Отбасы – қоғамның басты құндылығы — Төрттаған
Среда, 18 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Отбасы – қоғамның басты құндылығы

25.09.2023
Қоғам
0
Отбасы – қоғамның басты құндылығы

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

Отбасының қазығы, алтын діңгегі – бала. Адам ұрпағымен мәңгі жасайды. Баланың саналы, тәрбиелі, ақылды болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Шаңырақтың әрбір мүшесі бір-бірімен сөйлесіп, түсінісе отырып қарым-қатынас жасауы өскелең ұрпақтың білімпаз болып қалыптасуына жол ашады. Психологтар бұл пікірмен келісе отырып, отбасыдағы жақын адамдардың өзара береке-бірлікте, сүйіспеншілік пен махаббатта  араласуы, баланың өз-өзіне сенімділігін тудырып, аяғын шалыс басудан сақтайтынын айтады. Дегенмен, кейінгі кезде отбасыдағы зорлық-зомбылық толастамай тұрғаны жасырын емес. Ата-ана бала тәрбиесінде қамқоршы, қолдаушы болудың орнына, керісінше, оларды ұрып-соғып, қоғамнан аластатып отыр. «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген сөзді бүгінгі кейбір ата-аналар қаперлеріне де алмайтын секілді. Үлкендердің кешірілмес қателігінен балалардың психикасы бұзылып, болашақ қылмыскерлердің қатарын көбейтпесіне кім кепіл?! Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның басты құндылығы. Туған үйдің жылуы жеткіншектердің көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, оның жанашыр азамат болып өсуіне игі әсерін тигізеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында «Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді… Үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану.

Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз.

Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін.

Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе» деген болатын.

Расында, еліміздегі демографиялық ахуал жыл санап жоғарылап келеді. Туу көрсеткіші біздің өңірде алдыңғы  орында екенін  қуанышпен айта аламыз. Алайда, баланы дүниеге әкелу бар да, оны өсіріп-бағып, тәрбиелеу жұмысын да ұмытпауымыз керек. Әке – әулет басшысы, отбасының тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Жалпы, ұл тәрбиесінде әкенің алар орны ерекше. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Баласы жақсы, өнегелі азаматты ел «оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой» деп мадақтайды. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер, шүкір, қазір де баршылық.

Сондай-ақ, қазақ қоғамында бала тәрбиелеу ісінде әйелдердің, яғни ананың да орны ерекше. Тарихқа үңілгенде байқағанымыз, Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда,  қазақ қыз-келіншектері анағұрлым еркін болған. Олар жүздерін жамылғылармен бүркемей-ақ ибалы да иманды өмір сүрген. Отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдауды қазақ әйелдері басты міндетім деп санаған. Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмір тәжірибелерін бөлісіп, болашақ  үлкен өмірге дайындаған. Ағайынгершілік, туыстық қарым-қатынасты дамыта отырып, абысын-ажындық өзара түсіністікте өмір сүруге бейімделген. «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп» деген мақал бекер айтылмаса керек.

Өкінішке қарай, бүгінгі күні  көптеген жас отбасыларда   өзара  түсініспеушілік, әйелді кемсітушілік, отбасын сақтауға жауапкершілік пен ықыластың төмендігі, керек десеңіз, қатыгездік  сияқты келеңсіздіктердің  орын алуы белең алып барады. Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамыр жаюына отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек. Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағлымды эпизод бар. «…Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып сәлем бер!» дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов бұл мысалды халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық. Міне, мықты тәрбие, міне, шын өнеге!

Ата-ана бір-бірінің қадір-қасиетін ардақтап, беделін өсіруі, араларындағы өкпе-наз, кикілжіңді жеңе білуі, ондай жағдай туа қалса, оны балалардан оңашада, екеуара шешіп отыруы – шынайы инабаттылық, әдептілік.

Отбасы жылуы бала бойындағы қабілетті де оятады. Осыны ұмытпайық.

Г.ТАЙТЕЛИЕВА,

«Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕЛЕС: ӨНДІРІЛГЕН АУМАҚТЫҚ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН 119,3 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ОН ЖЕТІ ЖАСЫНДА АҒА ШОПАН АТАНҒАН

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

13.06.2025
3
АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 
Қоғам

АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

12.06.2025
3
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК

11.06.2025
3
Сарыағаш: «Отбасы- қоғамның іргетасы» атты семинар-тренинг өтті
Қоғам

Сарыағаш: «Отбасы- қоғамның іргетасы» атты семинар-тренинг өтті

11.06.2025
3
Түркістан облысында есірткіге қарсы бағытталған кең ауқымды ақпараттық акция өтті
Қоғам

Түркістан облысында есірткіге қарсы бағытталған кең ауқымды ақпараттық акция өтті

11.06.2025
2
“Жастарға арналған қолжетімді баспана” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті
Қоғам

“Жастарға арналған қолжетімді баспана” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті

11.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.