ТҮРКІСТАНДА БЕКЖІГІТ СЕРДӘЛІНІҢ «АУЫЛ ЖАТЫР ТОЙ ЖАСАП» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

ТҮРКІСТАНДА БЕКЖІГІТ СЕРДӘЛІНІҢ «АУЫЛ ЖАТЫР ТОЙ ЖАСАП» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

21.11.2023
Руханият
0
ТҮРКІСТАНДА БЕКЖІГІТ СЕРДӘЛІНІҢ «АУЫЛ ЖАТЫР ТОЙ ЖАСАП» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Түркістанда облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Жастар сыйлығының иегері, Түркістан мен Кентау қаласының және Сауран ауданының құрметті азаматы, композитор Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық өнер жолына 40 жыл толуына орай Бекжігіт Сердәлінің «Ауыл жатыр той жасап» атты шығармашылық концерті өтті. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, кеш иесін құттықтады.
– Тарихи шаһардың жаңа ғасырдағы жылнамасын жазуға атсалысып, осы өлкенің рухани-мәдени әлеуетін арттыру жолында жан аямай еңбектеніп жүрген өнер майталмандары аз емес. Сол тұлғалардың қатарында Бекжігіт ағаның орны ерекше. Тарихи өлке Сауран ауданындағы Үлгілі ауылында дүниеге келіп, өмірі де, өнері де өзгеге үлгі боларлықтай ғұмыр кешіп келе жатқан ағамыздың шығармашылық кеші құтты болсын. Жарты ғасырға жуық ғұмырын өнерге арнап, сол уақыттан бері бірнеше буынның жатқа айтар әндерін жарыққа шығарды. Қасиетті қаланың әнұраны ретінде әспеттелетін «Түркістаным – Тұраным» әні туған топырағына деген шексіз сүйіспеншіліктің үлгісіндей. Шығармашылық жолынан бөлек, ақпарат саласында да өзіндік қолтаңбасы бар ағамыз әлі күнге дейін шәкірт тәрбиелеп, талай буынның бағыт сілтер бағдарына айналып келеді. Сіздің қазақ өнеріне, Түркістан руханиятына береріңіз мол. Елдің игілігі жолындағы барлық бастамаңыз жемісті болсын, – деген облыс әкімінің орынбасары кеш иесіне құрмет көрсетіп, өңір басшысы Дархан Сатыбалдының атынан құттықтау хат табыстады.
Қала әкімінің орынбасары, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры, қалалық мәслихат төрағасы да сөз алып, Бекжігіт Сердәліге сый-сияпат жасады. Мерекелік кеш барысында Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов, Ардақ Балажанова, Шакизада, Гүлнұр Оразымбетова, Абылайхан Оспанов, «Созақ триосы», «Turan Boys» тобы, «Дихан мен Ақбикеш» дуэті өнер көрсетіп, түркістандық көрерменге шабыт сыйлады. Сонымен қатар композитордың бірге оқыған достары, өнердегі және өмірдегі әріптестері, туыстары мен шәкіртері де кешке қатысып, ізгі лебізін қошеметпен білдірді.
Айта кетейік, Бекжігіт Сердәлінің қазақ жастары қосыла шырқап, махаббаттарын баян етіп, отау құрған ғашық жандардың өлмес әніне айналған «Жас жұбайлар», сондай-ақ «Неге, неге», «Ризамын», «Ауыл жатыр той жасап», «Бір өзің деп», «Ару қыздар», «Келіп кет қалқам», «Сені іздегем», «Текемет», «Кінәлама», «Асыл жарға», «Қош аман бол» сияқты әндері мен «Түркістан кеші» инструментальды композициясы шоқтығы биік туындылар қатарында.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

РУХАНИЯТ МУЗЕЙІНДЕ ОРАЛХАН БӨКЕЙГЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА ТІЛ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Руханият

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

13.09.2024
14
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
98
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
31
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»
Руханият

ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»

07.12.2023
31

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.