ҰЛТТЫҚ КИІМДІ ЖИІ КИІП ЖҮРМІЗ БЕ? — Төрттаған
Четверг, 22 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ҰЛТТЫҚ КИІМДІ ЖИІ КИІП ЖҮРМІЗ БЕ?

07.11.2023
Қоғам
0
ҰЛТТЫҚ КИІМДІ ЖИІ КИІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Кейінгі уақытта ұлттық киімдерге деген сұраныстың артқаны ерекше аңғарылады. Тек Наурыз мерекесінде ғана емес, тойларда да жаппай қазақтың ұлттық оюлы шапандары мен камзолдарын кию әдемі үрдіске айналды. Ал той иелерінің отбасымен бірдей етіп ұлттық киіммен шығуы тойдың сәні мен мәнін келтіргендей.

Рас, қазақ қыз-келіншектерінің киімге деген талғамы соңғы 5 жылда айтарлықтай өзгерді. Батыстық сәннен жалыққан болуы керек, қазір қолдан тігілген және ұлттық киімдерге, бас киімдерге тапсырыс көбейді. Оның үстіне биыл Түркістан облысында әз-Наурыз мерекесі он күн бойы атап өтілмек, соған орай әр күнге түрлі іс-шаралар жоспарланғаны белгілі. Осы орайда алдағы мерекелік күндерге дайындықтың киімнен басталатынын біліп, халықтың ұлттық киімге деген көзқарасын, ойын білмекке алдымен базарға барып қайттық.

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Ұлттық киім сататын сауда нүктелерінде халық әдеттегіден көп жиналған. Тіпті мұндай нөпір ешқашан болмаған деуге болады.

Ұлттық киімдеріміздің ұмытылмай, қайта жаңғырып жатқанына, халықтың мерекелік көңіл-күйіне сырттай қызығып бақылай тұруға тура келді. Мектеп оқушылары топтасып, бірдей нақыштағы киімдерді шуласа алып жатса, балабақшаға баратын бүлдіршіндердің ата-аналары да қалысар емес. Бағасына келсек, 4-5-6 жасар ұл-қыздарға арналған қазақша көйлек, камзолдарды бас киімімен 7 мың теңгеден бастап алуға болады. Жалға алу жолдары да қарастырылған. Ер азаматтардың қазақтың ою-өрнегі басылған барқыт костюмдері қолдан қолға тимей тұр. Олар 10-12 мың аралығында сатылуда. Кейінгі кездері көпшілікті этностильдегі камзолдар өте қызықтыруда. Олар да сапасына қарай түрлі бағада. Бішкектен әкелген түрлері 15 мыңнан басталса, Түркиялық материалдардан тігілген көздің жауын алар қамзолдар 50-60 мыңның айналасында. Бағасына қарай сапасын да бірден ажырата білетін тұтынушының талғамы бүгінде өте жоғары. Қымбат болса да ерекше сәнді киінгісі келетін адамдар қажет болғандықтан қымбатсынып тұрған жоқ. Әрі дүкендерде бөліп төлеудің қолайлы жүйелері енгізілген. Сонымен саудасы қызып, ары-бері мойын бұруға мұршасы жоқ сатушыны әзер дегенде сөзге тарттық. Биылғы саудасы жайлы сұрадық, «Өздеріңіз көріп тұрғандай, биыл сауда керемет. Барлық мекемелердің қазақша киім киюді міндеттегені бізге жақсы болды (күліп). Оның үстіне Рамазан айына дейін қыз ұзату, беташар тойлары да көптеп өтуіне байланысты, келінге, жанындағы абысындарына, той қонақтарына кигізетін қамзол-шапандардың саудасы жүріп тұр. Десе де осы 1-2 айда ғана сауда жасап қаламыз, қалған айда бірқалыпты тұрады» деп жауап берді Марат есімді сатушы.

