Түркістанда «Шахмат керуені» жобасының жеңімпазы анықталды. Ол — 12 жастағы алматылық Нұрмұхаммед Қабиназар. Еліміздің болашақ мақтанышы бүгінгі жарыста үздік танылып 5 млн теңге сыйақыға қол жеткізді!
Ал астаналық Борис Черкасов екінші орынды иеленіп, 2,5 млн теңгені қанжығалады. Үшінші сатыға тұрақтаған павлодарлық 12 жасар Ахмет Сүлеймен 1 млн теңгені еншіледі. Сонымен қатар 4-орын алған шымкенттік Мұхтар Айнақұл 500 мың теңге, 5-орын алған қарағандылық Мадияр Алтынбекұлы 300 мың теңге, 6-орын алған астаналық Әнуар Тоқбаев 150 мың теңге сыйақыға ие болды.
Айта кетейік, шахматтың гранд финалына еліміздің 18 аймағынан 60 ойыншы қатысқан болатын.