Мақтааралымызбен мақтанатын болдық — Төрттаған
Пятница, 10 апреля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Мақтааралымызбен мақтанатын болдық

21.10.2023
Қоғам
0
Мақтааралымызбен мақтанатын болдық

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ел әлеуетін жақсартуға арнаған көптеген игі бастамалар көтерді.
Еліміздегі саяси және экономикалық реформалар  мемлекеттің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын күшейтуге, адами капиталды арттыруға, қоғамдағы азаматтық белсенділікті жандандыруға, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Ең бастысы, Президенттің бастамасымен іске асқан саяси реформалар ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту үдерісіне тың серпін берді. Ол бастамалар азаматтардың белсенділігін арттыруға және олардың елімізді жан-жақты дамыту ісіне атсалысуларына үлкен мүмкіндік беріп отыр.
Ел Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша  Мақтаарал ауданында да көптеген игі істер қолға алынып, ілкімді істер атқарылуда. 2018 жылы маусым айында тарихи әділеттілік салтанат құрып, ауданымыз қайта қалпына келген сәттен бастап дамудың жарқын жолына түсті. Ауданды басқару тәжірибелі, іскер азамат Бақыт  Асановқа сеніп тапсырылды. Бұған дейін ауыл, қала әкімі, көп жылдар бойы аудан әкімінің орынбасары болып қызмет істеп, шыңдалған Б.Асанов жаңа жобаларды қолға алу арқылы өңірді көркейтіп, абаттандыруға күш салды. Қыруар жұмыстардың қолға алынғанын аудан орталығы Мырзакент кентінде атқарылған жұмыстардан-ақ аңғаруға болады. Соңғы төрт-бес жылда кенттің көшелері асфальтталып, аяқжолдар салынып, құрылыс жұмыстары қарқын алды. Көп жыл бойы қараусыз қалып, тозығы жеткен кенттің орталық алаңы түгелдей жаңарып, абаттанды. Мұнда «Жастар гүлзары» ашылды, субұрқақ іске қосылды. Аудан әкімдігі, аудандық мәслихат, орталық кітапхана ғимараттары қайта жаңғырып, сәулеттене түсті. ҰОС ардагерлеріне тағзым жасайтын орын ретінде салынған «Мәңгілік алау» ескерткіші де қайта жөнделді. Кенттегі Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтті. Орталық саябақ жаңғырды. Әкімдіктің дербес бөлімдері үшін үш қабатты кеңсе, аудандық прокуратура ғимараттары салынды.
Бүгінгі күні ауданда 12 әлеуметтік нысан құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 5 жалпы орта мектеп, 2 Мәдениет үйі мен кітапхана, Спорт сарайы т.б. құрылыстар бар. Кенттің орталығы заман талабына сай жаңара түсті. Инфрақұрылымды дамыту мақсатында ауыз су, газ жүйелерін жаңарту бағытында тиянақты жұмыстар атқарылды. Бүгінде ауданда 69 елді мекен 97,1 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.  36 елді мекен «көгілдір отынның» рахатын көріп отыр. Биыл Иіржар ауылдық округінде 9 ауылға табиғи газ кіргізілді.
Ауылды түлету, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында қолға алынған игі істер әлі де жалғасын табады деп ойлаймыз. Әділетті, Жаңа Қазақстанды орнату үшін ұйымдаса еңбек етіп, ауданымызды көркейтіп, дамытуға өз үлесімізді қоса берейік дегім келеді.
Н.ТҰРАШЕВ, еңбек ардагері,
Мақтаарал ауданының құрметті азаматы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Өзгерісті санасы сергек қоғам жасайды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

10.03.2026
8
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

10.03.2026
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ

10.03.2026
7
ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ

08.03.2026
4
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
455

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
392
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
285
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
216

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.