЙЫ ӨНДІРІЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 45594 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.