Облыс орталығына ең жақын орналасқан Кентау қаласы Түркістанмен бірге дамуда. Кенді өңірде ауыл шаруашылығына баса назар аударылып, қазіргі таңда мұнда өндіріспен ауыл шаруашылығы қатар өркендеу үстінде. Жалпы шаһарда барлық сала бойынша алға жылжу байқалады. Біз соның ішінде мәдениет саласы жайлы толығырақ айтуды жөн көріп отырмыз.
Жан басына қаржыландырылатын үйірмелер ашыла бастады
Кентау қаласы және оған қарасты ауылдарда қалалық қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне бағыныстағы 5 клубтық мекеме (қалалық мәдениет сарайы -1, ауылдық клубтар -4), 10 кітапхана (оның ішінде 6 қалалық, 4 ауылдық) халыққа мәдени қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, бүгінде қалада халық саны 99 793 адамды (қала халқы – 74725 адам, ауыл халқы — 25068 адам) құрады. Шаһар 52,7 мың гектар аумақты алып жатыр. Қаланың құрамына 4 ауыл кіреді. Қаланың ұлттық құрамы: қазақтар – 56,9%, өзбектер – 39,7%, орыстар – 2% және өзге ұлттар – 1,4%.Әлеуметтік сала мамандары жалпы халықтың 37,4 мыңы экономикалық жағынан алғанда белсенді екенін айтады. Оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 35,4 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,7 пайызды құрады.
Кентау қаласы және оған қарасты ауылдардағы клубтық мекемелерде материалдық базаны нығайту мақсатында ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 1800,0 мың теңгеге киіз үйге қажетті жабдықтар, 8440,6 мың теңгеге қалалық мәдениет сарайына музыкалық құрылғылар, 850,0 мың теңгеге шырша, 2639,0 мың теңгеге музыкалық құрылғылар, 890,0 мың теңгеге перде (жалюзи), 6800,0 мың теңгеге ауылдық клубтарға музыкалық аппаратура сатып алынды. 2023 жылдың 8 айында жалпы өткізілген іс-шаралар саны – 237. Оның ішіндемәдениет сарайында 75 ауылдық клубтарда 162 іс-шара ұйымдастырылды. Шілде айының 28-30 аралығында облыс көлемінде өткен «Өнерлі өлке» байқауы аясында Кентау қаласының Түркістандағы мәдениет күндері ұйымдастырылды.
Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында 7 мәдени құрылым, қатысушылар саны – 147, ал оған қарасты 4 ауыл клубында 9 мәдени құрылым, қатысушылар саны –124. Барлығы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы және ауыл клубтарында 16 үйірме жұмыс істейді. Оған 271 адам қатысады (оның ішінде би үйірмелері – 5, вокал үйірмелері – 4, драма және көркемсөз – 4, домбыра -1, гитара -1 және хор -1).Сонымен қатар, «Халықтық» атағы бар 2 көркемөнерпаз ұжымы бар. Атап айтқанда, «Шапалақ» халықтық драма ұжымы, «Рапсодия» халықтық би ансамблі жұмыс істейді.
Жан басына шаққанда қаржыландыратын шығармашылықты дамытуға арналған 7 жеке кәсіпкердің (3 Кентау қаласында, 3 Қарнақ ауылында, 1 Хантағы ауылында) орталықтарында 22 үйірме іске қосылған. Атап айтсақ, 2 заманауи би, 2 шешендік өнер, 1 домбыра, 3 киімдер пішу тігу, 1 поэзия, 1 кескіндеме-сурет, 2 визаж, грим, 2 зергерлік өнер, 5 ұлттық би, 1 вокалды ансамбль, 2 шеберлік (бисер тоқу) үйірмелері жұмыс істейді.
«Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында штаттық кесте бойынша жергілікті бюджеттен 50,5 бірлік штат бекітілген. Оның ішінде 37 штаттық бірлік Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайына, 13,5 штат 4 ауылдық клубқа тиесілі.Мәдениет сарайы қызметкерлері және үйірме қатысушылары 2023 жыл басынан бері бірқатар белестерді бағындырды.
