Ауыз судан тапшылық болмайды — Төрттаған
Вторник, 4 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ауыз судан тапшылық болмайды

22.10.2023
Қоғам
0
Ауыз судан тапшылық болмайды

READ ALSO

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында да бірқатар өзекті мәселелерді орынды көтерді. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту, халыққа қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды жақсарту бойынша біршама тапсырмалар берді. Еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінде мүмкіндік мол екеніне тоқталған Мемлекет басшысы бұл салаға нақты серпіліс керек екенін ескертті. Шын мәнінде де, біздің елде ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті зор.
Жолдауда айтылғандай, тіршілік көзін тиімді пайдаланудың маңызы зор. «Су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өсіп келеді. Бұл – жақсы жаңалық. Біздің міндет – халықтың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау. Ауыл-аймақтарда көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Халықтың таза ауыз сумен қамтылуын, табиғи газ тұтынуын, заман талабына сай жақсы жолмен жүруін қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінде көптеген жұмыстар атқарылды, алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасатын болады. Ол үшін жергілікті әкімдікке мүмкіндіктер жасалады»  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы айтқандай, ауыл-елді абаттандыру жұмыстары бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Бұл жұмыстар біздің Жетісай ауданында да атқарылып жатқанын аңғару қиын емес.
Аудан тұрғындарын қажетті мөлшерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасымен атқарылып жатқан жұмыстардың бірі – жалпы құны 3 млрд. 109 млн. теңгені құрайтын Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары болса, екіншісі – сметалық құны 3 млрд. 526 млн. 563 мың теңгені құрайтын Жаңа ауыл ауылдық округіндегі ауыз су жүйелері. Оның ішінде Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атақоныс елді мекендері бар.
Айта кетейік, бүгінде аудандағы  қала, кент және ауылдық округтерге қарасты 112 елді мекеннің (7 елді мекен шалғайда орналасқан) 105-і толығымен орталықтандырылғын ауыз су құбырымен қамтылған. Халық саны бойынша 99,7%-ды құрайды. Аудан бойынша 81,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайдағы 1197 шақырым ауыз су құбыры болса, 83 ауыз су ұңғысы,  85 су мұнарасы, 24 су сақтағыш, санитарлық қорғау аймақтары жұмыс істеп тұр.
Сондай-ақ, ауданда абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.
Бүгінде аудан орталығында жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрайтын коллектордың бойында 172 жеке тұрғын үй мен бірнеше көлік жуу орталықтары орналасқан. Бәрі де сарқынды суларын өздігінен қазып алған арықтар арқылы коллекторға төгеді.
Тұрғындардың денсаулығына алаңдаған аудан басшысы коммуналдық салаға жауапты орынбасары Марат Айнабеков пен сала басшыларына жеке тұрғын үй секторлары мен көлік жуу орындарын орталық кәріз жүйесіне қосуды, арық-атыздардың тазалығын қатаң бақылауда ұстауды тапсырған болатын. Бұл бағытта арнайы жоспар жасалып, тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Коллекторлардың үсті темір-бетон жабындыларымен жабылып, тазалау жұмыстары да қолға алынды. Алдағы уақытта аудан басшысының тапсырмасымен коллектордың маңы абаттандырылмақ.
Жалпы, атқарылған жұмыстар мен алға қойған мақсаттарды саралап, оның болашағын бағдарлау үшін тиісті тапсырмалардың қаншалықты орындалғанын бағамдау арқылы да білуге болады. Осы тұрғыдан алғанда Мемлекет басшысының таяуда Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан да көптеген бағыт-бағдар алуға болатындай. Бір сөзбен айтқанда, Жолдауды жолбасшы ете отырып, ондағы айтылған ұсыныстар мен берілген тапсырмаларды ойдағыдай атқаратын болсақ, біраз белестерді бағындырып, көптеген жетістіктерге жететініміз анық.
Б.МАМБЕТОВ,
Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Бәрі де ел игілігі үшін

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бюджет қаржысы қатаң бақылауда

Оқи отырыңызМақалалар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
10
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

10.09.2025
3
ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

10.09.2025
2
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»
Қоғам

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»

10.09.2025
2
Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
438

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
368
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.