ORDABASY: КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА — Төрттаған
Четверг, 19 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ORDABASY: КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

07.11.2023
Жаңалықтар
0
ORDABASY: КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау шарасында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудың маңыздылығына тоқталып, өзінің бірінші Жарлығында ауылдарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырған болатын.
Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады.
«Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда әрбір аудан және ауылдық округ әкімдеріне үлкен жауапкершілік пен ізденіс, еңбекқорлық керек. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеріп, кәсіпкерлікті дамытуға арналған жобаның қаражаты тиімді жұмсалуы тиіс.
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті.
Жиынның күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің 10 ай қорытындысымен орындалу барысы, күзгі тал егу жұмыстарына дайындық, «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева өз баяндамасында жыл қорытындысымен орындалмау қаупі бар 3 индикаторға тоқталып, құс етін өңдеу, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемін арттыру, тамақ өндірісі, жылыжай алаңын ұлғайту бойынша статистикалық мәлімет ұсынды.
Аудан әкімі аймақтың экономикалық өсім-көрсеткішіне тікелей әсер ететін кәсіпкерлік, ауыл шаруашылы саласындағы осы уақытқа дейінгі жетістіктермен шектеліп қалмай жұмыс өнімділігін онан ары жоғарылатуды тапсырды.
Мәжілісте аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков күзгі тал егу, көгалдандыру жұмыстары бойынша баяндап, аудан аумағына отырғызылатын көшет түрін, аудан кесіндісінде егілетін орындарды айтып өтті.
Өз кезегінде Азат Әбдіғалиұлы салалық бөлім басшысына, іс-шара жауаптыларына күзгі тал егу шарасында науқаншылдықтан арылып, ауданның климаттық жағдайына сәйкес келетін көшет ағаштарын отырғызуды, әрі оны күтіп баптауды қатаң қадағалауға алатындығын жеткізді.
Сондай-ақ мәжілісте «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша пилоттық жобаға енген Бадам, Қараспан, Бөржар, Шұбар ауылдық округтерінің әкімдері мен салалық бөлім жауаптылары аталған бағдарламаның ауданда орындалу деңгейін баяндады.
Аудан басшысы аталған бағдарламаның өсімдік, мал шаруашылығы бағытындағы жобаларына қатысуда көрсеткіші төмен округ әкімдеріне ескерту жасап, мемлекеттен берілетін қолдауға шаруаларды ұйымдастыруда шақырды.
Аппараттық мәжілісте сонымен қатар ауыл, аймақтың тазалығы да айтылып, аудан басшысы жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
5
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
6
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
6
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
6
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.