Айталық, аймақтық «Жас Толқын» жас эстрадалық әншілер және іс-шара жүргізушілері байқауынан Бертай Артықбай қатысып, ІІ орын алды, облыстық Қазығұрт ауданында өткен сатира саңлағы режисер, киноактер Тілеу Аханбевтың 75 жылдығына арналған «Шынайы күлкі шыңдалуға жақсы» атты облыстық әзіл-сықақшылар байқауынан «Шапалақ» драма театры Бас жүлдені иеленді. Мағжан Жұмабаевтың туылғанына 130 жыл толуына орай, «Ер Түріктің бесігі-Түркістан» атты Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа айту бойынша,оқушылар арасындағы облыстық онлайн байқаудан Қожақова Сағыныш I орын иеленді. Арыс қаласында өткен Облыстық «Балдәурен-2023» ән байқауынан жас әнші Жақсылық Айбек II орынды иеленді. Облыстық «Бал таңдай» өнер фестивалінен «Менің туған жерім» суретшілер байқауынан Оразбек Гүлсезім ІІ орынды, облыстық «Бал таңдай» өнер фестивалінен «Кел, билейік!» би өнері байқауынан «Рапсодия» халықтық би ұжымы ІІІ орынды иеленді.
Кентауда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 10 кітапхананың 4-і ауылдық жерлерде, 6 кітапхана қала аумағында орналасқан. Жалпы жүйе бойынша барлық қызметкерлер саны -31. 10 кітапхананың 4-і (орталық кітапхана, орталық балалар кітапханасы, №6 кітапхана филиалы, Байылдыр ауылдық №5кітапханасы) комьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп, оның 3-і интернетке (орталық кітапхана, орталық балалар кітапханасы, №6 кітапхана-филиалы) қосылған, 6 кітапхана компьютерлік техникамен қамтамасыз етілмеген.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде бүгінде дейін 290 іс-шара өтті. Оқырмандар саны –6846, кітап берілімі – 131254. Келушілер саны – 64908.
Сала мамандарының мәлімдеуінше, кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры отандық және әлемдік классикалық туындылармен, қазіргі заманғы жазушылардың кітаптарымен, мерзімді басылымдармен толықтырылды. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде кітап қоры 2023 жыл бойынша 287988 дананы құрайды. Кітап сатып алуға жергілікті бюджеттен 2023 жылға 700,0 мың теңге қаржы қаралды.
Кентау қалалық балалар кітапханасы ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2023 жылға қаржы қаралып, конкурстық құны 6889,0 мың теңгеге мердігер «Альсат» ЖШС мен арасында келісімшарт жасалды. Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 26.07.2023 жылғы акт негізінде қабылданды.
Көшелердің атауын өзгерту және заңдастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде
Қалада мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрететін «ТілАshar» клубы бар. Орталықтың әлеуметтік желісіне жоспарға сәйкес клуб жұмысының есептік видеороликтері мен фотосуреттері салынып тұрады. Клубқа қатысушыларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындары туралы ақпарат беріліп, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріледі. Ағылшын тілінен жеміс-жидек, мамандық атаулары, саяхат және спорт, т.б. түрлі салаға қатысты сөздермен танысады. Клубқа қатысушылар облыстық және қалалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Мәселен, облыс деңгейінде ұйымдастырылған «Мен қазақша сөйлеймін» онлайн акциясына Кентау қаласынан 17 үміткер қатысты. Қарнақ жалпы орта мектебінен Нажимова Зарина Бас жүлдені жеңіп алса, Эркинова Чарос 1 орын иегері атанды. Ал, Анварова Роза номинацияға ие болды.
Облыстық басқарманың ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл — менің тілім» атты байқауда М.Қашғари атындағы жалпы орта мектеп лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Сайдуллаева НасибаIII орын иегері атанды. Ал, «Үздік оқыту үлгісі» атты байқауда қалалық тілдерді оқыту және дамыту орталығының қазақ тілі пәні мұғалімі Асханова Жайсанкүл Iорыннан көрінді. «Бала шақтан болашаққа — ана тілімен» атты сайыста Кентау қаласының бүлдіршіні Асқар Қасиетке IIIорын бұйырды.
Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкестендіру бойынша түсіндіру жұмыстарын да ұйымдастырып келеді. Жергілікті БАҚ-та, әлеуметтік желілерде кәсіпкерлік нысан иелеріне үндеу ретінде мақалалар жарияланды. Жыл басынан бері 13 рет түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.