Иә, оқушылар мен мұғалімдердің жаппай бірдей етіп алып жатқан себебі, қаламыздың біршама мектептерінде ұлттық киім киіп жүрудің бір апталық челлендждері басталды. Бұл әдемі дәстүрді қаламыздағы Ататүрік, Ғ.Мұратбаев т.б. мектептері бастады.

Қаламызда этностильдегі киімдер кию жаппай белең алуда. Қыз-келіншектер тапсырыс беріп, өздері қалағандай етіп тіктіруде. Қазіргі таңда барша сәнқой жандардың көңілінен шығып, ұлттық киімдерімізді заманауи үлгіде ұсынып жатқан дизайнер, «Бикеш» сән үйінің иесі Шарбану Дурманқызын әңгімеге тартқан едік.

«Ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, шеберлеріміздің қол еңбегі бағаланып жатқан кез де келгендей. Шүкір дейін, биыл ақпан айынан бастап тапсырыстар түсіп, тіпті үлгере алмағаннан, қосымша тігінші қыздар алдық. Былтыр 3 тігінші қыз болса, тапсырыстың көбеюіне байланысты қазір 7 тігіншіміз бар. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі салынған киімдердің, ұлттық нақыштағы әшекейлі бұйымдардың сәнге айналғаны көңіл қуантуда. Бүгінде талғамы жоғары тапсырысшыларымыз сапаға аса назар аударады. Клиенттердің ойынан шығу үшін ұшқыр қиялға ерік беріп, ізденуге тура келеді. Қазіргі таңда асыл тастармен, әшекеймен көмкерілген түрлі камзол, шапан, кәжекей, кеудеше, белдемше сияқты сырт киімдерді, әшекейленген тақияларды тігіп жатыр-мыз. Олардың матасына, қосып тігілген бұйымдарына қарай бағасы әртүрлі. Ер-лердің ұзын шапандары 25 мыңнан бас-талса, матасы Түркиядан алынған тас-тары қымбат әсем шапандар 75 мыңға дейін сатылымда. Тапсырыстар облы-сымыздан ғана емес, еліміздің түрлі аймағынан, Ресейден де келіп түсуде.

Ұлттық болмысымыздан сыр шерте-тін ұлттық киімдерді, бұйымдарды жылына бір рет Наурыз мерекесінде ғана киіп, тақпай, ұдайы киіп жүрсек, күнделікті тұтынса қандай жарасымды болар еді», деген ізгі ниетін білдірді.

Расында, игі дәстүр жалғасын тауып ұлттық киімдерді үзбей кию әдетке айналса тамаша емес пе? Осы орайда, Наурызда ғана емес, барлық жиындар мен кездесулерге қазақша камзолын мақтанышпен киіп келетін апайлардың бірі, зейнеткер ұстаз Несіпкүл Өтебаева былай дейді: «Ең әдемі киім – ұлтымыздың киімі. Ұлттық нақыштағы киімді жандандыру әрқайсымыздың парызымыз. Өзімізден бастап, ұлттық киімді насихаттап, үстімізден тастамай киіп жүргеніміз абзал.Ұлттық киімдерді тойларда той иелері кию үрдісі – жақ-сылықтың нышаны. Ежелден қалып-тасқан ұлттық киімдеріміз ұлттық брендке айналып, жас буын да қолдап, жалғасын таба берсін дегім келеді».

Иә, бұрындары қадірлі қонақты, ел ағаларын сыйлап иығына шапан жауып, ілтипатын білдіретін, бірақ ол шапан-шақпыт сандықтың түбінде жылдап жатушы еді. Құдалық-тойларды айналып апаларымыздың «сөмке-айналымында» жүретін құнсыздау дүние еді. Бүгінде талғам да, ұлттық сана да өзгергенін аңғарғандаймыз. Ұлттық киімдердің кең қолданысқа еніп келе жатқаны қуантады. Олардың гардеробымыздағы ең қажет, ең қымбат, ең мағыналы да әдемі киімдеріміздің біріне айнала берсе екен.

Н.ИМАНҚҰЛОВА.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫҢ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
10
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.