Бәрі де ел игілігі үшін — Төрттаған
Четверг, 9 апреля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Бәрі де ел игілігі үшін

22.10.2023
Қоғам
0
Бәрі де ел игілігі үшін

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Ел  Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына  арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы көптеген өзекті мәселелерді қамтыды.
1 қыркүйек – Білім күні біз мұғалім болғандықтан, бұл Жолдауды мектепте отырып тыңдадық.
Мемлекет басшысы  2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есеге өскенін, зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі беріліп, көптеген азаматтарымыз оның игілігін көргенін айтып өтті. «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 400-ге жуық мектеп салынғандығы, 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны бой көтеріп, халыққа қызмет көрсетіп келе жатқаны,  «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынып, жаңа жылдан бастап әрбір баланың есепшотына қаражат түсе бастайтындығын кезең-кезеңімен баяндады.
Жолдаудағы қарапайым халықтың жүрегіне ең жақын болған тұстарының бірі – 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері  85000 теңгеге көтерілетіні болса керек. Иә, ең төменгі жалақы деңгейі көтерілсе, халықтың тұрмысы жақсара түсері анық.
Қасым-Жомарт  Кемелұлы туризм саласын дамытудың тиімді жолдарына дейін айшықтап айтып берді.  Жолдаудағы: «Еліміздің туристік әлеуетін пайдалану керек. Туризм саласы серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Кең байтақ жерімізде қаншама керемет табиғи аймақтар бар екендігі белгілі. Сондай аймақтарды дамыту – біздің азаматтық парызымыз» деуі бізге бірқатар міндеттер жүктейді. Расында, біздің аудан аумағында да көптеген тарихи, табиғи ескерткіштер бар. Олардың қай-қайсысы да келушілердің көзайымына айналар еді.
«Еліміздегі ауыл, аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдауымыз керек. Ауыл шаруашылығындағы техникалардың басым көпшілігі ескірген. Жыл сайын техникалардың 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Ауыл шаруашылығында заманауи ғылымға сүйену қажет» деген ойлары ауыл шаруаларының көкейіндегісін тап басты деп айта аламын.
Энергетикалық қауіпсіздік мәселесін шешу – өзекті мәселелердің бірі. Қазақстан электр қуатын басқа елден алмауы тиіс. Еліміздегі газ бағасы тұрақтанған. Алдағы жылдары да бұл мәселе өз шешімін табады.
«Елімізде атом электр стансасын салу немесе салмау туралы шешімді республикалық референдум өткізу арқылы анықтайтын боламыз» деді Президент. Әрине, біз мұны Мемлекет басшысының көрегенділігі деп білеміз. Өйткені, ол АЭС салу, салмауды халықтың өзіне салып отыр. Көппен ақылдасып жасаған тірліктің кемшілігі болмайды.
Еліміздегі трансшекаралық су көздерін тиімді пайдалануда көршілес елдермен келісімге келе отырып жүзеге асыратын боламыз. Көлік логистика саласында да бірқатар өзгерістер орын алатын болады. Бұл сала еліміздің экономикасын алға сүйрейтін басты күшке айналады. Транзиттік жол торабында орналасқандығымызды  ескерсек, біз көлік логистика саласы бойынша ірі мемлекетке айналуымыз керек.
Кезекті өткір мәселелердің бірі – Қазақстанды IT мемлекетке айналдыру. Еліміздегі азаматтардың тұрмыс-тіршілігін  жақсарту үшін 2019 жылы 500 мың азаматтың кепілсіз несиелерінің кешірілгенін және жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның қабылдануын айтып өтсек болады.
Президент ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу қажеттілігін де ұмытқан жоқ.  Ол  отандық өнім өндірушілерді қолдау керектігін тағы да баса айтты. Иә, Жолдауда айтылған мәселелердің бәрі ел игілігі үшін көтеріліп отыр.
Иә, отандастар!  Қадіріміз артсын десек, еліміздің ертеңі жарқын болсын десек, ел болашағы үшін бірлесе тірлік етуіміз керек. Ата-бабамыз  «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп бекерге айтпаса керек.
Президент Қасым Жомарт  Тоқаевтың ел халқына арнаған  Жолдауын бірауыздан қолдауға шақырамын. Еліміз әлемдегі үздіктердің қатарынан көріне берсін.
Б.ДАРЖАНОВ,
 Ә.Бектаев атындағы жалпы орта  мектебі география пәнінің мұғалімі.
Қазығұрт ауданы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«ОТБАСЫ БАНК» АРҚЫЛЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ауыз судан тапшылық болмайды

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

10.03.2026
8
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

10.03.2026
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ

10.03.2026
7
ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ

08.03.2026
4
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
455

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
392
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
285
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
216

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.